COVID-2019 ВИРУСЫН БІРГЕ ЖЕҢЕЙІК
Әлемде алдыңғы орынға шыққан Covid-2019 жұқпасы туралы БАҚ беттері мен әлеуметтік желілерде ақпарат көп. Жаһандық масштабта тез таралған індет Қазақстанда да тіркелді. Елде вирусты алдын алу мақсатында төтенше жағдай жарияланып, Covid-2019 жұқпасы анықталған Нұрсұлтан және Алматы қалалары карантинге алынды. Одан бөлек басқа қалаларда да аталған індет табылып отыр. Мекемелер мен білім беру ұйымдары, адам көп шоғырланатын ойын-сауық орталықтары жұмысын тоқтатты, бұқаралық шаралар мен той-жиындар өткізу кейінге қалдырылды.
Мамандар «Covid-2019» жұқпасы кезінде мұрыннан су ағу, құрғақ жөтел мен дене қызуының көтерілу белгілері байқалатынын осыған дейін айтты. Олар халықтан сақтық шараларын ұстанып, қолды жиі жуу, антисептик пайдалану, қоғамдық орындарға бармау керектігін қатаң түрде ескертеді.
Маңғыстау облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті коронавирусқа байланысты әлеуметтік желілерде тарап отырған түрлі ақпараттарға сенбеуге және оларды әрі қарай таратпауға шақырады. Сонымен қатар айтылып жатқан барлық нұсқаулықты жауапкершілікпен орындау керек екенін айтқымыз келеді.Біздің ұжым сыбайлас жемқорлық фактілерін алдын алу үшін онлайн режімде арыз-шағымдар мен ұсыныстарды қабылдайды. Сондай-ақ біріңғай байланыс 1424 Call – орталығының сенім телефонына хабарласуға болады Өзіміз үшін және әлем үшін сақтық ережелерін сақтайық. Біз біргеміз.
Маңғыстау облыстық
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет Департаменті
Пікір қалдыру