|  | 

Жаһан жаңалықтары

Омурбек Бабанов Атамбаевтың берген уәдесі туралы айтты

Қырғызстан президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабановтың (оң жақтан екінші) дауыс беріп жатқа сәті. Бішкек, 15 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабановтың (оң жақтан екінші) дауыс беріп жатқа сәті. Бішкек, 15 қазан 2017 жыл.

Қырғызстан президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Омурбек Бабанов сайлау кезінде болған заң бұзу оқиғалары жөнінде мәлімдеме жасады. Ол сайлау әділ әрі ашық өтті деп санамайтынын айтты.

Бабанов «Кандидаттығымды ұсынбай тұрып президентпен ақылдасқан едім. Ол батасын беріп, “Иә, президент сайлауына түс. Біз өз кандидатымызды ұсынамыз, сен де қатыс. Жеңген адам президент болсын” деген. Куәлер бар. Ол сайлау әділ өтеді деген уәде берген. Бірақ тең жағдай жасалмады. Кейінгі аптада Алмазбек Шаршенович Атамбаевқа ақпаратты дұрыс бермеген. Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен милиция оны жалған ақпаратпен адастырып отыр. Мен оның бүгінгі сөздеріне қатты қапа болдым» деді.

Қырғызстанда бүгін президент сайлауы өтіп жатыр.

Президент Алмазбек Атамбаев сайлау учаскесінде дауыс беріп шыққаннан кейін журналистер сауалдарына жауап берді. Ол «Тура бір жарым ай бұрын Бабановтың маған күйе жаға бастағанын байқадым. Мені “аға” деп жүретін Бабанов. Бабановтай мені мақтаған адамды көрмедім. Сіздің жолыңызды мен ғана жалғастырам деп жүретін Бабанов аяқастынан “олар басқа жолмен кетіп барады” деп қалыпты. Ол ол ма, ашық айтайын, маған Бабановтың атынан бір олигарх келіп 20 миллион доллар ұсынды. Мен оған, қымбаттым, сатылмайтын заттар бар дедім» деді.

Сооронбай Жээнбеков: Біз әділ сайлау үшін күрестік


Қырғызстандағы президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстандағы президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Сооронбай Жээнбеков.

Қырғызстандағы президент сайлауына түсіп жатқан кандидат Сооронбай Жээнбеков Бішкектегі №1327 сайлау учаскесінде дауыс берді.

Дауыс бергеннен кейін журналистер сұрағына жауап берген ол өзінің жеңетініне сенімді екенін айтты.

- Құдай қаласа, халық қолдаса, бірінші турда ма, екінші турда ма – біз жеңеміз! Нәтижені күтейік. Біз әділ сайлау үшін, нәтижені алдын ала ешкім білмеуі үшін күрестік, – деді Жээнбеков.

Сооронбай Жээнбеков қазақ-қырғыз шекарасындағы ахуал туралы сауалға да жауап берді. Ол «алыс туыстан, жақын көрші артық» екенін айтты.

- Қазақстан – бауырлас ел, бір-бірімізге құрметпен қарауымыз керек. Мемлекеттер мен олардың басшылары бірін-бірі сыйлап тұрған жағдайда барлық мәселені шешуге болады, – деді ол.

Сөзінің соңында Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтың бағытын жалғастыратынын айтты.

Қырғызстанда президент сайлауы өтіп жатыр. Таңғы сегізде басталған сайлау кешкі сегізде аяқталдады.

Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Related Articles

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Зеленский Уиткофф және Кушнермен “мазмұнды әңгіме” болғанын айтты

    Владимир Зеленский  Украина президенті Владимир Зеленский АҚШ президентінің арнайы уәкілі Стив Уиткофф және Трамптың күйеубаласы Джаред Кушнермен телефонмен “мәнді әрі конструктивті” әңгімелескенін хабарлады. Уиткофф пен Кушнер 2 желтоқсанда Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен. “Біз көптеген аспектіге назар аудардық және қантөгісті тоқтатып, Ресейдің үшінші рет басып кіру қаупін жоюға кепілдік беретін маңызды жайттарды, сонымен бірге Ресейдің өткен жолғыдай уәдесін орындамау қаупі сияқты нәрселерді талқыладық” деді Зеленский. Әңгімеге сонымен бірге қазір АҚШ-та жүрген Украина ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Рустем Умеров, қарулы штабтың бастығы Андрей Гнатов қатысқан. Axios дерегінше, әңгіме екі сағатқа созылған. Келіссөздерден хабары бар дереккөздің айтуынша, Уиткофф пен Кушнер екі жақтың да талаптарын жинап жатыр және Путинді де, Зеленскийді де

  • Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Зеленскийдің “жалғыз сенері әрі оң қолы”. Андрей Ермак кім?

    Рэй ФЕРЛОНГ Андрей Ермак (сол жақта) пен Украина президенті Владимир Зеленский (оң жақта). 2019 жыл. Андрей Ермак ұшақтан түсе сала өзінің бастығын құшақтады. 2019 жылы қыркүйекте президент Зеленскиймен жылы жүздесу жаңадан басталып келе жатқан саяси серіктестіктің басы еді. Бұл – Ермактың Ресей түрмесінде отырған 35 украиналықты Мәскеуден алып келген сәті. Ал 2020 жылы Ермак Зеленский әкімшілігінің басшысы болды. Бірақ Украинадағы жемқорлық шуынан кейін оның қызметіне жұрттың назары ауды. Себебі Ермак Украина энергетикалық инфрақұрылымына бөлінген қаржы жымқырылған коррупция схемасында негізгі рөлде болған деген ақпарат тараған. Бірақ тергеушілер бұл жайттың жай-жапсарын толық ашқан жоқ. Ермактың өзі Азаттықтың Украина қызметінің ресми сауалдарына жауап берген жоқ. Сонымен Зеленскийдің кеңсесін басқарып отырған Ермак кім? ТЕЛЕВИДЕНИЕДЕН

  • Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Тоқаев Нью-Йоркте Зеленскиймен кездесті

    Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. 22 қыркүйек 2025 жыл. Тоқаев пен Зеленский. Сурет: Ақорда 21 қыркүйек күні Қазақстан президенті БҰҰ Бас ассамблеясына барған сапарында Нью-Йоркте Украина президенті Владимир Зеленскиймен кездесті. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, президенттер екіжақты экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылаған. Сондай-ақ, Зеленский “Украинадағы жағдайға байланысты көзқарасын” білдірген, ал Қазақстан басшысы “қақтығысты тоқтату мақсатында дипломатиялық жұмыстарды жалғастыру қажет” деген. Зеленский осы кездесу туралы мәлімдемесінде Украина, АҚШ, Еуропа және өзге елдердің соғысты тоқтату жөніндегі талпынысын талқылағанын айтты. Оның сөзінше, қос басшы сондай-ақ екіжақты сауда-экономикалық әріптестікті, қазақстандық компаниялардың Украинаны қалпына келтіру ісіне қатысуға деген қызығушылығын сөз еткен. 2022 жылғы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей Қазақстанның ең

  • “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    “Ақ қасқырлар”. Өзбекстан футболы жетістігінің сыры неде?

    Руслан МЕДЕЛБЕК Өзбек ойыншысы Абдукодир Хусанов (2) пен БАӘ ойыншысы Луанзиньо (21) әлем кубогына іріктеу ойынында. 5 маусым, 2025 жыл. Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына Өзбекстан құрамасының жолдама алғанына жастар футболының қандай қатысы бар? Өзбекстан футболы жетістігінің себебіне үңілдік. “ӘЛЕМДІК АРЕНАҒА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР” Өзбекстан Азия құрлығында Иран, Катар, БАӘ, Қырғызстан, Солтүстік Корея бар топтан екінші орын алып, 2026 жылғы әлем кубогына лицензия иеленді. Өзбек футболшылары тоғыз ойынның бесеуінде жеңіп, үшеуінде тең түсіп, бір ойында жеңілген. Осы нәтиже ұлттық команданың әлем чемпионатына шығуына жеткілікті болды. Бұл топтан Өзбекстаннан бөлек Иран да әлем чемпионатына қатысады. Өзбекстан әлем чемпионатына шығуға бірнеше рет өте жақын болған еді. Мәселен, 2014 жылғы әлем біріншілігінің іріктеуінде Иран,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: