Бұл ойынды бәрі үлкен қызығушылықпен күтті. Себебі бұл чехиялық бас бапкер Михал Билек үшін алғашқы ойын еді. Сондай-ақ құрамада жаңа футболшылар ойнауға тиіс болатын.
Алғашқы құрам таңғалдырды. Онда «Астана», «Қайрата» және «Ордабасы» клубтарының үш ойыншыларынан болды. Сонымен қатар Бақтияр Зайнутдинов мен Александр Меркель.
Астанада өткен І тобының кездесуі 3:0 есебімен аяқталды.
Ойынның 10 минутында тақтайшада алаң иелерінің еншісіне 2:0 есебі жазылып тұрды. Голды Юрий Перцух пен Ян Вороговский кіргізді.
Екінші таймның басында Бақтияр Зайнутдинов есепті 3:0 етті.
Пікір қалдыру