Семей жұртын үрейлендіріп, жаппай бұзақылық жасамақ болған 20 жігіт ұсталды
Семей жұртын үрейлендіріп, жаппай бұзақылық жасамақ болған 20 жігіт ұсталды. Айқайлап көшеге шыққан бір топ жігіт, тіпті жолды жауып, көліктердің өтуіне кедергі келтірген-деп қабарлайды 31.kz.
Куәгерлер түсірген бейнежазбада бір адамның жерде жатқаны байқалады. Соған қарағанда жиырмаға жуық азамат төбелес ұйымдастырмақ болуы мүмкін деген болжам бар. Түнгі сағат он бірлер шамасында қоғамдық тәртіпті бұзғандардың басым бөлігі мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Құқық қорғау органдары олардың ата-аналарымен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ұсталғандардың барлығы дерлік ешқайда шықпау туралы қолхатпен босатылған. Қазір олардың неліктен мұндай әрекетке барғандығы анықталып жатыр.
Елубек Оспанов, Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің жетекшісі:
- Бұлардың ішімдік ішкені болмаса, есірткі шекті ме шеккен жоқ па не болмаса қандай мақсатпен, не мақсатпен сол қоғамдық орында осылай тыныштықты бұзып, айқайлап шулап жүргенін анықтайтын боламыз.
Пікір қалдыру