Тоқаев мәжілісте не айтты?
ҰҚШҰ бітімгер күштері миссиясы аяқталды, алдағы екі күнде оларды шығару жұмыстары басталады. Оларды шығару он күндей уақыт алады.
Алматыны қалпына келтіру – менің парызым.
Кейбір аймақта ҰҚК департаменті жетекшілері нысандарды қаруы мен құпия құжаттары болса да, қарсылықсыз бере салды.
Бірінші мақсат – құқық қорғау органдары жүйесін реформалау. Әскери техниканы толықтырамыз.
Жұрттың табысы экономиканың өскеніне қарай өсуі тиіс. Бұл аксиома бізде жұмыс істемеді.
Қазіргі экономикалық жағдайдан қаржылық-олигархтық топтар пайда көрген. Қазақстан даму банкі негізінен белгілі бір топтың жеке банкіне айналды. Олардың фамилиясын бәріміз білеміз.
Мемлекеттік қолдауы анық емес және түсініксіз. Мемлекеттік қолдау жүйесінде “досыма бәрін беремін, ал қалғандарына заңмен беремін” деген жүйе қалыптасқан.
“Самұрық Қазына” қорын және оның бөлімшелерін тексеру қажет. Егер “Самұрық Қазына” қорын қайта құру мүмкін болмаса, ел экономикасына бұл қор қажет емес.
Астана LRT жобасы сәтсіз болды, оны мойындау керек. Бұл жобада жемқорлықтың иісі бар. LRT мәселесін шешу үшін шетелдік және отандық архитекторларды шақырудан басқа амалымыз жоқ.
Тоқаев үкіметке утилизация алымын жоюы талап етті.
Шаруашылық өсті деп айтуға келмейді. Біз импортқа тәуелдіміз.
Пікір қалдыру