|  |  | 

Көз қарас Саясат

Қытайды қоршаған АҚШ әскери базалары: АҚШ-тың Қытайды бөлшектеу жоспары болған ба?

14-800x480

Қытайды қоршаған АҚШ әскери базалары. Фото: YouTube.com.

Соңғы жылдары АҚШ пен Қытай экономика, қорғаныс сынды ең негізгі салаларда бәсекелесе бастады. Құрама Штат тарабы стратегиялық бәсекелесі ретінде Ресей мен Қытайды қатар қойды. Сонымен бірге Үнді-Тынық мұхитындағы әскери әрекеттері АҚШ пен Қытай арасында туылуы мүмкін соғыс қаупін елестетті. Осыған байланысты АҚШ-тың әскери базалары қандай рөл атқарып тұр? Қытайдың басты қауіптері неде? АҚШ-тың әскери базалары қайда, қалай орналасқан деген сұрақтарға жауап іздеп көрдік. «2030 жылы АҚШ Қытайды бөлшектеуі мүмкін» 2009 жылы 20 қарашада Қытайдың Халықтық азаттық армия әскери-әуе күштері университеті профессоры Дәй Шүй (Dai Xu) аталған жоғары оқу орнында «Қытайды бөлшектеу 2030 – АҚШ-тың ғаламдық стратегиясы және Қытай дағдарысы» атты атышулы лекциясын сөйлеген. Оның лекциясы Қытайдың өзге әскери мамандары айтқандай «біз құдіретті армиямыз» деген ойға құрылмаған, керісінше Қытайдың ең күрделі әскери қиындықтары, АҚШ-тың Қытайға бағыттаған «C тәрізді қоршау стратегиясын» алға тартқан. Аты шулы бұл лекцияда Дәй Шүй Тибет пен Шынжаң мәселесін де тілге тиек етіп, аталған автономиялы регион тұрғындарын «өздерін ешқашан Қытайдың бұқарасы сезінбейтінін», «Қытайдың тұрақтылығына қауіп төндіретін күш» ретінде бағалаған. Соны айта отырып, алдағы уақытта Қытайдың тұрақтылығы үшін бұл аймақтарда аса қатаң сақтық шараларын енгізу керек екенін ортаға салған. Аталған региондардағы басшылықтың жалған «ұлттар ынтымағын» ұрандаған көз бояушылығын ашық сынға алған. Әрі, бұл аймақтар шетелдік күштердің қолдауына ие болса дербестік алу мүмкіндігінің бар екенін баса айтқан. Профессор Дәй Шүй лекциясында Қытай үшін ең үлкен қауіп ретінде Құрама Штатты көрсетеді. АҚШ-тың Қытай айналасына әскери базалар орналастырып, Қытайды «С» тәрізді қоршап тұрғанын айта келіп: «Қазір Қытай қоршауда қалған мемлекет! Қытай экономикасы алдағы уақытта Құрама Штатты басып озуы мүмкін. Бірақ, ірі экономика құдіретті елдің кепілдігі емес. Кезінде дүниенің 33 пайыз экономикасын иелеген Цинь империясы Англия мен Жапониядан оңбай жеңілген. Біз қазір екінші ірі экономикалық ел болғанымызбен, экономика құрылымын тұрғын үй, тұрмыстық тұтыну бұйымдары ғана құрап отыр. Экономика құрылымы АҚШ секілді әскериленгенде ғана біз құдіретті ел бола аламыз. Айталық, экономикасы бізден кенже қалған Ресей бізден әлде қайда құдіретті ел; Израиль кішкентай ғана ел бола тұра әскери технологиясы бізден озық. Біздің теңіз армиямыздың әскери технологиясы 1960 жылдардағы Кеңес одағының теңіз күштерінің қуатымен қарайлас. Бұл – намыс, бізде шындықты айтатын адам кем. 2030 жылы АҚШ Қытайды бөлшектеуі мүмкін», – деп түйіндеген. АҚШ-тың Қытайдың қоршаған 400 әскери базасы 2017 жылы 31 қаңтарда Англияда «Таяу мерзімде болуы мүмкін Қытайға қарсы соғыс» атты деректі фильмі жарық көрді. Бұл деректі фильмде АҚШ-тың Қытай территориясын қоршап тұрған 400 әскери базасы толық айтылған. Фильм таралысымен бұл Қытай тарабынан қызу талқыға түсті. Қытайдың әскери мамандары да АҚШ-тың Қытайды қоршаған 400 әскери базасының бар екенін растаған, әрі бұл әскери базаларда шабуылдаушы, шарлаушы, ұшақ тасымалдаушы және жойғыш кемелерімен қатар, стратегиялық бомбалаушы ұшақтар, ядролық оқ тұмсықтар, зымыран қорғаныс жүйелерінің орналасқанын айтты.

13

Үнді-Тынық мұхитындағы АҚШ теңіз күштері. Фото: VOA.

Ал, 2017 жылы Қытай мен Оңтүстік-Шығыс Азия елдері арасындағы жанжал күшейіп, тараптар жиі қарсылыққа келді. Таласты территорияларда әскери жаттығулар өткізді немесе өзге де әскери қадамдарға барды. Бұның бәрінде Құрама Штат ашық араласып отырды. Үнді-Тынық мұхитындағы АҚШ әскери базалары жалпы Құрама Штат әскери базаларының 42,7 пайызын ұстайды. Олар негізінен үш үлкен негізгі шеп пен жеті үлкен шоғырға бөлініп орналасқан. Бірінші шеп: Аляска-Жапония-Оңтүстік Корея-Тайуан (Тайуан)-Папуа Жаңа Гвинея-Аустралия шебі; Міндеті – Стратегиялық маңызды аралдар мен теңіз жолдарын бақылау; Теңіз аумағын тізгіндеу; Екінші шеп: Гуам аралы–Папуа Гвинея–Аустралия–Жаңа Зеландия шебі; Қатаң бақылаудағы әскери базалар шебі; Үшінші Шеп: Гавай аралдары мен оған жақын шағын аралдардағы әскери базалар; Егер АҚШ-Қытай арасында әскери қақтығыс болған жағдайда осы аталған үшінші шеп артқы шеп қызметін атқарады. Маңызды базаларының бірі Жапон теңізіндегі Окинауа базасы. Бұл базаны Құрама Штат 1945 жылдан бері өз меңгеруіне алған. Бұл базада көптеген ірі әскери қарулар орналасқан және оқ тұмсықтар 2 мың шақырым аумақтағы маңызды қалаларын (Бейжің, Шанхай, Чұңчин, Ши-ан) қарауылға алған. Оңтүстік Кореядағы әскери базаларда сүңгуір қайықтар, маңызды соғыс кемелері орналасқан. Ал, Тынық мұхитындағы Маршалл топ аралдары да аса маңызға ие. Өткен ғасырда көптеген ядролық сынақтар осы аралдарда жасалған. Міне осы Тынық мұхит аралдарындағы базалар мен Үнді мұхитындағы, Пәкістан және Ауғанстандағы әскери базалар арқылы Қытайды «С» тәрізді қоршауға алған. Қазіргі кезде осы әскери базалар арқылы Қытайдың теңіздегі тауар тасымалына кедергі келтіруге, сол арқылы экономикасын әлсіретуге де күш салады. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Америка Құрама Штаттары бар жағынан ең қуатты елге айналды. Бірақ, соғыстан да аз зардап шеккен жоқ. Әсіресе, өзіне тікелей қауіп төндірген Жапонияның территориясына әскери базалар орналастырып, қатаң бақылауына алды. Бұдан кейін Корей тоғысы, Африкадағы дербестік алу қозғалыстары, Вьетнам соғысы, Шығанақ соғысы, Ауған соғысы, Ирак соғысы қатарлы әскери операциялардың орайымен сол елдер мен өңірлерде әскери базалар салды. Тіпті, Қырғызстан мен Өзбекстанға да әскери базаларын орналастыруға тырысты. Оның соңғы Қырғызстандағы дүрбелеңге ұласып, сәтсіздікке ұшырағанымен, Украинадағы жағдайда орнын толтырды.

 

11

АҚШ-тың әскери базалары орналасқан елдер.

 

12

Трамп үкіметінің бюджеттік жоспары.

АҚШ әскери базалары Жапония, Оңтүстік Корея, Тайуан, Филиппин, Тайланд, Аустралия қатарлы елдерде көбірек шоғырланған. Осы елдердегі 30-дан астам портқа тікелей иелік етіп, 1300 соғыс кемелерін орналастырған. Тіпті, Жапониядағы Жың Шүйхы базасында АҚШ ұшақ тасымалдаушы кемелерін қайта жөндеуден өткізе алады. Ал, Тайуанға 640 шақырым қашықтықтағы Чыңчүн базасы Үнді-Тынық мұхитындағы АҚШ әскери жабдықтарының 60 пайызы орналасқан. Филиппинде 8 базасы болса, Сингапурдағы Жаң И базасы Малакка бұғазын бақылайтын маңызды порт. Ұшқыштар қосынынан Жапонияда 5, Кореяда 7, Гуам аралында 2 қосыны орналасқан. Бұлар өткен ғасырда Кеңес одағына қарсы пайдаланған, ал қазір Қытайдың ықпалын тежеу мақсатына пайдаланылады. Америка Құрама Штатының әлемнің 70-тен астам еліндегі әскери базаларында 500 мыңнан астам әскері орналасқан. Бұлар үшін жылына 15 млрд АҚШ доллары жұмсалады. АҚШ әскери қуаты әлемде бірінші орында тұрады. Сондай-ақ, қорғаныс қуатын жан-жақты салыстырғанда өзінен кейінгі 46 елдің қорғаныс қуатына тең. 2018 жылы қорғаныс шығындары 71 млрд 600 млн доллар болса, биылғы жылы 2,2 трлн доллар болады деп болжануда. Бұл әлемдік қорғаныс бюджетінің 47 пайызына тең. Әскер саны – 1 млн 460 мың 930 адам. Әскерлерінің заманауи қарулануы жағынан да ең алдыда. АҚШ армиясы бес үлкен құрамнан тұрады – Құрлық армиясы, Әскери-теңіз күштері, Әскери-әуе күштері, Теңіз корпусы және жағалау қорғау күштері. Америка Құрама Штаттары әлемдегі ең ірі ядролық арсеналға ие және нақты шайқаста ядролық қару қолданған әлемдегі жалғыз ел. Трамп билікке келгеннен кейін де бар күшпен әскери бюджетті арттырған.
Тайуан әскери саласымен АҚШ тығыз байланыс орнатқан. Олар Қытайдың әскери дамуын бақылау, арнайы қызметтер мен жасанды жер серіктері арқылы жинақталған мәліметтерді бөлісу сынды ынтымақтастықты жүзеге асырады деген болжамдар да бар. Ал, Ауғанстандағы АҚШ әскери базалары Шынжаң мәселесімен тығыз байланысты деген көзқарастар да кездеседі.

Ерзат Кәрібай

Related Articles

  • ОА қорғанысқа қаржыны не себепті арттырды? Каспийден Украинаға зымыран ұшырған Ресей суды ластап жатыр ма?

    Елнұр ӘЛІМОВА Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және Әзербайжан әскері бірігіп өткізген «Бірлестік-2024» жаттығуы. Маңғыстау облысы, шілде 2024 жыл. Қазақстан қорғаныс министрлігі таратқан сурет.  Орталық Азия елдері қорғаныс шығынын арттырды, мұның астарында не жатыр? «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерін екі есе көп өндіруді жоспарлап отыр, алайда үкімет бұл салада жұмыс күшінің азайғанын есепке алмаған». «Каспий теңізінен Украинаға зымыран ұшырып жатқан Ресей теңіздің экологиялық ахуалын ушықтырып жатыр». Батыс басылымдары бұл аптада осы тақырыптарға кеңірек тоқталды. ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ҚОРҒАНЫС ШЫҒЫНЫН АРТТЫРДЫ. МҰНЫҢ АСТАРЫНДА НЕ ЖАТЫР? АҚШ-тағы «Америка дауысы» сайты Украинадағы соғыс тәрізді аймақтағы қақтығыстар күшейген тұста Орталық Азия елдері қорғаныс саласына жұмсайтын ақшаны арттырғанына назар аударды. Бірақ сарапшылар мұндай шығын тұрақтылыққа септесетініне күмән келтірді. Стокгольмдегі бейбітшілікті

  • Герб ауыстыру мәселесі немесе «терістеу синдромы» қалай пайда болды?!

    Еліміздің гербін ауыстыру туралы Президенттің ұсынысы (о баста ұсыныс суретші-дизайнер мамандардан шыққан сияқты) тұтас қоғамда болмағанмен, әлеуметтік желілерде әжептәуір қарсылық тудырды. Бірақ, байыптап қарасақ, бұл қарсылықтың қазіргі гербтің қазақ үшін ерекше қастерлі немесе эстетикалық тұрғыдан мінсіз болуына еш қатысы жоқтығын аңғарасыз. Соңғы уақыттары, ауыр індетпен қатар келген қаңтар трагедиясынан бастап, халық айтарлықтай күйзеліске ұшырады. Қазақстанның еркінен тыс, соғысқа, басқа да себептерге байланысты болып жатқан экономикалық қиындық салдарынан халықтың әл-ауқаты төмендеді. Осының бәрі қазір қоғамда байқалып қалған «терістеу синдромына» түрткі болды. «Терістеу синдромы» – дұрысты да бұрысқа шығаратын, қандай бастамаға болсын қарсы реакция шақыратын құбылыс. Әлеуметтік психологияны зерттеушілердің пайымдауынша, осы құбылысты барынша күшейтіп тұрған фактор – әлеуметтік желілер. Яғни, алдағы уақытта

  • Үздік ойдың үзінділері

    Үздік ойдың үзінділері Арма әлеумет! Мен қазір таза академиялық ғылыми ортада жүрмін. Өзімнің неше жыл бойы жинаған білімімді, оқыған оқуымды, шетелдік тәжірибемді, интеллектуалды қарым-қабілетімді шынайы қолданатын қара шаңырақтың ішінде жүрмін. Алматының бәрінен бөлек мәдени ортасы ерекше ұнады. Алматы қала мен дала дейтін екі ұғымның түйіскен әдемі ортасы екен. Ойлап көрсем мен бақытты перезент, бағы жанған ұрпақ екенмін. Әкем тұрмыс пен жоқшылық, жалғыздықтың тауқыметін әбден тартып еш оқи алмадым, небәрі үш ай оқу оқыдым-, деп менің оқуымды бала күнімнен қадағалады, шапанымды сатсам да оқытам деп барын салды. Ал мектепте бақытты шәкірт болдым. Маған дәріс берген ұстаздарым кілең дарынды, қабілетті кісілер болды. Университетте және шетелде мен тіптен ерекше дарын иелеріне шәкірт болдым.

  • Самат Әбіш қалай “сүттен ақ, судан таза” болып шықты?

    Азаттық радиосы Саясаттанушы Досым Сәтпаев ҰҚК төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбішке шыққан үкім “Қазақстандағы режим болашақты ойламайтынын көрсетті” дейді қазақстандық саясаттанушы Досым Сәтпаев. Сарапшының пайымдауынша, билеуші “элита” жеке істерімен және тасадағыкелісімдермен әуре болып жатқанда елде тағы бір жаңа әлеуметтік жарылысқа әкелуі мүмкін факторлар күшейіп келеді. СаясаттанушыРесей өзінің экономикалық мүдделері мен геосаяси жоспарларын кеңінен жүзеге асыру үшін Қазақстанның ішкі саясатына тікелей әсер етуге тырысып жатуы мүмкін деп те топшылайды. ПУТИН “ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ” МЕ? Азаттық: Сонымен ұзақ демалыс алдында осындай үлкен жаңалық жарияланды. Мейрам алдында, 19 наурызда қазақстандықтар мәжіліс депутатының постынан Самат Әбішке шыққан үкім жайлы білді. Мұның бәрінің байланысы бар ма әлде кездейсоқтық па? Досым Сәтпаев: Әңгімені бұл істің құпия

  • Христиан миссионерлерінің құмдағы іздері

    Орыны: Қашқар қ-сы; Жылы: 1933 ж; Аты-жөні: Қабыл Ахонд; Діні: христиан; Түсініктеме: Бұл жігіттің кейінгі есімі Қабыл Ахонд, христиан дінін қабылдаған алғашқы ұйғыр. Кейін діни сеніміне байланысты өлтірілген. Сурет еуропадағы миссионерлік музей архивінде сақтаулы. Аталған музейде жүздеген христиан ұйғыр өкілдерінің суреті сақталған. 1930 жылдары христиан ұйғырларына тұрғылықты мұсылмандар мен әкімшілік билік тарапынан қысым көрсетіле бастаған соң бір бөлімі миссионерлерге ілесіп еуропа елдеріне “һижраға” кетті. Алқисса Христиан әлемінің Қашқарияға баса мән беруі әсіресе Яқұп Бек мемлекеті кезеңінде жаңа мүмкіндіктерді қолға келтірді. 1860-70 жж. Қашқарияның Цин империясына байланысты көңіл күйін жақсы пайдаланған Христиан әлемі Үндістан мен Тибет арқылы Қашқарияға мәдени ықпалын жүргізе бастады. Олардың мақсаты бұл аймақты Ресей империясынан бұрын өз ықпалына

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: