|  | 

Әлеумет

Лимон, сарымсақ, бал, зімбір, куркума: Коронавирустан қорғанудың жолдары

WhatsApp Image 2020-04-02 at 11.41.44 AM

Қазіргі қаржылық қиындық кезінде бизнесті дағдарыстан қалай шығаруға болады? Коронавирустан қандай тағамдар қорғайды?
Қаржы сарапшылары әлемде жаһандық экономикалық дағдарыстың басталуы туралы мәлімдеді. Коронавирус пандемиясы мен долларға шаққандағы ТМД елдері ұлттық валютасының құнсыздануы жағдайды қиындата түсті. Дағдарыстан шығудың қандай жолдары барын, қалай көмектесуге болатынын QNET компаниясының Ресей мен ТМД елдерінде маркетинг жөніндегі жетекшісі Ирина Полякова kerey.kz ақпараттық сайтының тілшісімен арнайы сұхбат барысында жауап береді.
– Сарапшылардың болжамы бойынша, жұмыссыздық деңгейі артып, инфляция басталады. Жұмыстан шығып қалу қаупі туындаған қызметкер не істеуі керек?
– Ең алдымен, «дағдарыс — жаңа мүмкіндіктердің кезеңі» екенін естен шығармау қажет. Егер расында да қызметкер жұмыстан қысқарылатын болса, онда бұл ол үшін өз әлеуетін жетілдіруге немесе өзін басқа бір салада жаңа қырынан көрсетуге түрткі болуы мүмкін, – кез келген жағдайда компанияны ауыстыру мүмкіндігі өзін-өзі дамытуға ықпал етеді. Егер жұмысынан қысқармаса, Джоан Роулинг жазушы, Томас Эдисон өнертапқыш, Уолт Дисней өзінің мультипликациялық студиясының иесі болар ма еді? Жинаған қаражатыңыз болса, онда оларды құнсыздануға тұрақты түрге, яғни жылжымайтын мүлікке, алтынға конверсиялаған дұрыс. Біздің Тәуелсіз Өкілдеріміз компаниялардың алтыннан жасалған зергерлік бұйымдары мен гауһар тастарын сатып алып жатыр және бұның сәтті инвестиция екенін біледі. Кәсіпкерлерге қызметкерлерді жұмыстан қысқартпауға, керісінше, сату жөнінен менеджерлер бөлімін күшейтуге кеңес беремін, бұл бәсекелестермен салыстырғанда, көптеген артықшылықтарын береді.
– Кәсіпкерлерге сіз тағы қандай кеңес бере аласыз?
– Карантинге байланысты әлемнің әртүрлі елдерінде адамдар үйлерінен шықпай, қашықтықтан жұмыс істеуді бастады. Осы себептен ғаламтор желісіндегі сауда, тауарларды жеткізу қызметінің қарқыны өсіп, өркендеп келе жатыр. Кәсіпкерлерге өз ісін онлайн-алаңға бағыттауын ұсынамын: сайтты жаңарту, парақшада сатып алу опциясын ойластыру. QNET компаниясында мұндай мәселелер туындаған жоқ, себебі ол бастапқыда-ақ электронды сауда компаниясы болып құрылған еді және клиенттер тек біздің сайтта сауда жасайды.
– Ирина, бірінші кезекте коронавирус пандемиясы өршіген кезде кәсіпкер не істеуі керек?
– Басқа мамандық өкілдері істеген әрекеттерді істейді. Ең алдымен, денсаулық – бұл кез келген адамның басты ресурсы, ақшадан да маңызды екенін естен шығармау керек, сондықтан бірінші кезекте өзіңіздің және жақындарыңыздың, әсіресе қарт адамдарыңыздың көңіл күйіне назар аударыңыз. Өзіңізді оқшаулап, үйден жұмыс істеңіз, командаңызды карантиннің қашықтық тәртібіне ауыстырыңыз; қолыңызды жиі жуып, дезинфекциялаңыз, иммунитетті нығайту үшін дәрумендер, биологиялық белсенді қоспаларды қолданыңыз, лимон, сарымсақ, бал, зімбір, куркума сияқты пайдалы өнімдерді жеңіз. QNET компаниясының Тәуелсіз Өкілдері осы кезеңде денсаулыққа арналған тауарларды өте жиі қолданады.
– Дегенмен, вирус әсіресе егде жастағы адамдар мен ауыр созылмалы аурумен ауыратын науқастар үшін аса қауіпті, ал қалғандары үшін бұл жай тыныс алу ағзаларының асқынған вирустық ауру болып табылады, сонда да көбісі үрейленеді. Осындай күрделі жағдайда өзіңді жұмыс істеуге қалай икемдеу керек?
– Өзіңіздің назарыңызды БАҚ үнемі жариялап отыратын коронавирус мәселесіне шоғырландырмаңыз. Бізге күн сайын әлемдегі және еліміздегі ауруға шалдыққандар саны туралы хабарлап жатыр, осылайша үрейімізді арттыруда. Санаңызды тыныштандырып, үрейге бой алдырмауға тыныс алу жаттығулары, массаж, ыстық ванна, денені шынықтыру көмектеседі. Үрейге бой алдырмау үшін карантин кезінде үйде қашықтықтан жұмыс істеуге немесе қашықтықтан оқуға бар жан-тәніңізбен беріліп кірісуге кеңес беремін. Ғаламторда көптеген онлайн-курстар бар. QNET компаниясының өзінің білім беруге арналған өнімі жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін бес тілдегі qLearn платформасы бар, мұнда профессорлар киберқауіпсіздік, іскери дағдыларды дамыту, көшбасшылық, тәуекелдерді басқару туралы айтады. Егер сіз дистрибьютор болсаңыз, таныстырылымды онлайн түрде өткізіңіз. Жұмысқа бар жан-тәніңізбен берілген кезде, жан-жақта болып жатқан дүрбелеңге көңіл де бұрмайсыз. Бұдан басқа, айналаңызда үрейге бой алдыратын адамдардан аулақ болыңыз, олардың көңіл күйі сізге де беріледі, сізге қолдау көрсететіндермен телефон немесе әлеуметтік желі арқылы сөйлесіңіз. Өзіңізбен бірге оқшауланған жақындарыңызды жиі құшақтап тұрыңыз, өзіңізді керемет сезінетін боласыз. Егер сөйлесетін ешкіміңіз болмаса, ал сіз өзіңіз үшін маңызды нәрселер туралы сөйлескіңіз келсе, психолог маманмен скайп арқылы байланыс жасаңыз. Мүмкін сізде қызықты жаңа бизнес-идеялар туындайтын шығар және мұндай жағдайда дағдарыс шынымен де сіз үшін жаңа мүмкіндіктер кезеңі болатын шығар.
Сұхбатыңызға рақмет!

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Тек тілге байланысты…

    Тек тілге байланысты…

    Қазақ Республикасында бір ғана мемлекеттік тіл бар. Ол- қазақ тілі. Қазақ тілінен басқа ешбір екінші тілге мемлекеттік мәртебе берілмеуі керек! Отыз жылдан астам уақыттан бері геосаяси ахуалды сылтауратып келдік. Енді біздің де мінезімізді һәм мысымызды көрсететін уақыт келді. ҚР-ның азаматы һәм салық тапсырушы қатардағы тұрғыны ретінде талап етемін! Алдағы бес жылда Қазақ Республикасында елеулі демографиялық өзгерістер болады. Атап айтқанда 2030 жылынан кейін қазақтардың республикадағы жалпы үлесі 80-85% ке дейін артады. Славян халықтарының өсімі азайып 10%-ға дейін түседі. Есесіне елдегі түркітілдес өзбек, татар, ұйғырлардың өсімі еселеп өсіп тіпті 10-15 жылда орыстардың орнын басып озуы мүмкін. Сол кезде Қазақ Республикасындағы жалпы түркітілдес халықтардың үлес салмағы 85-90% ке жетеді. Нәтижесінде қазақ мектептерінің саны,

  • “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін.

    “Қазақ тілі – мемлекеттік тіл” деп жазылып тұр ғой дейді. Неге ондай сөздің пайдасы жоқ екенін түсіндірейін. “Жаңа конституцияның” 9-бап 2-тармағы тұрғанда құжаттар ешқашан қазақша жасалмайды. Тек аударма тілі болып қалады. Себебі мемлекеттік бюрократия 9-баптың 2-тармағына сүйеніп, іс-қағаздарды орысша жасап үйренген. Сол себепті іс-қағаздың бәрі алдымен орысша жасалады, кейін қазақшаға қалай болса солай аударылады. Сол себепті 1-тармақтың болғаны қазақ тілінің нағыз мемлекеттік тіл мәртебесінде болуына еш көмектесе алмайды. Бір ғана жолы бар: конституцияда мемлекеттік тіл де, ресми тіл де – қазақ тілі деп тайға таңба басқандай жазылып тұруы керек. Құжаттың мемлекеттік тілдегі нұсқасының ғана заңды күші болуы тиіс. Сол кезде басқа тілдердегі нұсқасы жай аудармасы болады. Сол кезде ғана қазақ

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: