|  |  | 

Жаһан жаңалықтары Спорт

Өз ұлтын сүймегеннiң сөзi осындай

Қазақ даласына келетiнi есiне түсiп, аяғын тартқаны шығар, Германия ұлттық құрамасы мен түрiктiң “Галатасарай” клубында ойнайтын поляк Лукаш Подольский сандырағы үшiн бiздiң елден кешiрiм сұрады. Қазақ футбол клубтарының арасынан елордалық “Астана” тұңғыш рет УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңiне шығып, бөркiмiздi аспан­ға ата қуанғанбыз. Топтық кезеңнiң жеребесi тартылып, “Астана” С тобында испандық “Атлетико”, түрiктiң “Галатасарай”, португалдық “Бенфика” клубтарымен тартысқа түсетiн болды. Топтық кезеңнiң жеребесi тартылған соң Лукаш Подольский туиттердегi парақшасына “Бораттың елiне баратын болдық” деген сыңаржақ пiкiрiн жазып, мазақ еткен-дi. Артынша бұл ерсi қылығына қымсынып, кешiрiм сұрады.

Өз ұлтына жаны ашымайтын Подольский ғой бұл. 2008 жылы өткен Еуропа чемпионатында Германия құрамасы Польша футболшыларын 2:0 есебiмен ұтқаны белгiлi. Мiне, осы екi голды да Польшаның Гдивице қаласында туған Лукаш Подольский соқты. Өзге елде сұлтан болып аузыңнан ақ май ағып жүрсе де туған жерiң, атажұртың, кiндiк қаның тамған Отаның жұмақ мекенiң емес пе? Өзiнiң Отанының құрамасына екi гол соққанын мерекелеген Подольскийдiң парықсыздығы сол кезде бiр сөз болып едi. Ендiгiсi мынау. 30 қыркүйекте “Астана арена” стадионында елордалық клуб “Галатасарайды” қабылдайды. Подольскийдiң сол кезде қазақтың қандай екенiне көзi жетедi.
Ж. Тоқтаров,
Астана қаласы.
zhasalash.kz

Related Articles

  • Ауғанстанды Сталин де бағындырмақ болды. Не себепті қолынан келмеді?

    Моджахедтермен күреске жұмылдырылған совет жасағы. Орталық Азия, 1920-жылдар 2001 жылғы лаңкестік шабуылдан кейін АҚШ «әл-Қаида» мен тәліптерге соғыс жариялап, Ауғанстанға басып кірді. Бұл соғыс 20 жылға ұласып, Батыс әскерінің ол елден кетуімен және тәліптердің билікке оралуымен аяқталды. Ауғанстанның оңай шағылар жаңғақ емес екенін Сталиннің тәжірибесі де көрсеткен. Ол бұл елді бағындыруға үш мәрте талпынып, үшеуінде мақсатына жете алмаған. Совет мектептерінде оқушыларға аграрлық Ауғанстан Совет одағын бірінші болып мойындады деп үйретті. Бірақ оның қандай жағдайда болғанын нақтыламады. 1919 жылы 27 наурызда Ленин үкіметі мен Ауғанстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Бұл келісімді Ауғанстан атынан Аманулла-хан жасады. Оның мұндай қадамға баруына себеп бар еді. Содан бір ай бұрын Ауғанстанда билік ауысып, Аманулла-хан өз

  • Украина мен Ресей арасы не болып жатыр? 6 сұраққа жауап

    Майк ЭККЕЛЬ Ресей әскери күштері Қырымдағы жаттығу жиынында. 19 наурыз, 2021 жыл. Кейінгі күндері әлеуметтік желіде ресейлік ауыр әскери техника тиелген пойыздардың бірнеше видеосы тарады. Түрлі ақпарат көздері пойыздардың Сібірден Украинамен шекаралас аудандарға бара жатқанын айтады. Ал Ресей бақылауындағы Қырым көпірі қысқа уақытқа жабылып қалған. Бұл да қару-жарақ тасымалына байланысты болуы мүмкін. Ресейдің мемлекеттік телеарналары болса, Украина мен Ресейдің қолдауына ие сепаратистік күштердің шартты шекарасында артиллериялық атыс болып жатыр деген үрейлі ақпар таратумен әлек. Мұның бәрі Украина мен Ресей арасындағы “қырғи-қабақ” соғыс кескілескен шайқасқа айналады дегенді білдіре ме? Азаттық мәселенің жай-жапсарын түсіндіру үшін Украина-Ресей текетіресіне қатысты алты негізгі сұраққа жауап ұсынып отыр. УКРАИНАНЫҢ ШЫҒЫСЫНДА ОНСЫЗ ДА СОҒЫС БОЛЫП ЖАТҚАН ЖОҚ

  • “Санкциялар мен өткір мәлімдемелер сайысы”. Байден келгелі үш держава арасы не болып жатыр?

    Юрий ЖИГАЛКИН АҚШ президенті Джо Байден баспасөз мәслихаты кезінде журналистер сұрағына жауап беріп тұр. Байден әкімшілігінің Қытай мен Ресейге қарсы шығу себебі не? Ақ үй Кремльге ірі санкция сала ма? “Солтүстік ағын-2″ газ құбырының болашағы қандай? Байденнің сөзі мен ісі бір жерден шыға ма? Қытай неліктен АҚШ мемхатшысына өткір жауап қайтарды? Азаттықтың Орыс қызметі Калифорниядағы Гувер институтының қызметкері, экономист Пол Грегоримен, саясаттанушы, Вашингтондағы Кеннан институты директорының орынбасары Дэвид Саттермен және Массачусетстегі Эндикот колледжінің Қытай бойынша маманы Виталий Козыровпен осы және өзге де мәселелерді талқылады. Джо Байден президент болғалы екі айдан асты. Осы уақытта ол сыртқы саясатта ешкім күтпеген әрекеттерге барды. “Сайлауға қол сұқса, Ресей Трампты, ал Қытай Байденді қолдайды”. Былтыр президент сайлауында америкалық сарапшылар осылай

  • АҚШ пен Қытай арасындағы бәсекеде Орталық Азия текетірес аренасына айнала ма?

    Рейд СТЭНДИШ Қытай лидері Си Цзинпин (оң жақта) мен Қазақстанның сол кездегі президенді Нұрсұлтан Назарбаев Батыс Қытайдан Батыс Еуропаға жүк таситын теміржолдың ашылу салтанатында. 8 маусым 2017 жыл. Қытай мен АҚШ арасындағы бақталастықтың артуы Еуразия елдеріне әсер етпей қоймайды. Себебі қос держава да әлемнің басқа бөлігімен салыстырғанда Еуразияға өзгеше стратегиялық көзқараспен қарайды. Бұл құрлық екі держава арасындағы бәсекедегі негізгі аренаға айнала ма? Пекин мен Вашингтон қарым-қатынасының нашарлауы 18-19 наурыз күндері Аляскада АҚШ пен Қытайдан келген ресми тұлғалардың арасында өткен екікүндік келіссөзде айқын көрінді. Кездесуде екі тарап сөзбен шарпысып қалды. Аляскадағы кездесу қос мемлекеттің қарым-қатынасы түзелуі мүмкін деген үмітті жоққа шығарды. Бұл – Джо Байден АҚШ президенті болып сайланғалы әлемдегі ірі екі

  • Пашинян елде әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеді

    Армения премьер-министрі Никол Пашинян. Армения қарулы күштерінің бас штабы премьер-министр Никол Пашинян мен үкіметті отставкаға кетуге үндегеннен кейін премьер-министр елде әскери төңкеріс жасау талпынысы болғанын мәлімдеді. Бас штабтың ақпарат департаменті 25 ақпан күні таратқан мәлімдемеде бас штаб төрағасының бірінші орынбасарының “болмашы себеппен” қызметтен босатылуына қарсылық ретінде сондай үндеу жасалғанын хабарлаған. “Бұл Арменияның ұлттық және мемлекеттік мүдделерін ескермей отырып жасалған қадам. Осындай күрделі шақта мұндай шешім мемлекет мүддесіне қайшы, жауапсыз қадам” делінген қарулы күштер таратқан мәлімдемеде. Олар осындай “күрделі шақты премьер-министр мен үкімет бұдан әрі қарай ақылға қонымды дұрыс шешім қабылдай алмайды” деп санайды. Қарулы күштер өздерінің талаптарын орындату мақсатында күш қолдана ма, жоқ па, белгісіз. Ал Никол Пашинян отставкаға кетпейтін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: