|  |  |  | 

Тұлғалар Қазақ хандығына 550 жыл Қазақ шежіресі

Ер Жабай (Абақ Керей) бабаның жатқан жері табылыпты. 

Jabai batyrСламбек Жумагали

Бұл үлкен қуаныш! Ұрпақтары үшін үлкен өнеге, рухани азық. Атақты Абылайдың ақ туын ұстаған, әрі тәлімгер ұстазы, ерлік және теңдессіз батырлығымен көзге түсіп, жыраулар мен ақындардың уытты сөзіне арқау болған Ер Жабай батырдың жерленген жерінің табылуы қазақ тарихы үшін демаңызды. Ұрпақтары тынымсыз ізденіп, қазақтың алып тұлғасының жерленген жерін соноу Қостанай өңіріндегі Атбасар маңынан тауып, сүйінші сұраған жылы хабар естідік. Талай ғасырлар бойы тарих қойнауында құпия болып қалған Жабай бабамыздың қайта тарих бетіне оралып, ұрпағымен қауышуы “Рухани жаңғырудың” жемісі. Әлбетте, әлі де қазақтың қаншама баһадүр батырлары мен ел бастаған көсемдері, сөз бастаған шешендері белгісіз күйінде қалып отыр? Бұл да ішке түскен “жылым құрттай” саясаттың салқыны болғаны ақиқат. Қазақтың басына небір зобалаң шақ туып, бабаларым қайда тентіремеді. Бірі итжеккенге айдалса, енді бірі “итішпестің Алакөлі” дегендей, тентіреп шет ел асты. Әлі де шекараның әр жағында екі көздері мөлдіреп, жүректері елжіреп, Қазақстанға сүзіле қарайтындары қанша ма? Тәуелсіздік алғаннан кейін “елге ел қосылса құт” дегендей, ата-бабаларының атының тұяғының ізі қалған қазақ даласына көштің басын ата қонысқа бұрды. Әншейінде “жыланның басына ақ құйып шығаратын” кей қазақтар сол қандастарымызға кірпідей жиырылып, жат бауырлық танытып, үкілеп “Оралман” деген ат таңды. Онымен қоймай мұрындарын шүйіріп, намысына тиіп “моңғол, қытай, өзбек, сарт т. б.” деп төмендетті. Ниеттің бұзылғаны осы емес пе? “Елім, жерім, өз қазағым” деп келген қандастарымызға бұл сөз оңай тимегені белгілі. Ал шын мәнісінде сол көшіп келген бауырларымыз өздерімен бірге ұмыт бола бастаған тарихымыз бен шежіремізді, ата дәстүр мен салт-санамызды, қол өнерімізді, киіз үй т. б. ала келді. Осы қазақ “Алтай қазақтарының әні” дегенді, “Қара жорғаны” біле ме екен? Санамыздың уланғаны осылайша мен мұндалады! Атақты ғалымдар, тарихшылар, жазушылар мен өнерпаздар, спортшылар т. б. тың серпін, жаңа леп ала келді. Олардың бар айыбы ата бабамның қонысына келгені мен орысша білмейтіндігі және европалық үрдістен бойларын алшақтап салғандығы болатын. “Өз балаң өзегіңнен тепсе де кетпейді” дегендей, қаны бір жаны бір ағайын шыдап, төзіп бақты, ақыры сіңді. Осы тұста қазақ қайта түлеп, қайта тарихқа мойын бұра бастады, жаңғырды. Сол шекара ашып келгендер уақыт өте келе “аталарының басын” іздей бастады. Өйткені, олардың бабалары осы өңірде қоныстанып, жаудың жағасын жыртып, талай шайқастарда көзге түскен. Жер атауларының орысшаланып кеткені, осы тұста көп кедергі келтіргені анық. Бұл енді Ресейдің құйтырқы саясатының лаңы. Дей тұрсақ та, шым-шымдап тарих беттері айқындала бастады. Көз майын тауысып іздеудің арқасында бабаларының қорымдары, зираттары, ата қоныстары табылды. Тарих бетінде жаңа есімдер пайда болып, ұрпақтары атаусыз келген бабаларына ескерткіш белгі қойып, дұға бағыштап ас берді. Атап айтқанда Ер Жәнібек, қос Қожаберген,Бұқарбай, Байтайлақ, Шәку, Қаптағай, Ботақара, Паң Нүрмағанбет, Кете, Есет, Махамбет, Көбек, Есеней, Ұлпан, Жобалай, Нұралы, Шақантай, Мәди, Матақ, Нұра, Теңіз,Тұрым, Киікбай, Сәбит дамолла, Ахыт, Оспан, Зуқа т. б. Ал біз Мұхамедқанапия (Сегіз Серіні) тарихта болмаған деп лағып жүрміз?! Бұл да сол құйтырқы, жымысқы саясаттың салқыны екені ақиқат. Қазақтык мықтылары, зиялылары Алаштың арды емген ұлы, алып тұлғасы, Қазақстанның бірінші Премьер Министрі Сәкен Сейфуллинді неге іздемейді? Әлі күнге қай жерде сүйегінің жатқаны беймәлім? “Өзім дегенде өгіз қара күшім бар” дейтін қазақ неге үнсіз? Сәкендей азаматтар енді қайтіп келмесі ақиқат! Бұған не себеп, кім кедергі келтіріп отыр? Әлде рулық кесапат кедергі болып отыр ма? Әлкей Марғұланның ізбасарлары неге үнсіз? Сәкеннің атылғанына ғасырдан жаңа асқан жоқ па? Шын іздеуші 5-10 ғасыр бұрын өткен батыр бабаларының қай жерде жерленгенін тауып, басына белгі қойып жатыр емес пе? Олардың тарихта ойып тұрып орын алғанын жер, су, тау т. б. атаулары айқындап тұр емес пе? Әлде сол бабаларымыз тек бір рудың ғана намысы үшін шауып, бастарын қатерге тігіп пе еді? Олар күллі Алаштың айбарлы батыр-баһадүрлері емес пе? Ал осындай алып тұлғаларымыздың есімін білу өскелең ұрпақ үшін де қажетті, әрі маңызды дүние?! Әлі де ізденіп, теңдессіз батыр бабаларымыздың аттарын тарихқа қайтарып, ұлықтау парызымыз. Сол бабаларымыздың аманатын ақтау жолында барынша күш жұмылдыруымыз қажет. Ендеше, кемеңгер бабаларға мың мәрте тағзым! Алла жар болып, қасиетті де киелі бабаларымыздың рухы қолдасын!

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: