|  |  | 

Саясат Суреттер сөйлейді

Министрлік Сарышағанда зенит ракетасы бөлімшелерінің ұрыс атыстары өткенін хабарлады


Сарышағандағы әуе шабуылынан қорғаныс жаттығуы. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет. Ақпан, 2023 жыл.

Сарышағандағы әуе шабуылынан қорғаныс жаттығуы. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет. Ақпан, 2023 жыл. 

Қазақстан қорғаныс министрлігі 2 ақпанда Ресей жалға алған Сарышаған полигонында әуе қорғаныс күштерінің зенит ракетасы бөлімшелері ұрыс атысы қимылдарын өткізгенін хабарлады.

Жаттығудың негізгі мақсаты “жеке құрамның әскери және азаматтық инфрақұрылым нысандарына жасалған әуе шабуылдарына тойтарыс беру дайындығын тексеру” деп айтылады.

Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, “қолданыстағы қазіргі заманғы зенит ракетасы кешендері цифрлық радиолокациялық станциялармен жабдықталған”. Министрліктің хабарламасында ракета кешенінің аты аталмайды. Алайда хабарламадан ресейлік “Бук” кешені сыналып жатқаны байқалады.

Ақпаратқа қарағанда, радиолокациялық барлау қызметі “ұшақ және ракетатектес” дрондарды анықтағаннан кейін жауынгерлер дайын емес позицияларға жылжыған. “Кешендер өрістетіліп, шартты қарсыластың құралдары жойылған”.

“Заманауи зенит ракетасы кешендерінің көмегімен біз нақты уақыт режимінде ұрыс ахуалын модельге түсірдік. Ал жеке құрам бір мезгілде шағынөлшемді, төмен ұшатын бірнеше әуе нысанын табу, оларға ілесіп ұшу және жоюға арналған іс-қимылдарды пысықтады” деді әуе шабуылына қарсы қорғаныс құрамасының командирі, полковник Берік Молдақұлов.

2014 жылы Астана Мәскеумен әуе шабуылынан қорғайтын бірыңғай жүйені құру туралы келісімді ратификациялаған.

Ресей Қарағанды облысындағы Сарышаған полигонының бір бөлігін 1996 жылы Қазақстанмен жасалған келісім бойынша жалға алған. Полигонның қалған бөлігін Қазақстан пайдаланады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • “Путин оңбай қателесті”. Байденнің Киевке сапары жайлы не белгілі?

    Азаттық радиосы АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина басшысы Владимир Зеленский (оң жақта) Киевтегі Михайлов шіркеуінде. 20 ақпан, 2023 жыл.  АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы соғыстың бір жылдығы қарсаңында Киевке барды. Оның Украинаға сапары бұған дейін хабарланбаған. Байденнің Киевке сапарының анық-қанығы. БАЙДЕННІҢ ХАБАРЛАНБАҒАН САПАРЫ  20 ақпанда түс ауа Байден мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Киевтегі Михайлов шіркеуінде жүрген суреттері тарай бастады. Украиналық басылымдар АҚШ президенті шіркеуге соғыста қаза болған украиндердің рухына тағзым етуге барғанын жазды. Кейін Зеленский Telegram-дағы арнасында “Джо Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – Украина халқына өте үлкен қолдау” деп алғыс білдірді. Кейін Байденнің өзі де Киевке Украина президентімен кездесуге келгенін растады. Байден (сол жақта)

  • “Украинаға әскери ұшақ беруге қашан Батыстың батылы жетеді?” Британ маршалы Грег Бэгвеллмен сұхбат

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Румыниядағы әскери базадан ұшып бара жатқан америкалық F-16 әскери ұшағы. Бейтарап сурет. Бұрын Украинаға әскери танк беру мәселесі айтыс тудырып келсе, енді әскери ұшақ туралы пікірталас болып жатыр. Ұлыбритания біріккен корольдігі әскери әуе күштерінің бұрынғы қолбасшысы, авиация маршалы Грег Бэгвелл Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Ресей авиациясының осал жағы жайлы, Украина Батыстан әскери ұшақ алса, жағдай қалай өзгеруі мүмкін екенін айтып берді. Ресей басқыншылығына қарсы күресіп жатқан Украинаның әскери әуе күштері көбіне совет кезінен қалған МиГ ұшақтарын пайдаланады. Киев Батыс елдерінен бірнеше рет әскери жойғыш ұшақ сұраған. Бірақ АҚШ та, Ұлыбритания да әзірше көнбей отыр. Олар соғысты ушықтырып жіберуден қауіптенетінін алға тартып, басқаша әскери көмек беруді жөн көреді.

  • 87. КІП-КІШКЕНЕ ФОТОБОМБА

    Уэббтың MIRI аспабын сынау деректерін қарастырып отырған ғалымдар күтпеген жаңалық ашты. Сынақ кезінде басқа нысан бақыланса да, Уэбб телескопы үлкендігі небәрі 100–200 метрлік астероидты кездейсоқ түсіріп алыпты! Марс пен Юпитер орбиталары арасындағы Негізгі астероидтар белдеуінде орналасқан дене Уэбб көрген ең кішкентай нысан болса керек. Негізгі белдеудегі кішкентай астероидтар ірі көршілеріне қарағанда нашар зерттелген, өйткені оларды осынша қашықтан бақылау қиын. Уэббтың болашақ арнайы бақылаулары астрономдарға мұндағы 1 километрден кіші астероидтарды зерттеп, Күн жүйесінің түзілу модельдерін нақтылауға мүмкіндік береді. Астроном Томас Мюллердің пікірінше, тосынсый үшін Уэббтың осы кішкене денені 100 миллион километр қашықтықтан көре алатын таңғажайып сезімталдығына рақмет айтуымыз керек. Және бұл соңғы тосынсый болмас. Ғылыми ұжым Күн жүйесі жазықтығын (ал Күн

  • ТАҢҒЫ АЙ ОРАҒЫ

    Алдағы 2-3 таңда жіңішкеріп бара жатқан ескі Ай орағы оңтүстік-шығыстан, Сарышаяннан, кейін Мергеннен шығады. 22 қаңтарда 02:56-да Ай тура Күнмен беттесіп, көрінбей кетеді. Айдың бұл фазасы астрономия тілінде “Жаңа Ай” деп аталса, қазақ мұны “өліара” деген. Бір қызығы, бұл өліара Айдың Жерге ең жақын нүктеден немесе перигейден өтуімен (22 қаңтар 03:00) сәйкес келеді. Мұны суперайға кері құбылыс десек болады. Credit: Sky & Telescope Физика және Ғарыш

  • Америка генералы Бен Ходжес: Ресей Ираннан дрон алады, ал Украинаға 50 ел көмектесіп жатыр

    Важа ТАВБЕРИДЗЕ Ресей ракетасы түскен Днепрдегі көпқабатты тұрғын үй. 14 қаңтар 2023 жыл. АҚШ армиясының отставкадағы генералы Бен Ходжес Азаттыққа берген сұхбатында Ресей әскерінің жүйесіз қимылдап жатқанын атап өтіп, Батыстың жаңа қару-жарағы Украинаға соғысты қалай өзгертуге мүмкіндік беретінін айтты. Отставкадағы генерал Бен Ходжес 2014-2017 жылдары АҚШ-тың Еуропадағы құрлық әскерін басқарған. Қазір Вашингтондағы Еуропа саясатын талдау орталығының стратегиялық зерттеулер кафедрасына жетекшілік етеді. Генерал Азаттықтың Грузин қызметіне сұхбатында Украинаға жаңа әскери техника жеткізу соғыс барысын өзгертуге қалай көмектесетінін айтып, Ресей операциясында жүйе жоғын түсіндірді. Азаттық: Украинаның Бахмут және Соледар қалалары “Вагнер” жалдамалы әскерінің үздіксіз шабуылына ұшырап отыр. Елдің шығысындағы Бахмутты алу неге сонша маңызды? «Вагнер» тобының басшысы Евгений Пригожин Бахмутта қандай нәтижеге

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: