|  | 

Шоу-бизнис

QNET Digital Business Award 2020 сыйақысына ие болды

WhatsApp Image 2021-01-18 at 6.31.09 PM
Компания онлайн жұмыста Тәуелсіз Өкілдерге қолдау көрсеткені үшін марапатталды

Халықаралық QNET QN Europe тікелей сауда компаниясының бөліміне Digital Business Award 2020 сыйақысы берілді. Бұл марапат Covid-19 пандемиясы кезінде QNET компаниясының бизнес-үдерісте ақпараттық технологияларды сәтті меңгергенінің куәсі болды.
Пандемияға байланысты шектеулер дәстүрлі бизнеске көп залал келтірді, оның ішінде тікелей сауда саласына да қауіп төнді. Тәуекелдерді азайту үшін QNET қызметкерлері Тәуелсіз Өкілдердің қашықтан жұмыс істеуі бағыты бойынша дайындық жұмыстарына күш салды.

«Тәуелсіз Өкілдер желісі біздің бизнесі іздің ортасында орналасқан. Біз оларға ғаламторда еш кедергісіз бизнесті жүргізуге қажетті құралдар мен қолдауымызды беру үшін тез әрекет етуіміз керек болды. Лезде сандық қарым-қатынасқа ауысу қадамдары оңай шаруа болған жоқ. Еуропаның көп бөлігінде жұмыс істейтін компания ретінде біз басынан бастап желісіне қолдау көрсету қызметін кем дегенде үш тілде қамтамасыз етуіміз керек болды»», — деді QN Europe бас директоры Жером Хоэф.

QNET бастапқыда-ақ 100% e-commerce бизнес болған, алайда пандемия компанияның сандық технологияны белсенді түрде қолдануына түрткі болды. Осы себептен QN Europe өз жоспарын асыра орындап, аптасына жеті тілде 20 онлайн-таныстырылым өткізді. Тәуелсіз Өкілдердің шеберлігін арттыру үшін QN Europe әлеуметтік желілерді жүргізу бойынша онлайн-семинарлар өткізді. Бұдан басқа, QNET еншілес кәсіпорны желілік кәсіпкерлерді өз ісін қалай жүргізу керектігі жөнінде білімдерін тереңдету мақсатында бизнестің онлайн-академиясын ұйымдастырды.
«QN Europe командасының осы бір қиын-қыстау кезеңде жасаған істерін мақтан тұтамын, алған марапаттары қажырлы еңбегінің куәсі болып табылады. Олар желінің сәтті жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін көптеген қиындықтарды бастан өткерді», – деді QNET бас директоры Малу Калузан

Digital Business Award 2020 сыйақысын QNET компаниясына Еуропадағы тікелей сауда индустриясының Network-Karriere көне журналы тарту етті. Басылымның 18 жылдық тарихы және 320 мың оқырманы бар.
«Біз QN Europe еңбегі сіңген марапатымен құттықтаймыз. Қазақстанда Тәуелсіз Өкілдер де әлеуметтік желіні қарым-қатынас үшін, тауарлары мен қызметтерін алға жылжыту үшін қолданатынын атап өткім келеді. Онлайн таныстырылымдар олардың күнделікті ісіне айналды», – деп атап өтті Қазақстандағы QNET компаниясының ресми өкілі, «Халықаралық бюро» ЖШС директоры Альбина Жақсыбекова.

Есте қалатыны, 2020 жыл QNET үшін сыйақылар мен марапаттарға толы жыл болды. Халықаралық тікелей сауда компаниясын Globee International Award®️ алтынмен, MarComm 2020 үш алтын марапатпен және International Business Awards®️ пен Stevie Asia-Pacific 2020 екі қола марапатпен марапаттады.

Related Articles

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

  • Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Келешекте қай салаларды дамыту керек?

    Инвестордан артық қатаң реалист жоқ қой. Ол салған ақшасы өзіне еселеп қайтуы үшін тек перспективасы мол, келешегі жарқын салаларды таңдайды. JPMorganChase АҚШ-тағы, әлемдегі ең ірі банктің бірі ретінде алдағы 10 жылда 1,5 трлн доллар инвестиция құятынын қараша айында жариялады. Сөйтіп, негізгі 4 бағытты таңдаған. Олар ары қарай 27 салаға бөлінеді: – Озық технология: робототехника, фармакология, аса маңызды минералдар – Қорғаныс, аэроғарыш өндірісі: байланыстың жаңа буыны, мүлде жаңа дрондар – Энергетикалық тәуелсіздік: күн, атом, жаңа батареялар – Стратегиялық технология: ЖИ, киберқауіпсіздік, кванттық есептеу Арғы жағындағы 27 саланы оқысаң, мына банк әлемдік соғысқа дайындалып жатқан сияқты көрінеді. Себебі гипердыбыстағы ракета, 6G байланыс, ғарыш, адамсыз технология деп кете береді. Энергия көздерінің түр-түрі. Екінші

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: