Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов Орталық Азия елдері басшыларының Кеңесін құруды ұсынды. Оның пікірінше, Орталық Азия басшыларының Кеңес беру алқасы деген жаңа ұйымның жиыны жүйелі түрде, әр елдің астанасында өтіп тұру керек.
Түркіменстан ресми басылымдарының жазуынша, Бердімұхамедов бастамасымен бесжақты сарапшылар тобын құру қарастырылып жатыр. Онда жаңа құрылатын Кеңестің құрылымы мен ұйымдастыру мәселелері талқыланады.Түркімен президенті мұндай бастаманы Астанада Орталық Азия елдері басшыларының кездесуінен бір ай өткен соң көтеріп отыр. Бұл кездесуге Бердімұхамедов өзі бармай, ұлы Сердар Бердімұхамедовті жіберген.
15 наурызда Астанада өткен Орталық Азия басшыларының бас қосуы бірінші кеңесу отырысы деп аталған. Ол Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтің бастамасымен өткен. Бас қосуда Орталық Азия елдері басшылары жыл сайын Наурыз мейрамы қарсаңында кездесіп тұруға келіскен. Келесі кездесу 2019 жылдың наурыз айында Ташкентте өтеді деп жоспарланып отыр.
Азат Еуропа / Азаттық радиосы
Пікір қалдыру