”Көк” Туқазақ мәдениетi қоғамы ұйымның бiр жылдығы мен Наурыз мерекесi бірнеше мәдени іс-шаралармен атап өтілді.
Анкарада "Көк Ту" қазақ мәдениетi қоғамының мүшесi, жас талант
суретшi Кәрiм Байғұтовтың "Өнертапқыш қолдар" аталатын сурет көрмесiнiң
ашылу салтанаты өттi.
Қазақстанда жария етiлген үстiмiздегi жастар жылына орай
ұйымдастырылған көрменiң ашылуына Қазақстан Республикасының
Түркиядағы Елшiсi Абзал Сапарбекұлы, өнер жанашырлары мен қазақ
шәкiрттер қатысты.
Ашылу салтанатының әуелгi құттықтау сөзiн сөйлеген Елшi Абзал
Сапарбекұлы, Елшiлiк ретiнде Қазақстанның Түркияда кең таныстырылуына
ерекше мән беретiндiктерiн атап өтiп, айрықша түрде мәдени жұмыстардың
бел ортасында белсендiлiк танытып жүрген "Көк Ту" қазақ мәдениетi
қоғамына алғыс айтты. Талантты суретшi Кәрiм Байғұтовтың жастар жылы
аясында ұйымдастырылған көрмесi бұл тұрғыда маңызды екендiгiн
салмақтай сөйлеген Елшi мырза, қонақтарды Наурыз мерекесiмен
құттықтады.
Сөз алған құрметтi қонақтардың бiрi, профессор Хүлия Касапоғлу
Ченгел ханым болса, Қазақстанның Тұңғыш Президентi Нұрсұлтан
Назарбаевтың сарабдал саясатына жоғары баға беріп Елбасымыздың ұлы
ақын Мағжан Жұмабайдың "Мен жастарға сенемiн!" мұратымен үндес қадам
жасағанын атап өттi. "Елбасы Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында
қазақ жастарымен наурызды Анкара төрінде қарсы алып отырмыз. Бір ғасыр
бұрын қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабай:
"Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн! " деген еді.
Мағжанның жастар туралы идеясы Назарбаевтың жастар жылымен
жалғасын тапты. Мен де жастарға сенемін! Жастар жылы құтты болсын!",-
деп сөзін түйіндеді.
Көрмеден кейін Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік
іс-шара концертпен жалғасын тапты. Ұлттық нақыштағы әсем әуен сауда
орталығын сусындатты. Ән-жырымен шашу шашқан өнерпаздар көпшілік
көрерменнің көңілінен шықты.
kerey.kz
Пікір қалдыру