Димаш — Қазақстан азаматы емес
Димаш — Қазақстан азаматы емес
Димаш — әлем азаматы. Жеті миллиард халыққа ортақ әнші. БҰҰ арнайы паспорт беру керек. Оған кез келген елге визасыз өте алатындай құжат берген жөн. Өйткені ол Алла берген даусымен жанымызды емдейді, келешекке үміт береді, өмірге деген құлшынысымызды оятады. Он сегіз мың ғаламның ішіндегі түйіршіктей жер шарына Тәңір бере салған. Біз “Тіл-сұқтан сақтасын!” деп Құдайға жалбарынып, әнін тыңдап қана отыруымыз керек.
Пікір қалдыру