|  | 

Жаһан жаңалықтары

НАТО Украинаға көмекті жалғастыра ма және Киевтің қарымта шабуылын қолдай ма? Альянс хатшысымен сұхбат


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг “Настоящее время” телеарнасына берген сұхбатында “Украинаға қолдау көрсету үшін қару жасауды көбейтпекке жұмыс істеп жатырмыз” деп мәлімдеді.

“Себебі бұлай жасаған өте маңызды. Путин жеңсе, Украина үшін трагедия болмақ. Путин жеңсе, НАТО үшін де қауіпті. Сондықтан одақтастарыма айтарым: қауіпсіздігіміз үшін Украинаны қолдауымыз керек. Біз президент Путинге Украина жеңілмейтінін көрсетуіміз қажет” деді ол сұхбатында.

Азаттық “Настоящее времяның” Йенс Столтенбергтен алған сұхбатын ықшамдап ұсынады.

 Қазір майдан шебіндегі, соның ішінде Бахмут пен Авдеевкадағы жағдайды қалай бағалайсыз? Бұл шайқас Ресей мен Украина әскеріне қалай әсер етеді?

– Алдымен Украина әскерінің кәсібилігі, ерлігі және шешім қабылдаудағы мықтылығы таңғалдырғанын айта кеткім келеді. Олар бүкіл әлемді таңғалдырды. Ал Ресей әскерінің рухы, дайындығы әлсіз екенін, техникасы ескі екенін көрдік. Ресейдің әскери басшылығы көптеген операцияда өзін көрсете алмады.

Бір жағынан, Ресей әскері сапа жетпеген соң, санмен алуға тырысып жатыр. Сондықтан олар нашар машықтанған мыңдаған адамды майданға жібергенін көрдік. Бұл Украина әскеріне де шығын келтіруі мүмкін. Украинамен салыстырғанда Ресей сапалы қару мен тиімді басқару болмағандықтан көп солдатынан айырылып жатыр.

Бірақ біз Ресейді назардан тыс қалдырмауымыз керек, себебі олар мыңдаған адамды майданға жіберуге дайын екенін көрсетті. Демек, Украинаны қолдап, Украинаға жерін босатуға көмектесіп, Ресей басқыншылығына тойтарыс беруіміз керек.

 Украина көктемде қарымта шабуылға шығуды жоспарлап отыр. Бұдан қандай нәтиже болуы мүмкін? Украина әскері қарымта шабуыл бастауға қауқарлы ма, қару-жарағы жете ме?

– Соғыста болжам жасау қиын. Меніңше, ешкім соғыс қашан аяқталатынын, биыл қалай болатынын дөп басып айта алмайды.

Жаңа қарымта шабуыл бастау туралы шешімді жағдайды жақсы білетін украиналықтар қабылдауға тиіс. НАТО-ның жауапкершілігі – Украинаға қарымта шабуыл бастауға қажет қару-жарақ беру, қолдау көрсету және әскерилерге жаңа қаруды қолдануды үйрету.

Сондай-ақ Украина келіссөзде қандай шарттарды қабылдайтынын өзі шешеді. Майдандағы шайқастың нәтижесі де келіссөз үстелінде көрінеді. Сондықтан Украина ертең тәуелсіз ел ретінде келіссөзде де діттегеніне жетсін десек, бүгін әскери көмек беруіміз қажет.

–​ Украина әскери жолмен Қырымды азат ете ала ма? Украина Қырымды қайтарамыз деп шешсе, НАТО қолдай ма?

– Біз Украинаға қанша қолдау керек болса, сонша қолдау көрсетеміз деп мәлімдедік. Украинаның өз жерін, аумағын қорғау құқығын қолдаймыз. Бұл құқық БҰҰ қарарында бекітілген. Қазір көріп отырғанымыз – Украинаға қарсы басқыншылық соғысы, сондықтан Украина өз жерін қорғаймын десе, қолдаймыз. Қажет қолдауды көрсете береміз.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Әзербайжан Қарабаққа шабуыл бастады. Қазірге дейін не белгілі?

    Азаттық радиосы Әзербайжан қорғаныс министрлігінің Таулы Қарабақта “армениялық әскерилердің позициясын жойдық” деп таратқан фотосы. 19 қыркүйек 2019 жыл.  19 қыркүйекте Әзербайжан Таулы Қарабақта “антитеррористік операция” бастағанын мәлімдеді. Бакудың бұл мәлімдемесінен соң Қарабақта тұратын армяндар артиллериядан шабуыл басталғанын айтады. “Степанакертте жарылыс естіліп жатыр. Балалар мен ата-аналар жертөлелерге түсті. Балконымнан әр жақтан жарылыс дауысы естіліп жатыр, тоқтар емес. Артиллерия қатты атқылап жатыр, атыс дауысы да толастар емес” деді Таулы Қарабақтағы тәуелсіз журналист Марут Ванян. Азаттықтың Армян қызметінің хабарлауынша, 19 қыркүйек 11:10-да Әзербайжан күштері Қарабақтағы Аскеран ауданын атқылаған. “Эхо Кавказ” сайты Степанакерт қаласында әуе дабылы қағылғаны хабарланды. Степанакерт қаласында қашып бара жатқан адамдар. 19 қыркүйек 2023 жыл. Таулы Қарабақтағы армяндардың бақылауындағы аймақтың омбудсмені

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

  • Дереккөз: Владимир Зеленский G7 саммитіне қатысу үшін Жапонияға барады

    Владимир Зеленский.  Украина президенті Владимир Зеленский “Үлкен жетілік” елдері саммитіне қатысу үшін Хиросима қаласына барады. Бұл туралы Kyodo агенттігі, сонымен бірге The New York Times, The Washington Post және CNN Жапония үкіметіндегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлады. Reuters агенттігі болса мұндай мәліметті Еуроодақтағы дереккөзге сүйене отырып таратты. Киев әзірге мәліметті ресми түрде растаған жоқ. Зеленский кеңсесі президенттің сапарлауы мүмкін екенін жоққа шығармады, бірақ “бәрі ұрыс алаңындағы жағдайға байланысты” болатынын ескертті. Bloomberg мәліметінше, Зеленский Араб елдері лигасының Сауд Арабиясында өтетін саммитіне қатысқан соң, АҚШ әуе күштерінің әскери ұшағымен Жапонияға жетеді. Жақында Украина президенті Италия, Германия, Франция және Ұлыбритания елдерін аралап, Киевке қару-жарақтың жаңа партиясын жеткізуге келіскен. Зеленскийді Хиросимадағы саммитке Жапония премьер-министрі

  • Түрік бақыты – Кемалдың қолында

    Түркия бақытқа жете алады. Ол үшін Кемал Қылыштароғлының экономикадағы қасқа жолын таңдаса болғаны. Екінші тур – 28 мамыр. Сайлауға қатысқан Қазақстандағы Түркия азаматтарының басым бөлігі (48,86%) Қылыштароғлыға дауыс берді. Ердоған Қазақстаннан 44,38% дауыс алды. Қазақстанда жүрген Түрік азаматтарының іскерлік топқа жататынын ескерсек, Түркиядағы бизнес, кәсіпкерлік санаттың Қылыштароғлы жағында екенін көреміз. 1. Инфляция Қылыштароғлы алғашқы қадамын инфляциямен күреске жұмсамақ. Түркиядағы бизнестің басты жауы – инфляция және соның кесірінен орын алған девальвация болды. Қылыштароғлы Орталық Банкке толық тәуелсіздік сыйлауға бекініп отыр. Демек, тура біздегідей Орталық Банк базалық ставканы өсіреді, кредиттер қымбаттайды. Артынша инфляция сабасына түсуі тиіс. 2. Еуроодақпен визасыз режим Қылыштароғлы Еуропаға Түркияда парламенттік жүйе орнатамын деп уәде беріп отыр. Есесіне Еуроодақ

  • Ердоған егер жеңілсе. Батыс пен Путин Түркиядағы сайлауға не себепті алаңдайды?

    Тодд ПРИНС Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин Астанада. 13 қазан 2022 жыл. Түркияны 20 жылға жуық басқарған президент Режеп Тайып Ердоған алдағы сайлауда Батыс елдерімен қарым-қатынасты нығайтуды қолдайтын қарсыласынан жеңілуі мүмкін. Сарапшылар Владимир Путин Ердоғанның жеңілгенін қаламайды дейді. Өткен айда Ресей президенті Владимир Путин Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоғанмен видеоқоңырау арқылы сөйлесіп, НАТО-ға мүше әріптесін бейбіт мақсаттағы алғашқы ядролық жобасының басталуымен құттықтады. “Росатом” корпорациясының жетекшілігімен салынған “Аккую” атом станциясының құрылысына 20 миллиард доллар кеткен. Бұл Ердоған мен Путин арасында жылдар бойы қалыптасқан энергетика және экономика салаларындағы байланыстардың беріктігін дәлелдейді. Атом станциясының ашылу салтанатына Путиннің қашықтан қатысуы Мәскеудің шетелдегі ықпалын көрсету үшін ғана емес, қиын жағдайда қалған

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: