|  | 

Жаңалықтар

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасының баламасын жасап шығарды

 ЖилстройсбербанкБанк салымшыларын 2022 жылға дейін қолжетімді баспанамен  қамтамасыз ету мақсатында «Бәйтерек» Холдингінің еншілес компаниясы – «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ «Өз үйім» атты дағдарысқа қарсы бағдарламаны  дайындап шығарды. Бағдарлама 3 бағыттан тұрады: жергілікті атқарушы органдардың өзара әрекеттестігі, мемлекеттік-жеке серіктестік және екінші деңгейлі банктермен ынтымақтастық.

Қазіргі уақытта ЖАО (жергілікті атқарушы орган), екінші деңгейлі банктер және құрылыс компанияларымен келіссөздер жүргізілуде.

«Өз үйім» бағдарламасының негізгі артықшылықтары – Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшыларына толықтай басымдық беріледі, бір шаршы метріне төмен баға қарастырылып, валюта бағамдарына тәуелсіз болмақ және үй сатып алу кезінде ерекше талаптар қойылмайды. Бағдарламаға  Банктің кез-келген клиенттері қатыса алады, алайда бірінші болып үй сатып алу құқығына баспанасы жоқ салымшылар ие болады. Аталған жобаның Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынан бір айырмашылығы – салымшылардың Алматы және Астана қалаларында соңғы екі жылда тіркеуде тұруы міндетті емес.

Қазіргі уақытта Бағдарламаның әр шаршы метрге  орташа көрсеткіші  180 мың теңгені құрап отыр. Қарыз төлемінің жылдық пайызы 5-10% аралығында.  2016 жылы бағдарламаның барлық бағыты бойынша жасалатын жұмыс көлемі 350 мың шаршы метрді құрамақ. «Өз үйім» Бағдарламасы аясында  барлығы  1,5 млн. ш.м. үй салу  жоспарланып отыр.

Аталған бағдарлама Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына керемет қосымша болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары осы бағдарлама арқылы баспананы  қолжетімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне қол жеткізбек. «Өз үйім» бағдарламасының бірегейлігі – салымшылар ашық түрде дауыс беру арқылы құрылыс компаниясын және  баспана жобасын өздері таңдайды. Бағдарламаны  Банк жеке қаражатынан қаржыландырады.

Осы жылы «Жас отбасыларға арналған үйлер» және «Халықтың барлық санатына арналған үйлер» бағыты бойынша  Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында 459 мың шаршы метрді құрайтын келісім жүзеге асады.  Мемлекеттік бағдарлама аясында да баға тұрақты. Бір шаршы метр үшін өңірлерде бекітілген баға 90-115 мың теңге болса, ал Астана мен Алматы қалаларында 142,5 мың теңге болмақ.

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: