|  |  | 

Жаңалықтар Спорт

“Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар


Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл

Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл

Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы.

МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ?

Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден Беньямин Шешко мүлт кеткен жоқ. Ал екінші тайм бастала сала Қазақстан құрамасының жылдам шабуылы нәтиже беріп, Рамазан Оразов (словениялық “Копер” командасында ойнайды) есепті теңестіріп кетті.

Қазақстан ойыншысы Абзал Бейсебеков (21) допқа таласып жатқан сәт.

Қазақстан ойыншысы Абзал Бейсебеков (21) допқа таласып жатқан сәт.

Екінші таймда Қазақстан футболшылары бірінші таймға қарағанда жинақы ойнап, қарымта шабуылдар ұйымдастыра бастаған. Бірақ 86-минутта Беньямин Вервичтің оң қапталдан тепкен добы Қазақстан қақпасына дөп түсті. Ойын соңына дейін 1:2 есебі өзгерген жоқ.

Төреші матч аяқталғанын жариялаған соң Словения құрамасы мен стадионға жиналған 15 мыңнан аса жергілікті жанкүйер жеңісті тойлап жатты. Ал Қазақстан ойыншыларының біразы өкінішін жасыра алмай, алаңға жата кетті. Кейін олар стадиондағы қазақстандық жанкүйерлер отырған секторға келіп, фанаттарға алғыс білдірді. Люблянадағы ойынға мыңға жуық қазақстандық жанкүйер келгені айтылды.

Қазақстан ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып тұр.

Қазақстан ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып тұр.

Матчтан соң Қазақстан құрамасының бас бапкері, ресейлік маман Магомед Адиев іріктеуде “лайықты ойын көрсеткен футболшыларға” алғыс білдірді.

– Киім шешетін бөлмеде мүлгіген тыныштық. Жігіттерге жеңіліс ауыр тиді, себебі біз жеңісті қатты армандадық, бізді осы жолда қолдаған Қазақстанды қуантқымыз келді. Өкінішке қарай, болмады. Жігіттер нағыз батырлар деп ойлаймын. Себебі олар іріктеу турнирінде барын салды, жаттығуда айтқанымды жүзеге асырып келді. Бәлкім, бапкер ретінде мен бір нәрселерді дұрыс істемеген болармын. Оның не екенін уақыт көрсетеді, – деді ол.

Бас бапкер бұл іріктеу турнирі Қазақстан тарихында ең үздік цикл болғанын айтқанымен, Словениямен ойындағы жеңілістің жауапкершілігін өз мойнына алды.

– Ойыннан кейін жігіттерге алғыс айттым. Меніңше, олар өте үлкен қадам жасады. Біз алған ұпайлардың бәрі құрдан құр келген жоқ. Ойыншыларда өсу бар екенін көріп отырсыздар, – деді жаттықтырушы.

Бас бапкер Магомед Адиев матчта тұр.

Бас бапкер Магомед Адиев матчта тұр.

Ал ұлттық құрама ойыншысы Рамазан Оразов матчтан соң “Жеңілісті қабылдау ауыр, бірақ іріктеуде жақсы ойын көрсеткен командаға ризамын. Қазір не айтарымды білмеймін, эмоциям да жоқ. Болашақта іріктеуден шығып қана қоймай, үлкен нәтижелерге ұмтылармыз. Бұл нәтиже ел футболына үлкен серпіліс береді деп үміттенемін” деп қысқа қайырды.

ҚАЗАҚСТАН ЖОЛДАМА АЛУДАН ҮМІТ ҮЗБЕЙДІ

Қазақстан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының екі жолдамасына Дания, Словения, Финляндия, Солтүстік Ирландия және Сан-Мариномен таласты. Бұл топтан Дания 25 ұпаймен, Словения 22 ұпаймен жолдамаға ие болды.

Ал Қазақстанның енді алдағы жылы наурызда Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы бір жолдамаға таласуға мүмкіндігі бар. Қазақстан 2022 жылы Ұлттар лигасы турнирінде (UEFA ұйымдастыратын ұлттық құрамалар арасындағы жарыс) С дивизионында өз тобында Әзербайжан, Словакия, Беларусьтан озып, бірінші орын алған еді. Ереже бойынша, Ұлттар лигасында өз тобында бірінші болған құрама Еуропа чемпионатына іріктеу арқылы жолдама ала алмаса, Ұлттар лигасының плей-оффы арқылы лицензияға таласа алады.

Рамазан Оразов Словениямен матчтан кейін.

Рамазан Оразов Словениямен матчтан кейін.

Қазақстан наурыздың аяғында Грекиямен ойнайды, егер Грекияны жеңсе, Грузия-Люксембург арасындағы матчтың жеңімпазымен жолдамаға таласады.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты 14 маусым – 14 шілде аралығында Германияда өтеді. Қазір іріктеу турнирі арқылы жолдама иеленген 20 ел белгілі, ал қалған төрт жолдама Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы сарапқа салынады.

Ұлттық құраманың бапкері Магомед Адиевпен келісім-шарттың мерзімі биылғы жылдың аяғында бітеді. Жаттықтырушы Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) келісім-шартты созып, мүмкіндік берсе, Ұлттар лигасы арқылы жолдамаға таласып көруге дайын екенін меңзеді.

– Егер ҚФФ президенті сенім артып, бастаған істі аяғына дейін жеткіз десе, шынымен, бастаған істі соңына дейін апарып, екінші мүмкіндігімді пайдаланғым келеді, – деді Адиев.

ЛЮБЛЯНАДАҒЫ ҚАЗАҚ ЖАНКҮЙЕРЛЕРІ

Словениядағы ойынға келген қазақстандықтардың көбі – Еуропада оқитын студенттар я жұмыс істеп жүргендер. Бұдан бөлек, елден де оннан аса жанкүйер келген. Люблянада Астанадан, Алматыдан, Павлодардан матчқа арнайы келген қазақстандықтарды, Швейцариядан, Лихтенштейннен, Австриядан, Хорватиядан, Венгриядан, Даниядан, Кипрдан, Польшадан, Чехияда жеткен қазақстандықтарды жолықтырдым.

Словениямен ойынға келген қазақстандық жанкүйерлер.

Словениямен ойынға келген қазақстандық жанкүйерлер.

19-20 қарашада Люблянаның орталығында Қазақстан туы мен футбол құрамасының жейдесін киген жанкүйерлер жиі кездесті. Италияда докторантурада оқитын Нұржігіт Екібаев нәтижеге қарамастан ұлттық құрамаға ризашылығын білдірді.

– Қандай нәтиже көрсетсек те, құрамаға разымыз. Осы жетістік үшін футболшыларға рақмет айтамыз, – деді ол.

azattyq.org

Related Articles

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

  • Мәжіліс әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

    Қазақстан әскері жаттығу кезінде. 15 қарашада Қазақстан парламентінің төменгі палатасы әскери резервті жасақтау туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Құжаттың ресми атауы – “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне резервтегі қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы. Құжат Қазақстанда “әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізуді қарастырады” деп жазды ресми БАҚ. “Заң жобасын іске асыру азаматтарға резервте әскери қызмет етуге мүмкіндік береді. Ол үшін келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Жауынгерлік жиындар 30 күнде іске асырылады. Резервтегілерге арналған сабақтар ай сайын екі-үш күн болады” деді парламент отырысында қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов. Ресми ақпаратқа қарағанда, әскери резерв 2025 жылға қарай жасақталады. Бірінші

  • Қазақстан Солтүстік Ирландияны жеңді. Құраманың Еуро-2024 додасына шығуға мүмкіндігі сақтаулы

    Руслан МЕДЕЛБЕК Қазақстан құрамасының ойыншылары жанкүйерлерге алғыс айтып жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Футболдан Қазақстан құрамасы Еуро-2024 турниріне іріктеу аясында Солтүстік Ирландияны жеңді. Астанадағы матчта жеңіс голын “Ақтөбе” шабуылшысы Максим Самородов салды. Қазақстанның келесі жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына шығуға мүмкіндігі әлі де сақтаулы. Матчтың 27-минутында Абзал Бейсебековтің алаң ортасынан шығарған пасын Максим Самородов әдемі голға айналдыра білді. Максим қатты келген пасты аяғымен тоқтатты да, қарсылас қақпасының сол қапталына бағыттаған. Солтүстік Ирландия қақпашысы Бэйли Пикок-Фаррелл қолын созғанымен жетпеді. Доп қақпада. 30 мың жиналған стадион тулап сала берді. Гол авторы Максим Самородов (10-нөмерде) мен Қазақстан ойыншылары голды тойлап жатыр. Астана, 10 қыркүйек 2023 жыл. Осы голдан кейін Солтүстік Ирландия шабуылды

  • АҚШ украин сарбаздарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге рұқсат берді

    F-16 жойғыш ұшағы.         АҚШ президенті Джо Байден украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшағын басқарып үйретуге рұқсат берді. Бұл жөнінде Пентагонның баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх хабарлады. Оның айтуынша, Нидерланд және Дания оқыту жағына жауап беруі мүмкін. Пентагон өкілі бұдан өзге ақпарат бермеді. Шілде айында Politico журналы Дания мен Нидерланд бастаған 11 елден құралған коалиция украин ұшқыштарын F-16 жойғыш ұшақтарын басқарып үйретуге дайын екенін, алайда ол үшін ұшақты шығарушы ел АҚШ-тың ресми рұқсаты қажет екенін хабарлаған. Басылымның жазуынша, дегенмен 11 елдің ешқайсысы әзірге ол бағдарлама үшін ұшақ бөлмеген. Шілде айында Ақ үйдің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби оқыту мерзімі, орны мен ұзақтығы әлі қарастырылып жатқанын айтқан. Өткен аптада Politico

  • “Лукашенконың қалжыңы”. Тоқаев Ресей-Беларусь одағының Қазақстанға қажеті жоғын айтты

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенко. Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “ядролық қару да ортақ болу үшін” Қазақстанды Ресей мен Беларусьтің одағына қосылуға шақырған Александр Лукашенконың сөзіне байланысты пікірін жариялады. “Оның қалжыңын лайықты бағаладым. Менің ойымша, одаққа қажеттілік жоқ, өйткені өзге де интеграциялық құрылымдар, соның ішінде Еуразия экономика одағы бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, бізге оның қажеті жоқ. Өйткені Ядролық қаруды таратпау туралы келісімге және Ядролық сынаққа тыйым салу туралы келісімге қол қойғанбыз. Біз осы халықаралық құжаттар бойынша алған міндеттемелерімізге берік боп қала береміз”, – деді Тоқаев. Тоқаев бұл сөзді бүгін Солтүстік Қазақстан облысына барып, фермерлермен кездескен кезінде айтқан. Бұған дейін Беларусь президенті Александр Лукашенко Ресей телеарнасының “Москва.

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: