Отан ,Отан оттан ыстық көрінген,
Отан орын алған жүрек төрімнен.
Тәуелсз боп арқасында Алланың ,
Жұлдыз жәйнап ,ай туған күн көгімінен.
Ел болмайды артық туған Еліңнен,
Елін сату бірдей болар өліммен.
Бірлік деген-бик қамал алынбас,
Бөрілерге жем болады бөлінген.
Осы күнді қадірейік біз бүгін ,
Жақсылыққа қосып әр кез ізгі үн.
Қанша боздақ құрбан етті өмірін,
Алу үшін егемен ел тізгінін .
Қанша ғасыр өтті Халқым жылауда,
(Көздің жасын көрді ақыр бір Алла ).
Ата -Бабам жанын берген бұл күнді,
Ешкігнің де хақысы жоқ сынауға.
Қанден Иттер аса алмайтын бір белден,
(Ірітпек боп ін қазып жұр іргемнен).
Талай залым ,зәндендерді көрдік біз ,
Іші тұтын ,сырты бұтын жүргенмен.
Елді тонап ,шетке қашып кеткендер,
(Көтермейді көк тиындық өкпеңді ел).
Оттай сытық сатып отан Анаңды,
Ит боп үріп ,Отанмды сөкпеңдер.
Айтылар сөз таусылмайды ол жәйлі,
(Біреуге ар,ал біреуге мал қайғы) .
Ел қадырын түсінбеген еркектің ,
Ел сыилайтын ер қадыры болмайды .
Қуанышым жігерімді жаниды,
Бақыт құсы айналып жұр әр үйді.
Күллі әлем мойындаған Елім бар,
Күллі Әлем көк туымды таниды.
Айналайын асыл Халқым ,Алашым,
Қадірлейік бар бақыттың бағасын.
Ғасырлардан ғасырларға мәңгілік ,
Жасай берсін ұлы Отаным -Анашым ,
Қазақстан ұлы отаным-анашым.
Шаһидолла Самұратұлы
16.12.2019
Пікір қалдыру