|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тұлғалар

Әлихан Бөкейханның өмірі

5 наурыз – 20-ғасыр басындағы қоғам және мемлекет қайраткері, “Алашорда” автономиялық үкіметінің төрағасы Әлихан Бөкейханның туған күні. Қайраткер 1937 жылы шілде айында өз қолымен толтырған тұтқын анкетасында дүниеге 1866 жылы 5 наурыз күні келгенін жазған. Әлихан Бөкейхан 1937 жылы 71 жасында Мәскеуде Сталиннің бұйрығымен атылды.

1

Әлихан Бөкейханның кейіннен табылған суреті. Фото Ресейдің Омбы мемлекеттік тарихи өлкетану мұражайының Орыс императорлық географиялық қоғамы Батыс Сібір бөлімі қорында сақталып келген. Сурет табылған папкада фотоға “Алиханъ Букейхановъ. Павлодаръ, 1908″ деген анықтама берілген. Суретті тауып, көшірмесін жариялаған – Сұлтанхан Аққұлы.

2

Сурет 1906 жылы түсірілген. Саясаткер 1866 жылы бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. Омбы және Санкт-Петербургте білім алған. Өткен ғасырдың басында Ресейдегі түрлі қозғалыстар мен партиялардың жұмысына араласып, тәжірибе жинайды.

3

“Алаш” қозғалысы мен Алашорда ұлттық территориялық автономиясының жетекшілері (солдан оңға қарай) Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан және Міржақып Дулатұлы. Әлихан Бөкейхан 1906 жылы бірінші мемлекеттік думаға депутат болып сайланды. 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақ құрылтайында “Алаш” автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейханов “Алашорда” автономиялық үкіметінің төрағасы болып сайланды.

4

Самар қаласындағы Ресейдің конституциялық-демократиялық партиясының мүшелері. Жоғарғы қатарда сол жақ шетте тұрған Әлихан Бөкейхан. Самар қаласы, 1915 немесе 1916 жыл.

5

20 басындағы қазақ зиялыларының тобы. Бірінші қатарда қақ ортада ақ жейдемен отырған Әлихан Бөкейхан, оның сол жағындағы адам – Абайдың ұлы Тұрағұл, оның жанында отырған Жұбандық Болғанбаев. Екінші қатарда оң жақтан екінші тұрған Көкбай Жанатайұлы. Өзгелері белгісіз. Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан.

6

Алашорда ұлттық-территориялық автономиясы үкіметінің (Халық Кеңесінің) мүшелері Алаш қаласына (Заречная Слободка, Семей) көшіп келіп қоныстанған 1918 жылы. Үшінші қатарда отырғандар: солдан оңға қарай бірінші – Ахмет Байтұрсынұлы, бір кісіден кейін басына ақ кепкі киген – Алашорда төрағасы Әлихан Бөкейхан. Алаш, 1918 жыл. Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан

7

Әлихан Бөкейхан, Алашорда ұлттық-территориялық автономиясын бастап Алаш (Заречная Слободка, Семей) қаласына көшіп келген 1918 жылы. Бұл сурет Алашорда автономиясы үкіметінің топтық суретінен үлкейтіліп алынды. Сұлтан Хан Аққұлының жинағынан.

8

Әлихан жиені Ескендірмен.

9

Мәскеу, 1935 жыл.

10

Әлихан Бөкейхан, Мәскеуде саяси қуғында жүрген жылдарында. Сұлтан Хан Аққұлының жеке мұрағатынан.

11

Әлихан Бөкейхан 1937 жылы 71 жасында Мәскеуде Сталиннің бұйрығымен атылды. Атылар алдындағы суреті. Бутырка түрмесі, Мәскеу, 1937 жыл.

12

Әлихан авторы әрі редакторы болған «Голос степи» газетінің 1907 жылы қаңтардың 13-і күні шыққан саны.

13

Әлихан Бөкейхан шығарған “Иртышъ” және “Омичъ” газеттері.

14

Самар губерниялық жандарм басқармасының жансыздардың бақылауында болған адамдарға толтырған іс құжаттарының мұқабасы.

15

Әлиханды бақылауда ұстаған Самар губерниялық жандарм басқармасы оны сыртынан «Асман» деген лақап атпен атаған.

16

Әлиханның Қазақстанға баруына қалай қарайтынын сұрап Сталиннің Голощекин мен Нұрмақовқа жолдаған жеделхатының қолжазбасы.

17

Әлиханды тұтқындау және пәтерінде тінту жүргізу туралы берілген ордер.

18

Әлихан 1937 жылы шілде айында тұтқындалған кезде өз қолымен толтырған анкета. Ресей ФСБ-ның мұрағатындағы құжат.

20

Әлиханды ату жазасына кесу туралы СССР Жоғары Соты Әскери алқасының 1937 жылы қыркүйектің 27-сі күні шығарған үкімінің көшірмесі. Ресей ФСБ-ның мұрағатындағы құжат.

22

Атуға кесілген Әлиханға қатысты үкімнің 1937 жылы қыркүйектің 27-і күні Мәскеу қаласында орындалғаны туралы құпия анықтама.

23

Әлихан Бөкейханның Петербордағы Императорлық орман институтын 1894 жылы тәмамдағаны туралы аттестат (диплом).

24

1930-1942 жылдар аралығында сталиндік қуғын-сүргін құрбаны болғандар көмілген бауырластар моласындағы ескерткіш. Осында Әлихан Бөкейхан да жерленген. Дон зираты, Мәскеу, Ресей.

Азаттық радиосы

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: