Алғаш рет «Отар» қырықыншы әскери базасы үздік жауынгерін таңдады
Алғаш рет «Отар» қырықыншы әскери базасы үздік жауынгерін таңдады «Отар» қырықыншы әскери базасында әскери қызметшілер арасындағы жарыс аяқталды. Оның нәтижесінде сынақтарды сәтті тапсырып ең жоғарғы нәтижелер көрсеткен үздік үш жауынгердің есімі анықталды-деп хабарлайды ҚР ҚМ баспа сөз қызметі.
Ережеге сәйкес барлық қатысушылар толық жауынгерлік жабдықпен 10 шақырымдық шеру жасады, бірқатар кедергілерді игерді (жерасты каналынан, бұзылған көпірден, 5 м биік қабырғадан, арнайы жасалған батпақтан өту), атыс бойынша жаттығуды орындады.
Бұл кешенді сынақтардың барлығынан үздік нәтиже көрсеткен 21742 әскери бөлімнің әскери қызметшісі аға сержант Азамат Күйкентаев болды, екінші орынды 21450 әскери бөлімнің әскери қызметшісі кіші сержант Елнұр Рысбеков, ал үшінші орынды 21742 әскери бөлімнің әскери қызметшісі кіші сержант Иманқали Қабылұлы иеленді.
Сайыс жеңімпаздарына мақтан тұтарлық «Отар» 40-ншы базасының үздік жауынгерлері атағы беріліп, оны растайтын «40-ншы әскери базасының үздік жауынгері» жазуы бар арнайы береттер табыс етілді. Жарыстың құрметті қонақтары – Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жауынгер интернационалистер, ҚР ҚК ардагерлері, Гвардейск әскери қалашығының мектеп оқушылары жарыстың барысын бақылап, қатысушыларға белсенді түрде қолдау көрсетті. «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығында осындай ауқымда бірінші рет үздік жауынгер таңдалғанын атап өткен жөн.

Пікір қалдыру