| 
  • Жаңалықтар

    Өткенде Форбсқа кіргісі келіп еді, енді біреу шыққысы келіп жүр..

    Өткенде Форбсқа кіргісі келіп еді, енді біреу шыққысы келіп жүр.. Шынымен, кеше Президентпен кезектен тыс “кездесу” өтті, дәлірек айтқанда жаңа форматтағы ДИАЛОГ және керемет! Шикізат бизнесімен айналыспайтын және құбырға, субсидияға отырмайтын біз үшін кездесу ұнады, атап айтқанда мынадай тармақтар: – Бизнеске сәйкес саяси реформалар бағдарламасы – Мемлекеттік. сектор экономиканың бір бөлігі ғана, мемлекеттің экономикаға қатысуы төмендеуі болады – Елдің дамуы бизнеске байланысты – Салықтың адалдығы, (айтпақшы, бұл бизнестің патриотизмі, бұл туралы кейінірек жазамын) – Білім беру реформасы және жас техниктер – Реформа дегеніміз – алып кету емес, бизнес пен елді бірге дамыту. Қайталап айтамын – БІРГЕ ! (Елбасы сөзі) – Отандық кәсіпкерлер кеңесі. – Ақырында, «кедергі» бизнесті мемлекетке қарсы қылмыс

    109
  • Жаңалықтар

    Ту ұстаған қазақ тірі

    Кең тараған суреттің кейіпкері Берік Әбішев қазір Алматыда ауруханада жатыр. 6 қаңтар күні ағасы звандаған кезде, Беріктің телефонын бөтен біреу көтеріп, “Мен оны атып тастадым!” деген. Бауырлары бірнеше күн іздеп, 8 қаңтар күні 12-ауруханада операциядан кейін ес-түссіз жатқан жерінен тауыпты. Содан бері ағасы Ерик Әбішев оның жанында. Есін жиған соң полиция алып кете ме деп қорқады және жұртшылықтан қолдау күтеді. Суретте ту ұстап жүрген Берік екеніне сол кезде жанында болған адамдар куә дейді ол. Ары қарай Еріктің телефон арқылы айтқан әңгімесі. “Мені, әпкемді танып отыр. Бірақ кеше досы келіп еді, оны танымады. Ештеңе есінде жоқ. Құлағы дұрыс естімей қалған. Сүйемелдеумен ақырын жүреді, тамақ ішеді. Дәрігерлер Берікке оқ емес, жарықшақ тиген,

    111
  • Жаңалықтар

    Тек ҰҚК қызметіне ғана тиесілі ПП пулемет-тапаншалары лаңкестерде қайдан жүр?

    «Әскерилердің жоспарын қасақана бұзған басшы кім?»: подполковник Алматыдағы бүлікке қатысты өз нұсқасын айтты «Ұлттық гвардия ҰҚШҰ (ОДКБ) күштеріне жүгінбей-ақ өз бетінше террористерді жеңе алатын ба еді, деген «Караван» басылымының сауалына Ұлттық гвардия командирінің техника және қару-жарақ жөніндегі бұрынғы орынбасары, ҚР Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері Әскери институтының аға оқытушысы, подполковник Ермек ТҮСІПЖАНОВ жауап берді. – Бүгін лаңкестер мен тонаушылардан әскери қарулар тәркіленді деген ақпаратқа тап болдым. Бір көргеннен-ақ бұл қаруды әдетте ҰҚК арнайы қызметінің жауынгерлері қолданатынын анықтадым: ПП (автомат-тапанша). Тоналған қару-жарақ қоймаларында мұндай қарулардың ешқайсысының жоқ екені анық. Ішкі әскерлерде, яғни ұлттық гвардия әскерлерінде жүргізушілер, кинологтар сияқты кіші мамандар толығымен АКСУ-мен қаруланған. Ешкімде ПП автоматы жоқ. Мұндай автоматтар тек ҰҚК арнайы жасақтарына

    38
  • Жаңалықтар

    Тоқаев қорғаныс министрін ауыстырды

    Ақорда. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Руслан Жақсылықовты қорғаныс министрі етіп тағайындады. Арнайы жарлық сәрсенбі күні Ақорда сайтында жарияланды. Бұған дейін Жақсылықов ішкі істер министрінің орынбасары – Ұлттық ұланның бас қолбасшысы қызметін атқарған. Оның орнына Еркін Ботақанов тағайындалды. 2021 жылы тамызда Жамбылдағы әскери қоймадағы жарылыстан кейін қорғаныс министрі болып тағайындалған Мұрат Бектанов қызметінен босатылған. Оның қандай қызметке тағайындалатыны әзірге айтылмайды. Сонымен қатар Билік ҰҚШҰ әскері ел аумағынан толық әкетілгенін хабарлады Қаңтар оқиғасына байланысты елге енгізілген Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының әскері Қазақстан аумағынан толық әкетілді. Қорғаныс министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы Олжас Құсайынов сәрсенбі күнгі брифинг кезінде осылай деп мәлімдеді. – Қазақстан Республикасының аумағында шет мемлекеттердің әскери қызметшілері жоқ, – деді департамент жетекшісі.

    52
  • Жаңалықтар

    Әбіләзов елге келіп, Уақытша үкімет тізгінін ұстайтынын айтты

    ПАРИЖ. 17 қаңтар. Францияда тұрып жатқан қазақстандық қашқын банкир Мұхтар Әбіләзов Қазақстанға оралып, Уақытша үкіметті басқаратынын мәлімдеді. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады. Қазақстандық оппозиционер өзінің премьер-министр болғысы келетінін айтып, Батыстан осыған көмектесуді сұрау ниеті бар екені жеткізді. Оның айтуынша, француз президенті Эммануэль Макронға бұл жайында білдірген. «Біз билікті ауыстырудың жоспарын жасап қойдық, біз режимнің кетуіне қол жеткіземіз. Мен Қазақстанға ұшып келіп, жарты жылдай Уақытша үкіметті басқаратын боламын. Содан кейін сайлау жарияланады. Егер онда біздің партия жеңіп шығатын болса, мен ашық түрде премьер-министр боламын. Президенттің лауазымы болмайды. Біз бұл лауазымды жоямыз», – деді Мұхтар Әбіләзов. Бұрынғы банкир сондай-ақ 2004 жылы бизнестегі әріптесі Ержан Тәтішевтің қазасы үшін Қазақстанда сырттай өмір бойы түрмеде

    73
  • Жаңалықтар

    Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш қызметінен кетті

    Мемлекет басшысының өкімімен Самат Әбіш Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы бүгін, 17 қаңтарда Ақорда сайты жазды. 40 жастағы Самат Әбіш – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Сатыбалды Назарбаевтың ұлы. Ол бұл қызметті 2015 жылдан бері атқарып келеді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 2010 жылдан бастап жұмыс істейтін Самат Әбіш күш құрылымдарындағы салмағы жоғары адамдардың бірі саналатын. 5 қаңтар күні, қаңтардағы оқиғалар шарықтап тұрғанда, Тоқаевтың өкімімен президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары болған Мұрат Нұртілеу Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалғанда, Самат Әбіштің тағдыры түсініксіз болып қалды. Билік оның қызметінен кеткенін, не өз орнында қалғанын айтпады. Бірақ санаулы күннен соң комитет Самат Әбіштің қызметінен кетпегенін, әлі де төрағаның

    58
  • Жаңалықтар

    Қасым-Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымындағы әріптестеріне бүгін, 13 қаңтарда бітімгерлік күштердің елімізден шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет беріп, Қазақстанға жасалған террорлық шабуыл кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы ұжымдық бітімгерлік күштерінің Қазақстанға қысқа мерзімге келуі ҰҚШҰ-ның беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті деп атап өтті.

    80
  • Жаңалықтар

    Шекарашылар Алматы қаласының стратегиялық маңызы бар нысандарын басып алуға жол бермеді

    ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің жеке құрамы құқық қорғау органдарымен және әскери құрылымдармен бірлесе отырып, Алматы қаласының Әкімшілігі мен стратегиялық маңызы бар нысандарын қорғауға тікелей қатысты. Митинг кезінде қылмыскерлер «Көктөбе» теледидар мен радиохабар мұнарасын басып алуға тырысты, осылайша бандиттер ақпараттық басымдыққа ие болып, өз талаптарын қоюды көздеген еді, алайда шекарашылар шабуылға тойтарыс берді. Сонымен қатар, шекарашылар «Медеу» селден қорғау бөгетінің периметрін де бақылауға алды. Контртеррористік операцияның белсенді кезеңінде Департаменттің әскери қызметшілері ҰҚК ШҚ арнайы бөлімшесімен бірге қылмыскерлерді, сондай-ақ заңсыз жолмен шетел асып жасырынуға тырысқан адамдарды анықтау және ұстау жұмыстарын жүзеге асырды. Шекара әскерлерінің бөлімшелері қазіргі кезде де нысандарда жауынгерлік кезекшілікті атқаруда.   ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

    13
  • Жаңалықтар

    Алматының тағы қай аудандары лаңкестерден азат етілді?

      Алматы полициясы 12 қаңтарға дейін қаланың қай аудандары лаңкестерден азат етілгенін айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Тәртіп сақшылары 12 қаңтарда жасаған жедел қорытындыда Алатау мен Медеу аудандарының учаскелері тексерілгені айтылған. “Жалпы 1 678 заңсыз әрекетке, тонау және басқа да қылмыстарға қатысқандар ұсталды. 36 атыс қаруы мен 1 476 оқ-дәрі тәркіленді. Қала периметрі бойынша орнатылған бес бақылау-өткізу бекетінде 38 адам ұсталды”, – делінген Алматы комендатурасы ақпарат орталығы хабарламасында. “102″ пультіне 881 хабарлама, комендатураның call-орталығына азаматтардан жедел әрекет етуді талап еткен 136 дабыл түскен. Барлық хабарламалар тексерілгені айтылды. Айта кетейік, бұған дейін 10 қаңтарда Сайн – Райымбек – Карьерная – Жандосов көшелерінің аумағы, Абай – Достық – Әл-Фараби – Желтоқсан көшелерінің аумағы қылмыскерлерден тазартылғаны хабарланған

    12
  • Жаңалықтар

    “Тоқаевтың маңына Назарбаевтың пропагандистері мен бұлбұлдары топтасты”

    Аян ҚАЛМҰРАТ Қасым-Жомарт Тоқаев “Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси құрылымдағы және бизнестегі кейбір адамдары “жартылай транзит” аяқтап әрі билікке ықпалын күшейтіп жатқан Тоқаев жаққа өтті” деп санайды қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Тоқаевтың парламенттегі сөзінен кейін Азаттық сарапшымен сөйлесіп, елдегі өзгерістерді талқылады.  Азаттық: Парламенттегі жиында Тоқаев тағы да Қазақстанға қарсы қандай да бір “күштер” ұйымдастырған “террористік соғыс” туралы айтты. “Жау қатыгездікпен кез келген әрекетке баруға дайын екенін көрсетті” деді ол. Тоқаев сөзінде атамаған “жау” кім? Досым Сатпаев: Біраз адам бұл мәлімдемеден нақтылық күтті. Тым болмаса адамдардың атын атайды деп ойлады. Қазір сахна сыртында әлдебір келіссөздер жүріп жатқан сияқты. Бәлкім, күдікке ілінгендермен келіссөз жүріп жатуы да мүмкін. Айтылмаған жайт көп. Олигархтар, қаржылық-шаруашылық топтар туралы

    19
load more

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: