|  |  | 

Суреттер сөйлейді Тарих

ДЖЕНТЕЛЬМЕН

Highgate

Ғалым БОҚАШтың facebook парақшасынан алынды

Лондонның солтүстігіндегі табиғи орманы сол күйінше сақталған Хайгейт шағын ауданында тұратын досым ауылындағы әйгілі орындарды көрсетіп, әдеттегідей экскурсия жасап жүр. “Мынау – Сэмюэл Кольридж өмірінің соңына қарай жиырма шақты жыл тұрған үй” дейді. Кәдімгі жапсарлас салынған таун-хаустың бір пәтері. Сосын француз революциялары қатты шабыттандырған ақынның Кембридж университетінен қалай қуылғаны туралы хикая айтылады. Бірнеше өлеңінен үзінді оқылады. Кольридж (1772 – 1834) Құбылай хан туралы поэмасын осы Хайгейттегі үйінде бастап, аяқтай алмай өмірден озған.

Орман ішін жарып өтіп зәулім сарайдай алып коттедждердің алдынан шығамыз. “Ал мына үйлерде қандай әйгілі адамдар тұрған?” деп сұраймын. Ұзын бойлы, сіңірлі сида денелі, әппақ сақал мұртты, жүзін күн қаққан классикалық ағылшын джентельмені бетіме көзін сығырайтыңқырап жымиып қарайды да: “Тұрған емес, тұрады” деп түзетеді. “Бұлар кім болды екен?” деп тықақтап қоймаймын. “Мына биік қоршауының үстінен тікенек сым жүргізген сұр үйлер бұрын СССР-дің елшілігінде істеген КГБ генералдарының мекені еді. 1991 жылы қандай да бір жолмен жаппай жекешелендіріп алды” дейді ардагер журналист. Әлгі үйлердің төңірегінен жан баласы көрінбейді.Кладбище Хайгейт. Лондон.

Сәл жүргесін досым: “Ал мына қарсы беттегі зәулім сарай – Санкт Петербургтің бұрынғы мэрі, өзің білетін аса белгілі ханымның резиденциясы” дейді. “Мүмкін емес, тым шағын ғой” деймін сеніңкіремей. “Жоқ, бұл – күзетшілері тұратын үй, арғы жағына көз сал” дейді досым бірнеше қабатты, алды-артын фонтандар мен гүлзарлар қоршаған жалпақ дәу сарайды нұсқап. Біразға дейін үнім шықпай қалады. “Қайтесің, дүниенің небір әйгілі ғұламасын да, қарақшысын да қатар сыйдырған Лондон ғой” дейді ол.Кладбище Хайгейт. Лондон.

Лондонға қашқан советтік және пост-советтік эммигранттар тарихын бір түгендеп, Хайгейт төбесінен алақанға салғандай көрінетін алып қаланың панорамасына қарап біраз отырамыз. “Неге қоғамдық орындарда, парктер мен осындай ормандарда әлдебір адамдардың аты-жөндері ойып жазылған ұзынша ағаш орындықтар көп қойылған?” деп сұраймын. “Ұлыбританияда соңғы кезде дәстүр болып кеткен құбылыс. Адамдар өмірден озған жақындарының зираттарына көп ақша шығармайды. Оның орнына марқұмдардың жиі барып тұрған, жақсы көрген орындарына осындай орындықтар қояды. Шаршап келіп отырған кезде арқалығынан аты-жөндерін оқып, бір дұға қып қоюға болады” дейді.Хайгейт кладбище Лондон

Жолай сол маңдағы ағылшын пабына кіреміз. Англияда тек пабта ғана бейтаныс адамдарға еркін тіл қатып, әзілдесуге болатын жазылмаған қағида бар. Дәстүрлі қуырылған балық пен картоп күтіп отырып, досым көрші үстелдегі ағылшын қыз-келіншекке асқан сыпайылықпен әрі суреткерлікпен комплимент айтып тастайды. “О, тоба, Англияда көз бен көңілді, ақыл мен түйсікті қатар сүйсіндіретін табиғи сұлулар әлі бар екен-ау” деген сияқты:) Ханымдар: “Құдай-оу, Виктория заманынан уақыт мәшинесіне мініп қазіргі заманға тіке түскендей бұл неткен нағыз джентельмен” деп мәз болысады. Кейде қатар отырған жігіттерінің өзі “Біз жеткізе алмай жүрген сөзді дәл айтқан шешендігіңізге тәнтіміз” деп қол соғып жатады.

Біраздан соң досымның дәл орман шетіне түскен көше бойындағы екі қабатты шағын үйіне ораламыз. Әуелі бір қабатты жапырайған үйшік болыпты. Төртінші перзенті дүниеге келгенде тарлық қылады деп екінші қабатты өзі қосып салып алған. Бақшасында жеміс ағашының неше түрі өсіп тұрады. “Артқы аулада сен көрмеген бір жаңалық бар” дейді балаша қуланып. Сөйтсем, қолдан тоған жасапты. Жағалата қамыс-қоғаның бір декоративті түрін егіпті. Ішіне бақа, су тасбақасы мен тритон жібермекші екен. Әңгіме бала-шағаның жайына қарай ауады. Үлкен қызы ғана Англияда. Үш ұлы дүниенің үш бөлігінде білім іздеп, кәсіп қылып жүр. “Кенже ұлымды өзіңе Прагаға ертіп апарған соң, Шығыс Қазақстанды да бір шарлаттым. Айтып па ем саған? Қазір Мьянмада тіл тәжірибесінен өтіп жүр” дейді шаттанып. “Үйде мен көрмеген бір балалар жүр ғой?” десем, “Иә, ортаншы ұлдың достары ғой, біреуі – Малайзияның қытайы, екіншісі – Бразилиядан” деген жауап естимін. Сол уақытта зейнет жасына жетсе де, кәсіпкерлігін тастамаған дизайнер әйелі сыртқа шығып шайға шақырады.Кладбище Хайгейт. Лондон.

Кетерде ішіме сыймаған және бір сауал қоям: “Неге әлі 1992 жылғы Volvo-мен жүрсіз? Келімді-кетімді қонақтарыңыз бар. Халықаралық ірі БАҚ-тардың тілшісі ретінде Йоханнесбургтен Мәскеуге дейінгі аралықта ондаған елге танымал болған журналиссіз, сарапшысыз. Ресми бір кездесуге шақырғанда мына темір астауды салдырлатып барасыз ба?” Досым төргі бөлмесінің қабырғасындағы әйелімен және бала-шағасымен дүниені шарлаған саяхат суреттеріне нұсқап: “Қалтама түскен артық тиын-тебенді білім алу мен жиһанды кезуге жұмсап келем. Қымбаттау көлік алатындай артық ақшам жоқ. Көбіне уақыт үнемдеп метромен жүрем. Кейде ұятты жерге бару керек болса, қымбаттау көлікті бірнеше күнге жалға ала салам. Сол тиімді емес пе?” дейді. “Әлбетте” деп құлшына қостаймын бұл ойын. “Әлбетте”.

Кладбище Хайгейт. Лондон.

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: