|  |  | 

Жаңалықтар Саясат

“Лукашенконың қалжыңы”. Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко.

Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ядролық қару да ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одағына қосылуға шақырған Александр Лукашенконың сөзіне байланысты пікірін жариялады.

“Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз”, – деді Тоқаев.

Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан.

Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының “Москва. Кремль. Путин” деп аталатын бағдарламасының эфирінде “ядролық қару ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусь одағына қосылуға шақырған.

Одан бұрын, 24 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өткен Еуразия экономикалық форумында Ресей мен Беларусь одағының ерекшелігіне тоқталып, “керек болса, ядролық қаруы да ортақ” деген еді. Тоқаев Еуразия экономика одағына мүше Қазақстан, Қырғызстан, Армения арасындағы интеграция деңгейі өзгеше екенін, “бұл жағдаймен санасу қажеттігін” айтқан.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

 

Related Articles

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

  • “Ресей үстемдігіне соққы”. Қазақстан Каспийдегі әскери теңіз күштерін не үшін күшейтіп жатыр?

    Азаттық радиосы Қазақстан әскери-теңіз күштерінің кемесі. Қорғаныс министрлігінің Телеграм-арнасынан алынған.  Батыс басылымдары бұл аптада Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз флотын күшейтуге көмектесетінін жазып, бұл теңіздегі флотилиясы мықты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етеді деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар Қазақстан Батыстың жанама санкциялары мен оның ықтимал салдарынан қауіптеніп отырғанын талдады. Бұдан бөлек сыртқы державалар Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказды біртұтас географиялық аймақ ретінде қарастыра бастағанына назар аударды. ТҮРКИЯ ҚАЗАҚСТАННЫҢ КАСПИЙДЕГІ ФЛОТЫН КҮШЕЙТУГЕ КӨМЕКТЕСПЕК Сарапшы Пол Гобл АҚШ-тағы Jamestown қорының сайтында Түркия Қазақстанға Каспийдегі әскери теңіз күштерін күшейтуге көмектесетінін жазды. Анкара мен Астананың жоспары Каспийдегі флотилиясы ең қуатты Ресейдің үстемдігіне қалай әсер етпек? Ресейдің Каспий флотилиясы көп жыл бойы теңіз айдынында үстемдік етті. Сондықтан

  • Ninety One тобы ЮНИСЕФ-тің ізгі ниет елшілері атанды

    Азаттық радиосы Ninety One тобының мүшелері мен ЮНИСЕФ өкілдері баспасөз мәслихатында. Алматы, 16 мамыр, 2023 жыл. Q-pop жанрында ән салатын Ninety One тобы БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы ізгі ниет елшілері атанды. Бүгін, 16 мамырда Алматыда өткен баспасөз мәслихатында ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен топ мүшелеріне осындай сертификат тапсырды. Топ мүшелері қормен бірге балалар құқығын қорғауға күш салмақ. – Ninety One тобы ұсынысымызды қабыл алғаны – біз үшін үлкен мәртебе. Қазақстандағы балалардың ең өзекті мәселелеріне назар аудартуда топтың таланты мен танымалдығы өте маңызды рөл атқарады. Қазір бірлескен маңызды іс-шара бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Жақында Ninety One тобын UNICEF Talks-та (жастар конференциясы – ред.) көретін боласыздар, – деді ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілі

  • Киелі 2030, Кувейт және 100 миллиард доллар. Жеті жыл күтетін қазақ тағдыры

    Айбар Олжаев Сіз сенбесеңіз де, қазіргі фактілерге қарап, «Қазақстан-2030» стратегиясының орындалатынын аңғаруға болады. Көбіміз білмеуіміз мүмкін, бірақ ол тәуелсіз Қазақстанның алғашқы стратегиясы. 1997 жылы қабылданған. Артынан оны Назарбаевтың өзі ұмыттырып, жауып тастап, архивке аттандырып жіберген болатын. Бірақ одан кейін қабылданған, керемет делінген жүзден аса бағдарламалар, жобалар орындалмады да, дәл осы стратегия ғана өз мақсатына 100 пайыз жететін сияқты. Мерейтойлы, әдемі және дөңгелек цифр болғандықтан стратегия авторлары 2030 деп шамалап қоя салғаны түсінікті. «Жақсының айтқаны емес, жаманның сандырағы келеді» дегендей, бір қызығы, дәл осы 2030 жылға көп нәрсе байланып тұр. Порталға қатысы барлар қазақтың болашағына қатысты Мәшһүр Жүсіп теориясын алға тартуы мүмкін, онымен дауласпаймын. Бірақ 2030 жылдан кейін көп нәрсенің өзгереріне

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: