Шынайы мұсылман ПОНТтеонға ұмтылмайды!
Марат Токашбаев
Үкімет бекіткен ПОНТтеонға жерленетін шенеуніктердің лауазымдық тізбесіне қарағанда бірде бір шынайы мұсылман мәйіті ол жерге жолатылмайтын тәрізді. Бір жағынан бұл дұрыс та. Өйткені, лауазымына қарай ол жерден буддист те, христиан да, атеист те орын алмақ. Тізбе бойынша ол жерде негізінен исламды құбыжық қып көрсететіндер, мекемесінде намаз оқуға рұқсат етпейтіндер, намазханаларды жаптырғандар, жұмысында бірде бір рет Алланы аузына алып көрмегендер, әйелдердің басына орамал салып жүруіне қарсылар, өздерін ислам құндылықтарынан жоғары әрі тәкаппар ұстайтындар, әділдікке жақтаспайтындар, дінімізге қарсы заң шығаратындар, мемлекеттік тілді менсінбейтіндер, әділетсіз жаза тағайындаған соттар, тек мұсылман болғаны үшін ғана адамдарды қорлайтындар, парақорлар мен жағымпаздар жататын тәрізді. Бірте-бірте әлемдегі Құран ең аз оқылатын, мүмкін мүлде оқылмайтын мола сол болып жүрмесін?! Сондықтан шынайы мұсылманның ПОНТтеонда шаруасы жоқ!
facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру