|  |  | 

Көз қарас Саясат

ҚАЗАҚ БИЛІГІ АҚШ-тан ҚАРАҒАНДА БАТЫЛ БОЛЫП ШЫҚТЫ

Бүгін Ресей әскерінің Украина жеріне басып кіргеніне 3 жыл болды. Осы 3 жылда басқыншы Путин жендеттеріне Украин әскері мен халқы тегеурінді қарсылық көрсетті. Бұл арада Зеленскийдің табанды қолбасшы болғанын баса айтып өткен жөн. Егер де ол соғыстың алғашқы күндері қашып кеткенде Путин 3 күнде Киевті тізе бүктірер еді. Сол себепті мен Зеленскийді ұлт батыры деп санаймын.
Бұл соғыс бізге нені түсіндірді немесе түсіндіруі керек? Мен бұған дейін биліктің тым ресейшіл болып кеткенін айтып, еліміз ЕАЭО шығу керек деп жүрдім. Бірақ соңғы кездері көршің агрессор болса, екі шұқып бір қарауға тура келетінін түсіндім.
Иә, біз биліктің ішкі саясаттағы іс-әрекетімен келіспей, сынауымыз мүмкін. Бірақ Ресеймен қарым-қатынаста аса сақ болуға мәжбүр екенбіз. Бұл сөз біреуге ұнар, біреуге ұнамас. Бірақ шындық осылай болып тұр(
АҚШ президенті Трамптың Путинді мақтап, Зеленскийді айыптап шыға келуі Украинаның екі оттың ортасында қалғанын көрсетеді. Жүз мыңдаған адамның өлімі алпауыт мемлекеттер үшін түкке тұрғысыз екен(
Бүгін БҰҰ-ның Бас ассамблеясы Кремльдің басқыншылығын айыптап, Ресейге әскерін әкетуді талап еткен резолюция қабылдады. Аталған резолюцияны 93 ел жақтап дауыс берсе, АҚШ бастаған 18 ел қарсы дауыс берді. Ал қалыс қалған 65 елдің ішінде Қазақ елі бар. Бұған не деуге болады? Қалай десек те Қазақия Америкамен салыстырғанда әлдеқайда батыл қадам жасады!

Related Articles

  • Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Қазақ мектебінде оқитын 7 жасар бала орыс тілі сабағында неге орысша сайрап тұруы керек?

    Магнумды өзім мүлде ұнатпайды екенмін. Үнемі барсам, есі дұрыс көкөніс таппайтынмын. Ескірген, шіріген. Азық-түлікті тек базардан аламын. Бірақ магнумге байкотты тоқтатпау керек! Сонымен бірге, орыстілді кино, фильмдерге де байкот жариялау керек. Бірақ, одан күштісі, балаларыңды тек қазақша оқытып, қазақша тәрбиелеу керек. Бірақ, балаңды қазақша тәрбиелейін десең, тағы бір кедергі шығып жатыр. Ғалымдардың айтуынша, баланы 13 жасқа дейін қазақ тілінде оқытып, ұлттық құндылықтарды бойына, ойына сіңіру керек. Енді солай істеп жатсақ, 7-8 жасар қап-қазақша өсіп келе жатқан балаңды мектепте орыс тілін үйретіп миын ашытуға тура келіп отыр. Яғни, 2-сыныптан бастап орыс тілі мектеп бағдарламасында тұр. Бжб, тжб-сында орыс тілі мұғалімдері баланың орысша мазмұндамасын (говорение) тексереді. Талап етеді. Сонда, біз байғұс қазақ,

  • Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Саясаттанушы: Еуроодақпен әріптестікке Орталық Азия көбірек мүдделі

    Нұрбек ТҮСІПХАН Еуроодақ жетекшілері мен Орталық Азия елдерінің басшылары “Орталық Азия – Еуроодақ” саммиті кезінде. Самарқан, Өзбекстан 4 сәуір 2025 жыл 3-4 сәуірде Самарқанда “Орталық Азия – Еуропа одағы” саммиті өтті. Орталық Азияның ресми БАҚ-тары мен мемлекеттік құрылым сайттары Самарқан саммитінің “тарихи маңызын” айтып жатыр. Ал екі аймақ арасында осындай форматтағы алғашқы кездесуді сарапшылар қалай бағалайды? Азаттық тілшісінің сұрақтарына саясаттанушы Жәнібек Арынов жауап береді. – Орталық Азия және Еуроодақ саммиті қаншалықты тең жағдайда өтіп жатыр деп айта аламыз? – Орталық Азия мемлекеттерінің 30 жылдық сыртқы саясатына, тарихына үңілсек, Еуроодақ әрдайым тең дәрежеде жұмыс жасауға тырысатын үлкен әріптестердің бірі. Мысалы, АҚШ немесе Ресей не болмаса Қытаймен салыстырғанда мемлекет тарапынан болсын, қоғам

  • Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Енді қазақ тілін елемейтін мекеме байкоттың нысанасына ілігіп, шығынға бата беретін болады

    Кейде қоғамды бір ғана оқиға қозғалысқа түсіріп, іште қатқан шеменді жарып жібереді. Бұл жолы дәл сондай ахуал орын алды. Magnum дүкендер желісінде орыс тілді бір азамат қазақ тілін білмейтін курьерге шағым түсіріп, артынан дүкен әкімшілігі әлгі курьерді жұмыстан шығарып, мәселені жылы жауып қоя салмақ болғанда, жұртшылық оқыстан оянып кетті. Бұл тек бір азаматтың реніші немесе дүкеннің ішкі тәртібі емес. Бұл – тілдік теңсіздікке қарсы ұлттың рефлексі. Қазақтың өзі, өз жерінде, өз тілінде сөйлей алмайтын күнге жеттік пе деген сұрақ сананы сыздатып тұр. Өз елінде тұрып, өз тілінде сөйлемейтін азаматты қоғамнан аластатылуы ақылға симайтын дүние. Ал Magnum дүкендері желісі отты күлмен көміп қойғандай болды. Қазақ тілі – елдің өзегі. Оған жасалған

  • НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    НАУРЫЗ туралы маңызды құжат

    Ашық дереккөздерден 1920 жылғы 20 наурызда Ташкентте Тұрар Рысқұлов қол қойған Наурызды атап өту туралы бұйрыққа көзім түсті. Демек, биыл бұл тарихи құжатқа – 105 жыл! Алайда, арада небәрі алты жыл өткен соң 1926 жылы Наурызға тыйым салынды. Ал, 1920 жылы Түркістан Кеңестік Республикасының Орталық Атқару Комитетінің төрағасы болып қызмет еткен Тұрар Рысқұловтың тағдыры қандай қайғымен аяқталғаны баршамызға мәлім. Оны “халық жауы” деп танып, 1938 жылдың 10 ақпанында ату жазасына кескен… Нашел вот такой документ в открытых источниках: Приказ, изданный в Ташкенте Тураром Рыскуловым от 20 марта 1920 года о праздновании Наурыза. Получается, в этом году этому историческому документу исполнилось 105 лет! В 1926 году Наурыз оказался под запретом. А

  • Наурыздағы кездесу

    Наурыздағы кездесу

    Кеше Астанадағы ЭКСПО маңында өткен Наурыз мерекесіне барып қайттым. Күн шайдай ашық, көктемнің лебі ерекше сезіліп тұр. Айнала қуанышқа толы – қазақтың дәстүрін дәріптеген ұлттық ойындар, асыл мұрамызды әспеттеген ән-күй, күмбірлеген домбыра үні… Барлығы да Әз Наурыздың сәнін келтіріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде әншілер ән шырқап, жыршылар терме толғап, халықтың ықыласына бөленіп жатты. Жан-жағыма көз тастап, ұлттық ойындарға қатысып жатқан жұртты тамашаладым. Қол күрестіру, арқан тарту, гір тасын көтеру – бәрі де бабадан қалған асыл мұра. Кенет ерекше бір көрініске көзім түсті. Аққұба келген орыс қызы 16 килограмдық гір тасын зілдей ауырсынбай, қиналмай-ақ көтеріп жатыр. Таңданысымда шек болмады! Кәдімгі ер адамдардың өзі 130 мәртеден ары аса алмаған бұл салмақты

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы:

Zero.KZ