Жағдайы төмен жанұяларды жарылқау жалғасады.
Бұл жолы Алматыда балабақша тәрбиешілері еріктілердің қатарына қосылды. Карантинге байланысты бөбекжайдың қызметкерлері бос, мектепке дейінгі мекемелердің жұмысы уақытша тоқтап тұр. Уақытты тиімді пайдаланған Алатау ауданы №37 бөбекжай-балабақшасының ұжымы еріктілермен бірге жағдайы төмен отбасыларға көмектесуге шықты. Тәрбиешілер алғашқы күні табысынан айырылған 12 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік пен қорғаныш құралдарын таратты.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды “Еріктілер жылы” деп жариялағаны мәлім. Елімізде Төтенше жағдай орын алуына байланысты Алматы қаласы Алатау ауданы КМҚК “№37 бөбекжай-балабақшасының” ұжымы қарап жата алмады. Азық-түлік қораптары мен маска сатып алып тараттық. Еліміздің басына іс түскенде қолымыздан келгенше көмек берейік, әрдайым бірге болайық деп шештік», – деді аталған балабақшаның меңгерушісі Айнұр Әлімбекова.
Жас ұрпақ тәрбиелеп жатқан мамандар Алматыдағы өзге әріптестерін де еркітілердің қатарына қосылауға шақырды.
Пікір қалдыру