ҚАРА ҚЫЗДАН ҚАЙЫР БОЛМАСА ДА, ҚАЙЫРБЕК ҰСТАЗЫМНЫҢ ҮЙРЕТКЕНІ БАР
“Сүйексіз балық қателіксіз адам болмайды” деп кешіріп жатамыз. Ойымда тұр, өкпелеп қайтсам керек. Қасымда жүретін қара қыздың іштарлығына жол болсын, шаң басып шкафында тұрған беті бір ашылмаған кітабын оқуға бермеді. Әрине кітап құнды дүние, оны жинап, іздеп, ұқыппен ұстай білу де бір өнер дер едім. Дегенмен ыржаң-тыржаңы көп, кітап емес көйлекке құмар анау дүмшенің үйінде қор боп жатырсың-ау қайран қазына…
Оны топас, өзімді ақылды етіп көрсетуден аулақпын. Ары жалынып, бері алдап ала алмаған соң тіліме тікен бітті(((
Біздейлерді адам демейтін әлгінінің жанында енді жүрмеспін.
Ибай әлгі қара қыз журналист( диктор) қара бетін аппақ опамен ағартып, сығыр көзін қара бояумен үлкейтіп бояп алып, жазып берген жаттанды дүниесін сайрағанда мықты ғой, мықтеее!
Мақалама тұздық болар дүниені Қайырбек Кемеңгер ағайдың кезінде жаздырған лекция дәптерімнен таптым. Міне, Дүние соғысының алдында 1912 жылы Святейший синодтың мынадай пікірі болды: “Бір қазаққа екі орыс көрші болса, қазақ кедейленеді, содан барып қазақты орыс қылу оңай” деген. Бұл Алаш зиялыларының бірі Қошке Кемеңгердің бір жазбасынан үзінді. Ардақты, текті Қошкедей тұлғаның ұрпағы ғой қанша дегенмен! Маған айтатын: ” Анаргүл, сенім арттым, сенімімді ақта! Оқысаң жинап оқы, саралап айт, кітап пен ой бөлісуде тарлық етпе “дейтін. Қайырбек ағатайым ,алтын ұстаз екенсіз ғой!
Жүрегімді қара қыздың қара пейілі көлеңкелеп қалған сәтте, қайта бір серпіліп қалдым!
Бәсекелесіп, жарысып оқысақ тамаша ғой! Көрсоқырлық, іштарлық соған кедергі болмаса игі. Ниет түзу, ой таза болсыншы!!!
Anargul Shalqynbayдң facebook парақшасынан алынды


Пікір қалдыру