|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

Тоқаев: ҰҚШҰ әскері екі күннен кейін біртіндеп шығарыла бастайды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11 қаңтарда мәжіліс отырысы кезінде екі күннен кейін ҰҚШҰ контингенті біртіндеп елден шығарыла бастайды деп мәлімдеді.

“ҰҚШҰ бітімгершілік күштерінің негізгі миссиясы аяқталды. Екі күннен кейін біртіндеп шығарыла бастайды. Контингентті шығару процесі он күннен аспайды” деді Тоқаев.

5 қаңтарда елде жағдай ушыққан тұста Тоқаев құрамына Қазақстан да кіретін Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан көмек сұрады. Ұйымға мүше Ресей, Армения, Беларусь Қазақстанға көмекке әскер жіберетіндерін мәлімдеді. 6 қаңтар кешкісін Ресей әскері елге жетті. Қоғамда шетелдік әскерилердің кіргеніне қарсылық өршіген.

Билік елде толығымен төтенше жағдай жариялаған. Интернет өте нашар, жиі өшіріледі.

Related Articles

  • Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді

    ENU профессоры, физика-математика ғылымдарының докторы Ратбай Мырзақұлов «Әлемдегі ең беделді ғалымдардың 2%» рейтингіне енді. Жыл сайынғы рейтингті Стэнфорд университетінің сарапшылары 2022 жылғы 3 қарашада жарияланған Elsevier ғылыми баспасының соңғы мәліметтеріне сәйкес құрастырған. Стэнфорд университетінің зерттеушілері библиометриялық зерттеу негізінде жыл сайын әлемдегі ең үздік ғалымдардың рейтингін жасайды. Зерттеу екі дерекқордан тұрады. Бірінші рейтингте өз мансабында жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар көрсетілсе, ал екіншісінде соңғы жылда жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалымдар бар. ENU профессоры Ратбай Мырзақұлов 2021 жылы ең көп сілтеме жасалған автор және өз мансабында әлемде жұмыстарына ең көп сілтеме жасалған ғалым ретінде қос тізімге де кірді. «Жұмыстарға сілтеме жасау әріптестердің ғылыми жұмыс нәтижелеріне жоғары баға бергенін көрсетеді. Менің

  • Америка генералы Бен Ходжес: Ресей Ираннан дрон алады, ал Украинаға 50 ел көмектесіп жатыр

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Ресей ракетасы түскен Днепрдегі көпқабатты тұрғын үй. 14 қаңтар 2023 жыл. АҚШ армиясының отставкадағы генералы Бен Ходжес Азаттыққа берген сұхбатында Ресей әскерінің жүйесіз қимылдап жатқанын атап өтіп, Батыстың жаңа қару-жарағы Украинаға соғысты қалай өзгертуге мүмкіндік беретінін айтты. Отставкадағы генерал Бен Ходжес 2014-2017 жылдары АҚШ-тың Еуропадағы құрлық әскерін басқарған. Қазір Вашингтондағы Еуропа саясатын талдау орталығының стратегиялық зерттеулер кафедрасына жетекшілік етеді. Генерал Азаттықтың Грузин қызметіне сұхбатында Украинаға жаңа әскери техника жеткізу соғыс барысын өзгертуге қалай көмектесетінін айтып, Ресей операциясында жүйе жоғын түсіндірді. Азаттық: Украинаның Бахмут және Соледар қалалары “Вагнер” жалдамалы әскерінің үздіксіз шабуылына ұшырап отыр. Елдің шығысындағы Бахмутты алу неге сонша маңызды? «Вагнер» тобының басшысы Евгений Пригожин Бахмутта қандай нәтижеге

  • Бүгін дипломатиялық марафонымыздың жаңа кезеңі.

    Бүгін дипломатиялық марафонымыздың жаңа кезеңі. Еуропа мемлекеттерінің басшыларына соғыс алаңындағы жағдай туралы айттым: Донецк облысындағы қиын жағдай туралы, Ресейдің үнемі шабуылдары туралы және Ресейдің өз халқымен санаспайтыны, жергілікті тұрғындарды аямайтыны туралы және ешқандай қылмыстық әрекет алдында тоқтамайды. Бұған рұқсат етіледі – және керек! – Украинаны серіктестерден ала алатын заманауи әскери техниканың жаңа деңгейіне ғана қарсы шығыңыз. Бізге көмектесетін барлық көшбасшыларға алғыс айтамын, қазір жаңа қуатты шешімдердің, жаңа қуатты қолдаудың уақыты екенін түсінгендері үшін. Еркін әлемде Ресейдің агрессиясын тоқтату және террористік мемлекетті тарихи жеңіліске апару үшін барлық нәрсе бар. Және бұл тек біз үшін ғана емес маңызды. Бұл жаһандық демократия үшін – бостандықты бағалайтындардың барлығына өте маңызды. Ресей агрессиясының жеңілуі безальтернативно

  • Қазақстан СІМ: Бучадағы киіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқпыз. Ресейге ресми жауап берілмейді

    Әсемгүл МҰХИТҚЫЗЫ Айбек Смадияров. Қазақстан Украинаның Буча қаласына орнатылған киіз үйден ешқандай мәселе көріп тұрған жоқ және Ресей билігіне оған қатысты ресми түсініктеме бермейді. 11 қаңтарда Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді. “Киіз үй қойылды. Бұдан қандай проблема туындады? Қойылды. Көмек көрсетілді. Бұл жеке қазақстандық компаниялардың бастамасы. Өздері жинап, өздері апарып, өздері көмектесіп жатыр” деді Айбек Смадияров. Оның айтуынша, Қазақстан жағы киіз үйге қатысты арнайы комментарий беруді хош көрмейді. Қазақстанда 300 мыңға жуық украин барын, Украинада да қазақ диаспорасы барын еске салған министрліктің ресми өкілі “әрине, Украинада жағдай қиын. Сондықтан бұл ақпарат мүмкін басқаша көрініп жатқан шығар. Бірақ біз одан

  • “НАМ ГОРЬКО-2″

    Сонымен, қаңтар оқиғасының жылдығындағы “арнайы парламенттік тыңдау” аяқталды. Бұл – әлбетте, елеулі оқиға. Жылнамаға жазылатын, ертең таңбаланып қалатын, сен өлген соң да ізденгіш ұрпағың ашатын жайт. Яғни, бүгін – қаңтардың біржылдығында парламентте қандай мәлімдеме жасағаның түгел сақталды, құжатталып қатталды деген сөз. 1986 жылы желтоқсан оқиғасынан соң біраз қазақ зиялысы “Нам горько” деген мақалаға қол қойып, желтоқсаншыларды “ұлтшыл, наркоман” деп қаралаған. Бекхожин, Қайырбеков, Серкебаев, Асанәлілер қол қойған ол хатқа. Мынау да соның бір түрі. Баспрокуратура мен Ішкісіминнің баяндамасы түсінікті – әдеттегідей айыптау сарынында. “Бүлікшілер мен арандатушылар бәрін қиратты” деген сыңайда. Бірақ, прокурорлардың алдына түсіп емпеңдеп, билікті ақтап, “арандатушылар мен бүлікшілер” туралы сайрап кеткен депутаттарға не жорық? Депутат Ж.Әшімжан: “қаңтарда синтетикалық есірткі

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: