|  | 

Жаңалықтар

Совет Қытайды қалай көтерді?

Ерзат Кәрібай

1917жылы Ресейде революция болып жаппай коммунистік жүйе орнай бастады, 1919 жылы 3 айда Коммунистік Интернационал Маскеуде құрылды. Олар коммунизімді бүкіл дүниеге таратуды көздеп әр елге жансыздарын жібере бастады. Ресейде, Францияда және Жапонияда оқып жатқан Қытайлық оқушылар коммунизмді қабылдай бастады. Олар шетелдерде және Қытайдың жер-жерінде коммунизмді үгіттеп шағын группалар құра бастады.

Суретте сол жақтағы адам : Григорий Наумович Войтинский Ресейлік Еврей, Коммунистік Интернационалдың Қытайда тұратын окілі, ол Қытай танумен айналысып, 1920 жылы Қытайға Қытай компартиясын құру тапсырмасымен арнайы барған. 1920жылы ол Ли Дажаомен кезігуде.

Қытай компартиясының тұңғыш құрылтайы ашылған орын.

1921 жылы 7 айдың 23 күні Қытайдың жер-жерінен келген делегециялар «Қытай компартиясы» ның құрылғандығын жариялады. Олар Қытайдың әр қаласында жасырын қимылдармен шұғылданып жұмыскерлерді жұмыс тастауға, үкметке қарсы шығуға желіктіріп түрлі бүліктердмен шерулерді ұйымдастырды. Сол кезде Қытайда ортақ үкімет болмады, «бір тұтас Қытай ұлты» идиологиясының авторы Сунь Ятсен 1924 партиясын қайтадан құрып оны «Гоминьдан» ға өзгертті. Ол Совет одағының көмегіне сүйене отырып Қытайды бірлікке келтірмекші болып арнайы Ленинге хат жазып көмек сұрады. Ле нин оның талабын жерде қалтырмады, оғын миллиондаған долларға татитын алтын( бұл алтын әсілі Ақ патшаның қазынасынын Харбинь банкесінде сақталғаны болатын) және 25000 адамның қаруын берді, тағы Гуанчжоу да «хуаң пу әскери мектебі» құрып берді. Чан Кайши (сүннің ортаншы күйеу баласы, 1927-1949 жылдардаға Қытай президеніті) осы мектептің директоры ; Коммунис Чжоу Эньлай саяси жетекшісі болды. Гоминдан құрамына коммунистер көптеп кіре бастады. Әсілі бұл Ленин мен Сталиннің Қытайды қызылдандыру үшін істеген қитұрқылығы еды ! Осылайша бірнеше жылда осы мектептен 100 мыңдай адам оқып арнайы әскерге айналдыда бүкіл Гуандүн провициясын басып алды. 1927 жылдың басынан бастап осы 100 мың адамдық қосын Қытайды бірлікке келтіру соғысына аттанды, олар Гуаңдұннан шығып Фуцзянь, Хунань, Хубэй , Чжэцзян, Цзянси провинцияларын басып алды. Қытайдың бірлікке келуі мен оған қоса қызылдануын қаламайтын батыс елдері бұған әшкере килігіп Чан Кайшиді ақшамен азғырды, Америка мен Англия оны қаржылай қолдады, Қытайдың бір топ буржуазиясыда оны қолдады, сонан ол кілт өзгеріп коммунистерді жаппай тұтқындап қырғындыды, 15000 нан аса коммунис оған қоса соларға ерген бұқараны қосып 1931 жылға дейін миллионға тарта адамды қырғындады. Сонан өзі Нанкинде өз алдына үкімет құрды, ал Гоминданның тағы бір басшысы Ван Цзинвэй Ухань да үкімет құрды, бірақ ол әліде болса советтің қолдауына ие болып Чан Кайшимен қатынасы шиеленісе түсті, Сталин оған: «Бір жолата компартияға кірсең ғана сені бар күшіммен қолдап Қытайды басқаруыңа көмектесем!» деп ашық айтты, бірақ онымен Америка, Англия, Жапонияныңда тіл-көздері келіп-кетіп азғыра берді, соңында қаржылық мүдде жағынан Америка-Англияның таразысы ауыр тартқан соң ол да коммунистерді қырғындауға көшті. Осылайша оңтүстік Қытай Америка-Англиянің ықпал көлеміне кірді. Ал Мәнжурия Жапонның ықпалында қала берді.
Коммунистерді жаппай қырғынға ұшыратуына қарата Совет одағы 1927 жылы 8 айда Қытай коммунистеріне қару беруді құрылтайда бекітті, астыртын тасылған қарулар арқылы коммунистер Қытайдың жер-жерінде бүлік тудырып шағын базалар құра бастады. 1931 жылға дейін Чан Кайши басқа провинциялардың әскери шонжарларымен соғысты, Жапонияның қолдауына ие болып 500 миллион доллар қарыз алып оған 800 мың адамдық тұрақты әрмиясын құрды да басқалардың бәрін жеңіп шықты. Осы орайда коммунистер 7-8 провинцияда базаларын құрып үлгерді, тек Цзянси- Фуцзянь арасында неше миллион адамы бар районға ие болды. Чан Кайши 500 мың әскер топтап осы базаға шабуылдасада ала алмады, осы жеңістен кейін Қытай коммунистері советтік үкімет құрды, ол «Жұң хуа советтік үкіметі» деп аталды, туы Совет одағының туы, ақшасындада Лениннің бас суреті болды, Маркс, Енгелс, Ленин, Сталиннің суреті барлық жерде жапсырылып тұратын болды.

Жұң хуа советтік үкіметінің ақшасы. Бұдан ол үкіметтің тәуелсіз үкімет емес қайта совет одағына бағынатын үкімет екендігін көруге болады.

Жұң хуа советтік республикасының бірінші құрылтай
Жұң хуа советтік республикасы формалық жақтан Совет одағына бағынып бірінші басшысы Уаң мин Маскеуде тұрды, ол Қытайдағы барлық іс-әрекеттеріне нұсқау беріп тұрды. Ал Мау осы үкіметтің қуыршақ президеніті болып сайланды. 1932 жылы 4 айдың 15 күні осы үкімет Жапонияға соғыс жәриялады.
1934 жылы Гоминдаң үкіметі қызыл базаларға қарата бақылауды күшейіткендіктен Советпен болған байланыс үзіліп қалды. 1935 жылы қарашада Сталин: « Егерде Қытай қызыл әскері Синьцзян мен Гансу басқаруына ала алса керекті кезде Кеңес Одағы қажетті қару-жарақпен қамтамасыз етеді» ( Жаң го тау «естеліктерім» ) деп мәлімдеді . Соңы Қытай қызыл әскерінің стратегиялық орын ауыстыру мақсатындағы ұзақ жорығына алып келді, ондағы мақсат : Қытайдың оңтүстік провинцияларынан жөткеліп Совет одағымен іргелес Шыңжаң, Ганьсу, Нинся жөткелуі керек, Сонда ғана Мұңғұлия мен Советпен төте шегераласады да Советтің көмегіне тікелей ие болады, Гомин үкіметінін келетін қауіп азаяды- осылай болатын. Үйткені қызыл райондардың көбі Чан Кайшидің тіке басқаруындағы жерлерге орналасқан еді. Бұл жорықта 300 мың қызыл әскерден соңында 70-80 мың адам ғана қалды. Ганьсу, Нинся, Шансиге жетті, Мұңғұлиямен шектес қауыпсыз районға келді. 1936 жылы 6 айда Советпен байланыс қайта жанданды, Совет жақ Нинся арқылы қару жеткізуге мақұл болды. 1933 дылы Шыңжаңда әскери өзгеріс туылып Советшіл Шэн Шикай билікке келді, ол Совет компартиясына кірді, Шыңжаңда жаппай Қазақстанда болған коммунистік саясат жүріліп Қазақтарға қарата қатаң жәніштау мен қырғыншылық жұргізілді, соның кесірінен Алтай, Боғда, Баркөлден 25 мыңдай Қазақ Дұңған миллитарист Ма бу фанға барып онан тіпті зор қырғын көріп 5-6 мың қазақ тибет асуға мәжбүр болды. 1940 жылы Өр Алтайда ұлт-азаттық көтеріліс пайда болды.

Қызыл райондар және қытай қызыл армиясының стратегиялық жөткелуі
Қытай қызыл армиясының 22 мың адамдық 4 бағыты Шыңжаңға кірмек болды, бірақ олар ма бу фан жасақтарынан жеңіліп 400 ден аса адамы ғана Шыңжаңға жетті.
1937жылы Жапонияға қарсы соғыс басталғаннан кейін коммунистер қайтадан Гомин үкіметімен бірігіп кетті, қызыл армианің көбі Гоминге бағынатын 18 құрама Армия ға өзгертілді. Ендігі жерде олар қызыл ту, қызыл пагонмен емес қайта Гомин үкметінің туын және пагонын қолданатын болды.

Маудың қызыл армияны гоминге бағынатын 18 құрама армияға өзгерту бұйрығы.

Гомин үкметінің туын көтерген қытай қызыл әскерлері.

1937 жылы 10 айдың 23 күні Қытай компартиясы Жоу шиау пәнді Шыңжаңға Шэн Шикайға жіберді, Совет жақ оларға: «Түрлі қарулы және техникалық кадрлармен, ақшамен және киіммен, интернационал сендерді қамдайды» деді. (Жоу шиау пәннің Шың жаңдағы міндеті) 1938 жылы 2 ақпанда Каң шың Советтің ян андағы окілі Андрейевпен кезіккен кезде: « өзіміз қорғаныс индустрясын құруымыз керек, бұған Совет қаржылық көмек берсе екен!» деген тілегін айтты. 1938 жылы 8 айдың 17 күні Рін би ши өзінің Коммунистік Интернационалдағы докладында: «1. Қызыл әскерлерде әлі де қару кемшіл. 2.Бар қарудың сапасы төмен, артиллерия, танкілер мен ұшақтар шұғыл қажет…» деп мәлімет берген. Алайда сол кездегі халқаралық жағдайларға байланысты Совет Коммунис қытайларға ашықтан ашық қару бере алмады, Жапонияның Азияға бағытталған кең колемді соғысының әсерінен Совет үкіметі Гомин үкіметімен уақытшада болса санасуға тура келді, Гомин үкіметіне қару берді, онысы Жапоннан бірге сақтанудың шарасы болатын, деседе осы қарудың 20-25% ін тағыда коммунистерге беріп отырған. 1938 жылы 16 автомобилге қару тиеп яан анге әкелген. 1938 жылы 5-6 айлларда үш ретте 51 жүк автомобилімен түрлі қарулар әкелген. 1940 жылдардан бастап қару азая берген, осы уақыттарда Мау Жапонмен құпия келісімдер жасап тек шағын партизандық әрекеттермен ғана шектелген, керісінше Гоминға кіргізген жансыздары арқылы коп ақбарды Жапондарға беріп Гомин үкіметінің ауры зиянға ұшырауына себепші болған. Осы тұста Мау Советке қазырше коп қару керек емес деп ашық айтқан. Алайда қару тасымалы негізінен Мұңғұлия арқылы азда болса толассыз келіп тұрған.
1941жылы 6 айдың 22 күні Совет-Герман соғысы басталды, Совет одағы Жапонияның Сіберияға соғыс ашуынан сақтану үшін Коммунис Қытайлармен Гомин үкіметіне қару беруге мүдделі болды, деседе жыл соңына қарай Жапонияның Америкамен соғысқа бар күшін салғанын байқап ол жоспарды уақытша доғара тұрды, осы кезде Қытай коммунистерінің тұрған райондарында ауыр экономикалық қиыншылық басталып кетті, бұған Совет көмегінің азаюы жанамалай себепші болды. Қағаз, астық, дәрі өте тапшы болды, Жапондардың тонауымен Гомин үкіметінің санкциясы басты себеп еді. 1942 жылы 7 айда атақты Сталинград шайқасы басталды, осы кезде Сталин « Жапондард Германмен тіл біріктіріп шығыстан шабуыл жасамақ екен» деген ақбарға ие болып қайтадан Қытайларға қару бермекші болды, ол: «Қытай қызыл әскерінен екі двизяні мұңғұлияға жіберіп қаруды тапсырып алу керек» деді, бірақ Мау: « Оны Жапондар байқаса біздің әскерлерді ұшақпен бомбалап жоқ қылыды!» деп бас тартты.
1945 жылы жазда Совет одағының миллиондаған әскері үш бағытта шығыс солтүстік Қытай (Мәнжурия) басып кіріп Кантон армиясын талқандады, бірнеше жылдан бері осы аумақта партизандық соғыс жүргізіп келген 30 мыңдай қызыл Қытай әскері оларға қосылды, Жапондар тізе бүккеннен кейін арасы бір жылға дейін Советтіктер Солтүстік Қытайда коммунистерді тігінен тік тұрғызды. Оларға Кеңес Одағы кемінде 1 миллион жауынгерді құртуға қабілетті Жапондық Квантун Армиясының қару-жарағы мен жабдықтарын ұсынды: 700 000 мылтық, 14 мың пулемет, 4000 қару, 600 танк, 860 ұшақ, 2500 вагон және 679 оқ-дәрілер қоймасы; Осы қарулар арқылы бір жыл ішінде коммунистік Қытай қосыны 400 мың адамнан 1 миллион 300 мыңға көбейді. 100 миллион адамы бар районды басқарды, ал Советтіктер Жапондардың байлықтарын бұлап алдыда шегініп шықты. Бірақ олар тегін кеткен жоқ , Гоминді аударатын коммунистерді тіктеп кетті. Ялта конференциясы бойынша Совет одағы Жапонға қарсы соғысқа қатынасу үшін шарт қойған еді, ол шартта: Манжурияны Жапоннан алғаннан кейін бір жыл иеленіп тұру, Мұңғұлияның тауелсіздігін мойындау болатын.
1940 жылы Алтайда басталған Қазақтардың ұлт-азаттық соғысы 1944 жылдың басында Мұңғұлия басшысы Алтай қазақтарына қару берді, жыл соңында үлкен жетістіктерге жетіп Алтай аймағының Жартысына жуығын меңгерді сондай-ақ 10 айдың 24 күні «Алтай қазақтарының төңкерістік уақытша үкіметі» ін құрді, Оспан батыр басшы болды.

Оспан батыр мен шойбалсан
1945 жылғы Совет пен Гомин үкіметінің шарты бойынша Гомин үкіметі Мұңғұлияның тәуелсіздігін мойындауға мақұл болды, бірақ совет үкіметінен : «Совет одағы Қытайдағы аз ұлыттардың көтерілісін қолдамауы, Манжуриядан шегініп шығуы, тек Гомин үкіметін ғана заңды үкімет деп тану» сынды шарттарды ортаға қойды. Совет одағы бұл шарттарға негізінен мақұл болды. Олар үшін 16 одақтас республика Мұңғұлияның маңызы зор еді, алда-жалда Қытаймен қақтығыс бола қалса Мұңғұлияны алып Совет шегарасына келгенше Советтіктерде сол араға үлгеріп келетін еді.
1944 жылы 8 айда Іле аймағының Нылқы ауданында қазақтар көтеріліске шықты, осы жылдың соңында Совет әскерлерімен Іледегі Қазақтардан құралған партизандар Құлжа қаласын алды, құлжада «Шығыс түркістан уақыттық үкіметі» (ШТР ) құрылды. Бірақ үкімет басына Қазақтарды шығармады, негізі ұйғұрлар басшы болды, үкімет тілі ұйғұр тілі болды. 1945 жылы Тарбағатайдың Майлы-жәйір тауы мен Еренқабырғадада партизандар пайда болды, 1945 жылдың соңында Алтай, Тарбағатай, Іле үш аймақ ШТР ға бірікті. 1946 жылғы келісім арқылы ШТР күшінен қалдырылды.
1946 жылы Америка Гоми үкіметін Совет одағы Компартияны қолдап Қытайда азаматтық соғыс басталды. Әр қадамын экономикалық мүдде тұрғысынан ғана шешетін, адам шығыны мен заттық шығыннан қашатын Америка бір жылдан соң Гомин үкіметін қолдауын тоқтатты. Ал Совет бар күшпен коммунистерді қолдап олардың бүкіл Қытайды алуына мүдделі болды. Тек 1947 жылы дейін 300 000 мылтық көмекке берілді, 13 миллиард долларға барабар қарулар мен 4 миллиард долларға барабар ауыр қаруларды берді. 37 мыңнан астам артиллерия, миномет және зымырандар, 600 танктер, 861 ұшақ, 12 мың пулемет, 2000-нан астам автокөлік берілді. Осының арқасында коммунистер жеңді, Советтің бұйрығымен ШТР дың үш аймағы мен 15 мың әскеріде бір тал оқ атпай қызыл Қытайға берілді.
1949 жылы 10 айдың 1 күні Қытай халық республикасы құрылды. Келесі күні Совет бірінші болып мойындады, Мау Советке барып келісімдер жасады, сол жылдарда 24 миллиард долларлық көмек беріліп 10 мыңнан аса мамандар Қытайға жіберіліп 1000 нан аса құрылыс нсандары мен мұнай-кендерді ашуға көмектесті. Хрушев шыққан соң барып екі ел қатынасы ушықты, Совет мамандары түгел қайтып кетіп көптеген құрылыстар аяқсыз қалды, Совет қарызын астықпен қайтаруға тура келып 1959-1961 жылдары 43 миллион адам ашаршылықтан қырылды.

Related Articles

  • ХАЛҚЫМЫЗДЫҢ ЖҰЛДЫЗДЫҚ ТУРАЛЫ КӨЗҚАРАСЫ

      Халқымыздың жұлдыздық туралы білімдері арабтың «Жұлдызнамасының» мазмұнынан парықты. «Жұлдызнама» араб елінде ислам дінінен бұрын жазылған болжам кітап. «Жұлдызнамада» аспандағы жұлдыздар мен адам саны тең. Бір нәресте туылғанда аспанда бір жұлдыз пайда болмақ. Пайда болған жұлдыз сол балаға тәуелді болып, мейлі кәртейіп, мейлі туыла салып өлсін сол адам өлгенде ағып түспек. Сондықтан тірі адамзат пен көктегі жұлдыз саны тең. Жұлдыздардың күндіз көрінбеуі – жердегі адамдардың сорын жасырып, сездіргісі келмегендігі. Түнде көріну бағың жанады, деміңді ал, деп адам пендесіне дем бергендігі. Адамзат жұлдыздардың бөлініп орналасуына сай орналасқан. Біз орта жұлдыздағы адамдармыз, сондықтан белбеуімізді белуардан буынамыз. Жер асты жұлдыздарындағы адамдар белбеуін балтырынан буынбақ. Түс көру сол пенденің көретін көргілігінен аруақтардың, жындардың адамдарға

  • Мәскеу биржасы санкцияға ілінді. Теңге мен Қазақстан биржасына қалай әсер етеді?

    Хадиша АҚАЕВА Қазақстандық қор биржасы иелерінің бірі – Мәскеу биржасы Ресейдің әскери агрессиясы салдарынан АҚШ санкциясына ілікті. Бұл Қазақстандағы қор және валюта нарығы мен теңге бағамына қалай әсер етеді? АҚШ осы айда Ресейдегі ірі биржа холдингіне санкция салды. Американың қаржы министрлігі Мәскеу биржа арқылы әскери мақсатқа капитал тартқан, Ресей азаматтары мен “дос мемлекеттер” “Ростех”, “Вертолеты России” сияқты қорғаныс кәсіпорындарының құнды қағаздарын сатып алып, инвестиция құйған деп есептейді. Ресейге қарсы санкциялар Қазақстанға да әсер етеді. Өйткені Астана Ресей экономикасы басымдыққа ие Еуразия экономика одағына мүше. Мәскеу – Астананың негізгі сауда серіктестерінің бірі. РУБЛЬ ЮАНЬҒА ТӘУЕЛДІ. ТЕҢГЕНІҢ ЖАЙЫ НЕ БОЛАДЫ? Мәскеу биржасы санкцияға ілінгеннен кейін доллар және еуромен сауда жасауды тоқтатты. Қазір

  • Алматыда аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы: күдікті ұсталды

    видео кадры Қазнетте аяусыз соққыға жығылған жігіттің видеосы тарады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz . Видеода белгісіз адам жігітке бірнеше соққы жасайды. Диалогтан жәбірленушінің қандай да бір қаржылық қарызы бар екені белгілі болады. Кадр сыртындағы дауыс оның басынан ұрмауды сұрайды. Скриншот Алматы полициясы күдіктілерді ұстады. “Зорлық-зомбылықпен өзінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сонымен қатар, қылмысқа қатысқаны үшін видеоға түсірген екінші адам да ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасып жатыр”, – деді Алматы ПД баспасөз қызметі.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

    Алматы көшелерінде тұрған адамдар. 24 қаңтар 2024 жыл. 23 қаңтар сағат 00.09-да Алматыда қатты жер сілкінді. Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің эпицентрі Алматының оңтүстік-шығысынан 264 шақырымда, Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында болған. Жер дүмпуінің магнитудасы 6,7. МSК-64 шкаласы бойынша Алматыда жер дүмпуі – 5 балл, Шымкентте 2 балл болған. Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Нұрлан Атығаев адам шығыны мен қираған ғимараттар жайлы ақпарат түспегенін мәлімдеді. ТЖД халықты лифт қолданбауға, тез арада үйлерінен шығып, қауіпсіз аймақ табуға, газ, су және жарықты сөндіруге шақырды. Ведомство халықты сабыр сақтауға үндеді. Ал сағат 00:44-те Алматыда жүр дүмпуі қайталанғаны, екінші жер сілкінісі шамамен 2-3 балл болғаны

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: