|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Саясат

“Путин оңбай қателесті”. Байденнің Киевке сапары жайлы не белгілі?


АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина басшысы Владимир Зеленский (оң жақта) Киевтегі Михайлов шіркеуінде. 20 ақпан, 2023 жыл.

АҚШ президенті Джо Байден (сол жақта) мен Украина басшысы Владимир Зеленский (оң жақта) Киевтегі Михайлов шіркеуінде. 20 ақпан, 2023 жыл. 

АҚШ президенті Джо Байден Украинадағы соғыстың бір жылдығы қарсаңында Киевке барды. Оның Украинаға сапары бұған дейін хабарланбаған. Байденнің Киевке сапарының анық-қанығы.

БАЙДЕННІҢ ХАБАРЛАНБАҒАН САПАРЫ 

20 ақпанда түс ауа Байден мен Украина президенті Владимир Зеленскийдің Киевтегі Михайлов шіркеуінде жүрген суреттері тарай бастады. Украиналық басылымдар АҚШ президенті шіркеуге соғыста қаза болған украиндердің рухына тағзым етуге барғанын жазды.

Кейін Зеленский Telegram-дағы арнасында “Джо Байден, Киевке қош келдіңіз! Сіздің сапарыңыз – Украина халқына өте үлкен қолдау” деп алғыс білдірді.

Кейін Байденнің өзі де Киевке Украина президентімен кездесуге келгенін растады.

Байден (сол жақта) мен Зеленский (оң жақта) Киевте. 20 ақпан, 2023 жыл.

Байден (сол жақта) мен Зеленский (оң жақта) Киевте. 20 ақпан, 2023 жыл.

“Бүкіл әлем Ресейдің Украинаға қанды басқыншылығының бір жылдығына дайындалып жатқан тұста президент Зеленскиймен кездесу үшін Киевке келдім. Осы сапарым арқылы демократияны, Украинаның аумақтық тұтастығы мен тәуелсіздігін толық қолдайтынымызды көрсеткім келеді” деді Байден мәлімдемесінде.

“Бір жылдай бұрын Путин басқыншылығын бастағанда Украина әлсіз әрі Батыс екіге жарылған деп ойлады. Ол бізден басым түсем деп ойлады, бірақ ол оңбай қателесті” деді АҚШ басшысы.

“АҚШ УКРАИНАНЫ ҚОЛДАЙ БЕРЕДІ”

New York Times Байденнің Украинаға сапары қауіпсіздік үшін өте құпия сақталғаны, ол Киевке Польша арқылы пойызбен өткенін жазды.

“Негізі Ақ үй жексенбіде кешке таратқан күнтізбесінде Байден дүйсенбіде Вашингтонда болады, Варшаваға дүйсенбі кешке ұшады деп көрсеткен, бірақ ол жолда болған” деп мәлімдеді басылым.

20 ақпанда Путин мен Зеленский кездесуден кейін баспасөз мәслихатында “Путин Украинаны картадан жойып жіберемін деп ойлады, бірақ Ресей әскері жеңіліп жатқанын” айтып, “ресейлік талантты жастар мыңдап елден қашты, қайтадан Ресейге оралғысы жоқ. Ресейдің экономикасы оқшауланып, қиындыққа тап болды” деді. Сөзінің соңында Байден “АҚШ Украинаны қанша қажет болса да қолдай береді” деп аяқтады.

Ал Зеленский “демократиялық әлем бұл соғыста жеңіске жетуі керек” деп мәлімдеді.

“Бұл – АҚШ-Украина қарым-қатынасындағы өте маңызды кездесу. Бүгінгі келіссөзіміз өте нәтижелі болды” деді Украина президенті.

АҚШ президенті Байден (ортада), Украина президенті Зеленский (оң жақта) және Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленская (сол жақта) Киевте. 20 ақпан, 2023 жыл.

АҚШ президенті Байден (ортада), Украина президенті Зеленский (оң жақта) және Украинаның бірінші ханымы Елена Зеленская (сол жақта) Киевте. 20 ақпан, 2023 жыл.

Зеленский “бұл кездесудің нәтижесі жақын арада майданда өз нәтижесін көрсете бастайды” дей келе, Байденге “Украина халқы сізге риза” деп сөзін түйіндеді.

Байден Киевке сапары кезінде Украинаны Ресейдің әуе шабуылдарынан қорғайтын артиллериялық қару, танкіге қарсы және ракетадан қорғайтын жүйе беретінін, Ресей элитасы мен компанияларына жаңа санкция салатын мәлімдеді.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Facebook желісінде “Байденнің сапары – Украина халқы мен президент Зеленский үшін жеңіс” деп жазды. Кулеба Ресейді меңзеп, “бұл – батпаққа “сенен ешкім қорықпайды” деген сигнал” дейді.

20-22 ақпан аралығында Байденнің Польшаға сапары жоспарланған. 21 ақпанда ол Польша президенті Анджей Дудамен кездеспек.

Зеленский былтыр Вашингтонға арнайы сапар жасап, 21 желтоқсанда Байденмен кездескен. Бұл кездесуде де Байден АҚШ Украинаны қолдай береді деп мәлімдеген.

АҚШ президенттері Украинаға 2008 жылдан бері бірінші рет барып отыр. Киев 2008 жылы президент Джордж Бушты қарсы алды. Ал Байден Барак Обама әкімшілігі кезінде вице-президент ретінде Украинаға бірнеше рет барған. Ресей басқыншылығы басталғалы Украинаға барған АҚШ-тың ең үлкен жоғары лауазымды қызметкері мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен еді.

Related Articles

  • “Қазақстан дұрыс бағытта”. Деколонизация, Украинадағы соғыс және Қаңтар. Балтық елшілерімен сұхбат

    Дархан ӨМІРБЕК Балтық мемлекеттерінің Қазақстандағы елшілері (солдан оңға қарай): Ирина Мангуле (Латвия), Эгидиюс Навикас (Литва ) және Тоомас Тирс. Совет одағы ыдырай бастағанда оның құрамынан бірінші болып Балтық елдері шыққан еді. Өзара ерекшеліктері бар болғанымен, сыртқы саясатта бірлігі мықты Латвия, Литва және Эстония мемлекеттері НАТО-ға да, Еуроодаққа да мүше болып, қазір көптеген өлшем бойынша әлемнің ең дамыған елдерінің қатарында тұр. Ресей Украинаға басып кіргенде Киевті бар күшімен қолдап, табандылық танытқан да осы үш ел. Соғыс басталғанына екі жыл толар қарсаңда Азаттық Балтық елдерінің Қазақстандағы елшілерімен сөйлесіп, екіжақты сауда, ортақ тарих, Ресей саясаты және адам құқығы тақырыбын талқылады. Сұхбат 8 ақпан күні алынды. “БІЗДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫ ДҰРЫС БІЛМЕЙДІ” Азаттық: Сұхбатымызды Балтық елдері мен Қазақстан арасындағы сауда қатынасы

  • Бақсылар институты

    Сараптама (оқысаңыз өкінбейсіз) Бірінші, ілкіде Түркі баласында арнайы қаған құзіреті үшін жұмыс істейтін көріпкел бақсылар институты болған. Аты бақсы болғанымен ханның қырық кісілік ақылшысы еді. Көріпкел бақсылар хан кеңесі кезінде алдағы қандайда бір саяси оқиға мен ситуацияны күні бұртын болжап, дөп басып талдап һәм сараптап бере алатын соны қабілеттің иесі-тін. Оларды саяси көріпкелдер деп атаса да болады. Хан екінші бір елді жеңу үшін білек күшінен бөлек көріпкел бақсылардың стратегиялық болжауына да жүгінетін. Қарсылас елдің көріпкел бақсылары да оңай емес әрине. Екінші, уақыт өте келе саяси көріпкел бақсылар түркілік болмыстағы стратегиялық мектеп қалыптастырды. Түркі бақсылары қытай, үнді, парсы, ұрым елдерін жаулап алуда маңызды рөл атқарды. Ол кездегі жаһандық жауласулар жер, су,

  • АҚШ сенаты Украинаға қаржылай көмек қарастырылған заң жобасын мақұлдады

    АҚШ конгресі.  АҚШ сенаты 13 ақпанда Украина, Израиль және Тайваньға 95 млрд доллар болатын қаржылай көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады. Сенатта демократтар басым орынға ие. Енді заң жобасын Республикалық партия басым Өкілдер палатасы қарайды. Өкілдер палатасында жобаның заң статусын алуға мүмкіндігі аз деген болжам да айталады. Президент-демократ Джо Байден біраз уақыттан бері екі палатаны Украина мен АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхит аумағындағы серіктестеріне көмек беруді жылдамдатуға шақырып келеді. Украина билігі басты одақтасы АҚШ-тан қолдау азайған тұста қару-жарақ жетпей жатқанын бірнеше рет мәлімдеген. Украина президенті Владимир Зеленский бүгін, 13 ақпанда АҚШ сенатының бұл заң жобасын мақұлдағанына алғыс айтты. Құжатта Киевке 61 млр доллар беру қарастырылған. “Американың көмегі Украинаға бейбіт өмірді жақындастырып, әлемдік

  • АҚШ сенаты Украина мен Израильге көмек беру туралы заң жобасын мақұлдады

    Азат Еуропа / Азаттық радиосы АҚШ сенаты Украина мен Израильге 118 миллиард доллар қосымша қаржы көмегін беру туралы екі партия ұсынған заң жобасын және АҚШ-тың оңтүстік шекарасын нығайту туралы заң жобасын мақұлдады. Былтыр қазан айынан бері жалғасып келе жатқан “ұлттық қауіпсіздікке байланысты қосымша қаржыландыру туралы” дауға нүкте қоятын компромистік мәтін АҚШ сенатының сайтына шыққан. Заң жобасы бойынша, сенаторлар 60 миллиард долларды Украинаны қолдауға, 14 миллиардты Израильге көмекке, 20 миллиардтан астам долларды АҚШ-тың Мексикамен шекарасын қауіпсіздендіруге, шамамен бес миллиардты АҚШ-тың Тынық мұхит аймағындағы серіктерін қаржыландыруға, екі жарым миллиардқа жуық долларды “Қызыл теңіздегі” операцияны қолдауға, тағы да сондай қаржыны АҚШ-тың Орталық қолбасшылығына бөлуді жоспарлаған. АҚШ президенті Джо Байден конгресстен Украина, Израиль және Тайваньға

  • Мәскеу Тоқаевтан Пригожиннің бүлігін басуға көмектесуді сұрады ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев және Ресей басшысы Владимир Путин. Бұл аптада Батыс басылымдары маусым айында «ЧВК Вагнердің» жетекшісі Евгений Пригожиннің әскери бүлігі кезінде Ресей Қазақстаннан көмек сұрағанын, бірақ президент Қасым-Жомарт Тоқаев одан бас тартқанын жазды. Сонымен қатар Астана мен Анкара әскери саладағы серіктестікті күшейтіп, 2024 жылы елде дрон шығара бастайтынына тоқталды. Бұдан бөлек Орталық Азия Батыс елдері үшін не себепті маңызды аймаққа айналғанын талдады. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТҮРКИЯ ANKA ДРОНЫН ШЫҒАРА БАСТАЙДЫ АҚШ-тағы Jamestown қоры Қазақстан мен Түркия әскери серіктестікті күшейтіп жатқанына назар аударады. Қазақстан 2024 жылдан бастап елде Түркияның Anka дрондарын шығара бастайды. 28 қараша күні қорғаныс министрлігі дрон өндіретін отандық компанияны таңдап жатқанын хабарлады. Мәлімдемеде Түркияның Anka дроны елде

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: