ҚХР-ның төрағасы Си Цзиньпинның мемлекеттік сапары — бұл қайта сайланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевты “саяси қолдау белгісі”, деп мәлімдеді Қытай СІМ басшысының орынбасары Чэн Гопин.

Бұл туралы Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.
Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруымен 7 мамырда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді.
“Төраға Си Цзиньпинның сапары Нұрсұлтан Назарбаевтың президент лауазымына қайта сайлануынан кейінгі шет мемлекет басшысының бірінші сапары болады, бұл Қытайдың президент Назарбаевқа саяси қолдау білдіруінің белгісі болып табылады. Сонымен қатар, бұл сапар екі елдің жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастығының дәлелі”, — деп мәлімдеді Чэн Гопин журналистерге арнайы брифинг барысында.
Дереккөз: ИА “Новости-Казахстан”

Пікір қалдыру