Алып болу үшін жыртқыш болу шарт емес !
Көк кит. Алып болу үшін жыртқыш болу шарт емес екенін дәлелдеп жүрген жер бетіндегі ең ірі бекзат жаратылыс. Үлкендігін бір-ақ мысалдан байқаңыз – бұзауы 7 айға дейін емгенде күніне 100 келі салмақ қосып отырады:))) Қазіргі Жер бетінде ғана емес, планетамыздың бүкіл тарихында тұрқы көк китті маңайлайтындай қандай да бір мақұлық болмаған. Ұзындығы 33 метрден, салмағы 200 тоннадан асады. Сол денесін ұстап тұру үшін күніне 4 тонна криль, яғни титімдей су шаянын жейді. Құдайдың құдыреті:)
Ғалым Боқаштың facebook парақшасынан алынды


Пікір қалдыру