Аргентина – Исландия 1:1
Оңтүстік Американың жұлдызды құрамасына жақтасқам, шынын айтсам. Ал дебютант аралдықтар шағын, шымыр, шақар һәм ұйымшыл команда екені белгілі. Қақпашысы – керемет, қорғанысынан су өтпейді. Оның үстіне симуляция мен уақыт созуды да соңғы жылдары жақсы меңгерген. Екі жыл бұрынғы Еуропа чемпионатындағы дебюті кезінде 1/8 финалда Англияны 2:1 етіп жеңіп, сенсация жасағаны естеріңізде шығар. Сол кезде мынадай қорғаныс пен қарымта шабуылға қайран қыла алмаған күйі Руни арманына жете алмай алаңнан басы салбырап кеткен. Бүгінгі аргентиналық капитанды соған ұқсаттым. Мессидің әлем чемпионаттарында неге ойыны жүрмейтінін, неге “Барселонадағыдай” жарқырай алмайтынын түсіне алмай-ақ қойдым. Кеше Португалияның Роналдуы нендей шеберлік көрсетсе, бүгін Месси сондай шеберлік көрсететін барлық мүмкіндік берілгеніне қарамастан бірін де жасай алмады. Құраманың диспетчері, орталық ойыншысы ретінде көзге түскенімен не пастары өтпеді, не айып доптары жетпеді, не 11 метрлігі кірмеді. Аргентинаның бұл чемпионатқа әрең шыққанын білеміз ғой. Бірақ биылғы құрам әлсіз деу күпірлік болар еді. Маскерано, Отаменди, Рохо, Ди Мария, Игуаин, Агуэро мен Месси. Құдай-ау, басқа не керек. Мына ойыншылардың қай-қайсысы болсын тұтас Исландия құрамасынан артық айлық тауып жүр емес пе. Бірақ, Аргентинаның бүгін бір қасиетіне разы болдым. Жандарын салып ойнады. Симуляция жасаған жоқ. Қарсылас қатты кетіп, қалай шалып құлатса да, уақыт жоғалтпау үшін тістеніп тұрып кетіп жатты, ақсаңдап қойып жүгіре берді. Айтпақшы, судья Аргентинаның бір 11 метрлік айып добын жеп қойды. Әділ бола алмады. Бүгін Франция мен Австралия матчындағы даулы пенальти алдында төрешілер күмәнді эпизодты экраннан қайта қарап, дұрыс шешім қылып еді. Ал мына ойында неге олай істемегенін тағы түсінбедім. Бәрібір бір нәрсеге қуанам. Бұл жолғы чемпионатта гол көп
Galym Bokashтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру