По ком звонят колокола? Ресейдің рекордты бюджет дефициті солтүстіктегі үлкен кризистен хабар береді
Бізге елдегі басы артық рубльден арылу жұмыстарын тездеткен жөн. Құнсыздаған Ресей валютасы банк баланстарына үлкен соққы бере алады.
Ресей 2022 жылдың бюджеттік қортындысын шығарды. Бюджеттік дефицит 3,3 триллион рубльді құраған. Бұл 45 миллиард доллар. Біз үшін бүкіл бір Ұлттық қор десе де болады. Осы дефицитті жабу үшін Ресей өзінің әл-ауқат қорынан қаржы шығындамақ.
Ресей әл-ауқат қорында 10,8 триллион рубль жатқан болатын. Оның 3,3 триллионы өткен жылғы дефицитті жабуға кетсе, қалатыны 7,5 триллион рубль. Ал биылғы дефициттері қандай болмақ? Ол үлкен сұрақ. Тіпті алдағы 2-3 жылда Ресей толық өз резервін құртып тастауы да ғажап емес.
Екінші проблема – рубль бағамы болып тұр. Ресей рубль курсын ұстау үшін юань резервтерін жағуға шешім қабылдады. Оның Орталық Банкі биржада көптен бері интервенция жасамаған еді. Ол резерві қаншаға жетеді?
Резервтер тым көп жағылса, Орталық Банк курсты еркін жібере салуға шешім қабылдауы да мүмкін. Онда рубльдің қатты құлауын көре аламыз.
Арзан рубль бізге инфляцияны түсіруге жақсы мүмкіндік береді. Бастысы, Ресейдің азық-түлікті тоқтамай өндіре бергені керек. Ал рубль – ақша сақтау үшін ең қауіпті валюта деп айтар едім. Рубль болса, соған Ресейден азық-түлік алып алған дұрыс.
Пікір қалдыру