|  |  |  | 

Көз қарас Тарих Тұлғалар

Жаудың алдында бас имеген Бөкенбай батыр!

12.04.2016ж.      Ақтау қаласы

bgenbai bair

Бөкенбай Қарабатырұлы

 

Қазақ халқы елдігін сақтау жолында қан төгіп, жан берген аруақты тұлғаларын қастерлеуден жалыққан емес. Бұл мақала 1726-1729 жылдардағы Бұланты, Бөленті, Аңырақай, Қалмақ қырылған т.б. соғыстарда жоңғарларға қарсы қол бастаған даңқты қолбасшы, тарихи тұлға, айбынды саясаткер, азаттық үшін күрес жолында жанын құрбан еткен Табын Бөкенбай Қарабатырұлы туралы.   

 

1710 жылы Дүрбін-Ойрат тарапынан қатер туғанын аңдаған Тәуке хан Қарақұмда бүкіл Қазақ Ордасының құрылтайын шақырғаны туралы тарихтан белгілі. Сол құрылтайда қалмақ басқыншыларына қарсы күрес жүргізу үшін біріккен қазақ әскерінің Бас қолбасшысы болып Бөкенбай Қарабатырұлы сайланады. Қазақ Ордасының тарихында тұңғыш рет ұлыс тағдыры хан мен сұлтанға емес, қара қылыш батырға сеніп тапсырылды.

Сол жиында сөз алған Бөкенбай батыр ортаға шығады да: «Ағайын! Ұлымызды құл, қызымызды күң қылғанша, қаруымызды суырып алып қан майданда қасқайып тұрып өлейік!» деп салған ұраны еңсесі түскен елді рухтандырады.

Дүрбелең майданда Бөкенбай батыр бастаған қазақ әскері 1711 жылы қалмақтарға тойтарыс беріп, 1712 жылы ойрат ұлыстарының шегіне басып кіреді де, біраз қоныстарын қайтарып, үлкен жеңіске жетеді. Displaying Әбіш Кекілбаев.jpg

Бөкенбай батырдың ерлігі мен жетістігі туралы Әбіш Кекілбайұлының кіші жүз руларының Ресей Империясына қосылған кездегі жағдайды сипаттайтын «Үркер» романынан оқып білуге болады. Бұл туынды қазақ елі басынан өткерген аса ауыр кезеңдерді, XVII-XVIII ғасырларда орын алған ірі-ірі оқиғаларды тарихи деректерге сүйеніп жазылған, көп қанатты, тарих шежіресін жырлайды.

Шығарманың басты кейіпкерлері – Тәуке, Әбілқайыр, Бөкенбай, Тевкелев немесе бірдің емес бүкіл елдің атынан сөйлеген билер: Қазыбек, Төле, Әйтеке. Бұл шығарманың басқа шығармалардан ерекше айырмашылығы мен артықшылығы – ол түгелдей өмірде болған оқиға желісінде жазылғандығы.

Әбіш Кекілбаев өзі жазған «Үркер» романында Табын Бөкенбай Қараұлының ерліктеріне ерекше тоқталған. Әсіресе Әбілқайыр ханмен тізе қосып, отыз жыл бойы сыртқы жаумен жаға жыртысқаны және 1742 жылы сәуірде түркімендермен болған шайқаста ерлікпен қазақ тапқандығы, батырдың адаргершілігі мен ерліктері туралы толық баяндалған. Ордабасыдағы жиын туралы да: «Үш алаштың туын тағы да азуы алты қарыс үйсін тұрып, арғын тұрып, алшын тұрып күні кешегі табындардың көсемі Қараұлы Бөкенбай ұстады» делінген.    Displaying Мұхтар Мағауин.jpg

Бөкенбай Қараұлы батыр туралы қазақтың көрнекті жазушысы, әдебиет зерттеушісі, ғалым Мұхтар Мағауиннің қаламына да арқау болды. Атап айтқанда, «Қазақ тарихының әліппесі» атты еңбегінде батырдың ерлігі кеңінен баяндалған. Онда Бөкенбай батыр Әбілқайыр ханның қасында аса ықпалды, халық алдында ерлігі, мәрттігі, абыройлы және айбынды тұлға ретінде бейнеленеді.

Сондай-ақ, Бөкенбай батыр туралы орыс ғалымдары Гавердовский, Левшин, орыс елшісі Тевкелев, қазақ ғалымы М.Тынышбаев, орыс ғалымы Ерофеева өте терең зерттеулер жазды. Онискованың, Вадим Нестеров, Өталиев Сәкеннің, тарихшы Нұржан Жетпісбаевтың көптеген мақалалары жарық көрді. Танымал ақын Жөкей Шаңғытбаев  «Бөкенбай» атты дастан жазған.

Жалпы Бөкенбайдың атасы Жиембет пен әкесі Қарабатыр, ұлдары Тіленші және Есенаман, немересі Жоламанда батыр болған. Барлығы да қазақ жерінің тұтастығы үшін күрескен баһадүрлер.

Мәселен, Бөкенбайдың немересі Ресей империясының отаршыл саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілісі басшыларының бірі, халық батыры Жоламан Тіленшіұлының қайсарлығы, отаншылдығы мен ұлтжандылығы туралы қазақтың көрнекті жазушысы Ілияс Есенберлиннің  «Көшпенділер» трилогиясында жазылған. Бұл салмақты туынды алты кітаптан тұратын тарихи эпопея. Сонымен қатар, Жоламан батырдың есімі мектептегі Қазақстан тарихы оқулығы, Кеңес дәуірінде Қазақ совет энциклопедиясы және тарихшы Ермахан Бекмахановтың жазған туындысынан оқуға болады.

Бөкенбайдың ұлы тархан Тіленші де даңқты батыр, әрі би болған. ХҮІІІ ғасырдың соңғы ширегінде ұлттық тәуелсіздік жолындағы арпалыстың көш басында Сырым Датұлы тұрса, 20 жылға созылған азаттық күресіне Табын руын әкеліп қосқан Тіленші Бөкенбайұлы Кіші жүз қазақтары қарулы қозғалысының Сырым батырдан кейінгі жетекшілерінің біріне айналды. Ол – азаттық үшін күресте қызметі мен рөлі ерекше көрініп, сол кезеңдегі қоғамдық өмірден абырой-беделінің, ел үшін істеген  еңбегінің, әділ билігі мен қайтпас батырлығының арқасында салмақты орын алған қайраткер және Сырым батырдың ең жақын қарулар серігі, әрі досы ретінде ел есінде қалды.

Бөкенбай батырдың тағы бір ұлы болды. Ол – Есенаман батыр. Орал өңірінде (Батыс-Қазақстан облысы) Есенаман тауы бар. Таудың «Есенаман» деп аталуы батырдың есімімен тікелей байланысты. Бұл туралы жазушы Құрманғазы Қараманұлы Науқан молданың әңгімесіне сүйене отырып жазған. Өз сөзінде Науқан молда былай деген екен: – «Табын руынан шыққан Қарабатыр, Бөкенбай, атақты Есенаман тұқымдарымен батыр болған. Осы бетте Есенаман тауы дейтін тау бар. Бөкенбай, Қарабатыр – Есенаманның арғы бабалары. Заманында жеті атасының бәрі батыр болған. Ту ұстап, тұлпар мінген».

«Есенаман тауы» Шыңғырлау ауданына қарасты Сегізбай ауылы мен Қаратөбе ауданының Егіндікөл ауылы арасында орналасқан. Аталмыш тау ел арасында небір аңыз бен ақиқатқа айналған. Осындай аңыздың бірінде Асан Қайғы бабамыз халқына жерұйық іздеп жүріп, іргесінен Қалдығайты өтетін Есенаман тауының қасына желмаясын шөгеріпті деседі. Сонда ол «Төбең биік, суың бал» деп, осы жерде аялдап кеткен екен дейді.

Аңыз бойынша Бөкенбай Қараұлы Ақтөбе облысы, Байғанин ауданының Жарқамыс ауылында жерленген. Бірақ, бұл дерекпен келіспейтіндер көп. Енді біреулер баһадүр Үстіртте (Маңғыстау облысы) жерленген дегенді алға тартады. Маңғыстау өңірінің Бейнеу ауданынан 110 шақырымдай оңтүстікке бет алған бойда Айрақты бекінісі бар, сонда түркмендермен шайқаста Бөкенбай батыр 1742 қайтыс болған, оның қасында адай Есек мерген бірге болған. Әйгілі Есек мерген 10 жылдан соң, яғни 1752-жылы Бөкенбай батырдың басына құлыптас қойылған деген әңгіме бар.

Сол жер кіші әулиешілік көрінеді, ираннан келген ағайындардың бірі құлпытасты оқып жүріп Табын баһадур батыр …алдыңғы әріптері өшіп қалған, …енбай батыр деген жазуды оқыпты. Бұл әңгіме Маңғыстаулық журналист Әбілқайыр Спанға жеткен. Кезінде Әбіш Кекілбаев Әбілқайыр ағамызға Бөкенбай Қараұлының сүйегін осы Үстірт төңірегінен іздеу керек деген көрінеді. Осыған қарағанда баһадүр шынында да сол маңайда болуы ғажап емес.

Табын руынан шыққан тағы бір батыр, Сайын даланың сардары – Бұқарбай Естекбайұлы туралы да алғашқы болып жазған осы Әбіш Кекілбаев болатын.Displaying Ӏлияс Есенберлин.jpg

Сонымен қатар Бұқарбай батырдың ерліктері ақын-жыраулардың мұраларында, тарихшы Е.Бекмахановтың зерттеуінде, жазушы І.Есенберлиннің «Қаһар» романында, зерттеуші Қ.Бердәулетовтың еңбегінде көрініс тапқан.

Заңғар жазушы Әбіш Кекілбайұлы бірқатар еңбектерінде табын батырларын жақсы суреттеген. 2015 жылы 21 қарашада Астана қаласында Бұқарбай Естекбайұлы батырға көше берілген болатын. Аталмыш шараға Әбіш Кекілбайұлы да шақыртылған, алайда ол сырқатына байланысты бара алмапты. Сол кездегі ҚР Парламенті Сенатының депутаты Қожахмет Баймаханов ағамыздың тапсырмасымен бір топ ағайын сыйлықтарымен Әбіш ағаның үйіне бар екен. Сонда Әбекең көзіне жас алып: «Бұқарбай Естекбайұлы батырды бірінші болып мен жазып едім» сіздерге көп рахмет батырдың есімін ұлықтап жатқандарыңызға, бірақ мен денсаулығыма байланысты бара алмаймын» деген екен. Артынша 2015 жылы 11 желтоқсанда Әбіш Кекілбайұлы өмірден озды.

«Елін сыйламаған ер азады, Ерін сыйламаған ел тозады» демекші, батырлар даңқы мәңгі өшпесі анық және оларды қастерлеу бізге ортақ парыз. Яғни, қазіргі таңда бейбіт өмір сүріп жатқанымыз, осы батырлардың арқасы екендігі сөзсіз, демек олардың есімдері жадымызда мәңгі сақталары һақ.

Бұл ретте Әбіш Кекілбаевтың: «Бодандықта өкініш көбейсе, бостандықта жауапкершілік күшейетінін түсінбегіміз шарт» деген сөзін жадымыздан шығармауымыз керек.

 

 

Дайындаған Нұрбол Оқуов,

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы,

журналист                  kerey.kz

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Тибет асқан көш не себепті басталды?

    Тибет асқан көш не себепті басталды?

    1883-жылы Алтайдан Жамысбай бастаған қазақтар алғаш рет Баркөл жеріне көшіп барды, 1887-1891-1895 жылдары тағыда көшіп келгендер болды. онан кейінде көшіп келгендер болды, мысалы 1912-1913 жылдары, 1920 жылдары, 1924-1929 жылы келгенлер болды, олардың дені Алтайдан болатын. 1912 жылдан кейін манжу билігі құлап қытай билігі орнады, 1928 жылы билікке келген Жин Шурын Алтай төресі Қасымқан ұлы Шәріпқанды, Тарбағатай төресінің ұлы Қызырды, Баркөл қазақ үкірдайы Әліптің ұлы Елісқанды Үрімжіде оқытты, Елісқан заманауй Әскери білім алды, қытай тілін үйренді. Оны 200 адамдық қарулы қазаққа басшы етіп оны «Шығыс Шыңжаң шегара қорғаныс отрияды» деп атады. 1931 жылы Құмыл ұйғырлары Қожанияздың бастауында көтеріліс жасады. Оқиға Бір қытай әскер басының бір ұйғыр қызды зорлықпен әйел етіп алмақ

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: