|  |  | 

Езутартар Әдеби әлем

ДЕГЕН ЕКЕН

Qalybek Quanishbay

Бүгін актер, ұлттық кәсіби театр өнерінің негізін қалаушылардың бірі, Қазақстанның халық артисі, КСРО және Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Социалистік Еңбек Ері Серәлі ҚОЖАМҚҰЛОВТЫҢ дүниеге келгеніне тура 119 жыл.

Туған халқы “Серке” деп еркелеткен ұлы атамыздың “деген екендерін” оқи отырыңыздар…

Қалыбек Қуанышбаев дүние салғанда, оның сүйегіне түсушілердің ішінде Серке де болыпты. Қалыбекті жуындырып, енді киіндіре бастайды. Сонда кеше ғана құлын-тайдай шұрқырасып жүрген аяулы достың жансыз денесін батыл ұстап, киіндіре қою кім-кімге болса да оңай соқпай, күйзеліс үстінде тұрғанда Серке:
«Бол тез, қайын жұртыңа келгендей боп былқ-сылқ етпей, киін шапшаң!» – деп Қалыбектің киімін кигізе бастайды.
Көңілдері босап, бей-жай болып тұрғандар әлгі сөзді естігенде шынымен-ақ Қалыбек тірі жатқандай, еркелеп жатқандай сезімге бөленеді. Бұл әрине, Сері ағаңның көпті көргендігіне қоса, рухының беріктігі ғой.

* * *
Аз уақытта екі-үш күйеуге шығып үлгерген актриса бір күні театрға келіп, тағы да тұрмысқа шыққанын айтса керек. Әріптестері сыпайыгершілік жасап «құтты болсын!» айтады. Тек Серке Қожамқұлов қана томсарған күйі үнсіз қалады.
– Сіз мені неге құттықтамайсыз? – дейді актриса.
– Сені құттықтай-құттықтай тіліміз жауыр болды ғой. Тіл байғұсты қашанғы қинай бермекпіз? – дейді Серағаң.
– Сіз бар ғой, біртүрлі адамсыз осы, – дейді актриса ренжіп.
– Оның рас, біртүрлі адаммын. Бірнеше түрлі болу қолымнан келмейді. Сондықтан да өзің көрген жеңгеңмен әлі келем өзгермей, – деген екен Серағаң сонда күлімсіреп.

* * *
Елуінші жылдардың орта тұсында Қазақстан Жазушылар одағында драматургияның келелі мәселелері туралы жиналыс өтіп жатады. Бір мезгілде сөз кезегі халқымыздың қадірменді өнерпазы, белгілі актер – Серке Қожамқұловқа беріледі. Ұлы актер баппен басып, мінбеге көтеріледі. Жұртшылыққа қарап болар-болмас жымиып қояды. Сонан соң әр сөзін әдеттегідей шегелей сөйлеп кетеді. Сөз арасында:
– Баяғыда Николай Гоголь «Өлі жандар» атты романының екінші томын өз қолымен өртеп жіберіпті. Сөйтіп, өнердің парқына өлермендіктің парқын құрбан еткен ғой…Ал біздің Н. секілді драматургіміздің жазған пьесаларының үстіне бензин құйып өртесең де жанбайды. Себеп неге десеңіздер, себебі Гогольдің шығармалары тұп-тұтас май. Ал біздің сабаздікі – кілең су. Су отқа жанушы ма еді! – деген екен.

* * *

Бірде әйгілі актер Серке Қожамқұловты белгілі сатирик Сейіт Кенжахметов қолтықтап келе жатса Серке ақсақал сүрініп кетіпті. Сол жерде Сейіт қалжыңдап:
– Өзіңіз қартаяйын дегенсіз бе? Аяғыңызды нық баспайсыз ба? – дейді ғой.
Сонда, Сер-ағаң:
– Қайдағы қартайған, «Қазақфильм» кино түсіреміз, шалдың рөлін сомдайсың деген. Соған дайындалып жүргенім емес пе, – деген екен.

Жинаған Ақселеу Сейдімбек

Заңғар Кәрімжанның facebook парақшасынан алынды

Related Articles

  • Аттыға жол, ауыздыға сөз бермеген Тұрым батыр

    Әр дәуірде халықтың пана тұтар, қормал санар құрметті азаматтары болады, солардың бірі заманы Аттыға жол, ауыздыға сөз бермейтін, батырлығымен халқы жақта тұрып, мынау ортасы мен мекенін қорғау жолында сырт жауға сес болып келген Тұрым батырды туған халқы мәңгі ұматпайды. Тұрым бала күнінен балуандығымен, қамшыгерлігімен аты шыққан, есейіп ат жалын тартып міне көз алартқан жауларының бетін қайтарып көзге түскендіктен «бұл өңірде Тұрым бар» деп сырт жаулар аттап баспайтын болған. Тұрым өмірінің соңында зиратын қазып, қабырын тұрғызып қойып қажылық сапарға аттанып, қайтарында бүгінгі Семей өңірі маңына келгенде тұйықсыз дүние салып, жол жолдастары сүйекте бұзбай Сартеректегі өзі әзірлеп кеткен қабырға жеткізіп, ел, жұртына табыс етіді. Ителі руының бір мұнша атасы Ажы гүң болып

  • «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    «Сен есірке, тыныш ұйықтат, бақ сөзіме!» /АБАЙ/

    Біздің қазақта «малға достың малдан басқа мұңы жоқ» – «малдан боғы ғана бөтен» талай жарымес Абайдың атына неше түрлі сөз айтқан. Оның ішінде саудагер ғана емес, өзін “сөз ұстаған”, “ел ұстаған” санайтындар да болды. Бұларға Абайдың өзі жауап беріп кеткен: «Тыныш ұйықтат, сен есірке, бақ сөзіме!». Ал, анау жігіт «малдың буымен» негізгі ойын дұрыс жеткізе алмаған сияқты. Ол, «Құнекең малын шығындап, Абайды оқытып, жағдай жасамағанда қалай болар еді… Біз де сол Құнекең сияқтымыз…» дегенді айтпақшы болды – ау деймін… Құнекең қайда, сен қайда… «Қуаты күшті нұрлы сөз, Қуатын білген абайлар…» – дейді Абай. Сөздің қуатын білмеген өте қиын, күйіп қалуың мүмкін… Осы арада Британияның Премьер – министрі болған Бенджамин Дизраэлидің

  • Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі

    Жеке архивімнен табылған құнды мұрағат «Мыржақып Дулатов түрмеде жатқанда жазған өлеңі) Бұл өлеңді 1980 – жылы Өр Алтайдың Көктоғай ауданына қарасты Дүре ауылында 61 жастағы Қауан Орынбасарұлы деген ақсақал айтқанынан жеке архивімде сақталып қалғанынан тауып оқырманмен бөлісіп отырмын. Ай, құдай – ау, аққа жақ, Өзіңі аян мен нақақ. Ақиқат деген жолыңнын, Абыройыңды ашпа хақ. Аятбенен қадысқа, Алла ниет ақ іске. Жан алмасам жоқ еді-ау, Жаза тартсын деген бақ. Мені соттап байлатып, Зығырданды қайнатып. Масайрасын мәз болып, Қинағанды өзің тап Жақын жерден жау шығып, Мақүл істен дау шығып. Дұшпан үстап қолымнан, Иттер тістеп тонымнан. Жаман тосу болған шақ, Түтқын болып тарығып, Жалғыз жатып зарығып, Ашу қысып ойды алып, Дерт жәйіліп бойды

  • Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Қазақ этногенезінің дағдарысы һам жаңа концепция

    Арма ағайын! Шағын сараптама Бірінші, қазақ этногенезінің дағдарысы келе жатыр. Дағдарысқа қарсы қазақ этногенезінің жаңа концепциясының жасалмауы алаңдатады. Біз қазір 18 ғасырлардағы қазақ хан-сұлтандары қабылдаған этногенездік концепциясымен әлі өмір сүріп келе жатырмыз. Одан кейінгі үш ғасырда колонизациялық кіріптарлық этногенездік жаңа концепцияны қабылдауға һәм трансформациялауға мұрсат бермеді. Қолданыстағы қазақ шежіресін ашып қараңыз, рулар шежіресінің концепциясы 18 ғасырларда қабылданған мизамға сәйкес келеді. Тіпті шежіредегі аталық рулар сол ғасырдағы қандайда бір тарихи тұлғадан (батырдан) бастау алады немесе шежіредегі аты аталатын рулар 18- ғасырға барып тоқтайды, ары қарай үзік-үзік. Бұл 18- ғасырдағы жаугершілік заманның талабына сай сұрыпталған қазақ этногенезінің көрінісі еді. Яғни қазақ шежіресінің концепциясы қазақ этногенезінің моделін қалыптады. Екінші, саяси және мәдени шешімдердің

  • Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

    Мемлекеттік тіл: Қауқарлы ма, әлде әлі де декларация ма?

     Серік Ерғали Суреттер: aqmeshit-zhastary.kz, democrat.kz сайттарынан алынды. Ата Заң жобасының талқысы Қазақстандағы ең сезімтал, ең ұзақ талқыланып келе жатқан мәселенің бірі — мемлекеттік тілдің нақты мәртебесі. Конституцияда қазақ тілі мемлекеттік тіл деп жазылғанына отыз жылдан асты. Алайда қоғамдағы шынайы сұрақ әлі де ашық: қазақ тілі — басқарудың тілі ме, әлде символдық мәртебедегі тіл ме? Тіл мәселесі неліктен шешілмей келеді? Себебі біз ұзақ уақыт бойы тілге: – мәдени құндылық ретінде ғана қарап келдік; – оны мемлекеттік басқару тілі ретінде нақты бекітпедік. Нәтижесінде: – Конституцияда бір мәтін, – тәжірибеде басқа жағдай қалыптасты. Бұл қайшылық тілдің емес, конституциялық айқындықтың әлсіздігінен туындады. 9-баптағы басты түйін Жоба бойынша: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі – қазақ тілі. 2. Мемлекеттік ұйымдарда

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: