|  | 

Суреттер сөйлейді

Елбасы Панфиловқа арналған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысты (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы Қошқарбаев пен Жұмабаев көшелерінің қиылысында орналасқан “Жерұйық” саябағында генерал И. В. Панфиловтың ескерткішін ашу рәсіміне қатысты.

«Бұл ескерткіш тек Кеңес Одағының Батыры Иван Панфиловқа ғана қойылған ескерткіш емес. Бұл фашизмге қарсы Ұлы шайқасқа қатысқан қазақстандықтарға және сол шайқас алаңында қаза болғандар мен сұрапыл соғыстан қайтып келіп, еліміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқандарға деген мәңгілік құрмет белгісі. Өздеріңіз жақсы білесіздер, генерал-майор Панфилов басқарған 316-дивизия Алматы облысында құрылып, соғыстың ең ауыр кезінде Мәскеу түбінде шайқасты және арасында Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы бар 28 панфиловшы-жауынгер  Мәскеуге тап берген фашистік Германияның танктерден құралған топтарын тойтарды”, – деді Мемлекет басшысы.

«Сондықтан да Панфиловтың есімі Ұлы Отан соғысы тарихында мәңгі қалады.  Біз – қазақстандықтар  оның есімін басқа да 500 қазақстандық Кеңес Одағының Батыры мен 200 “Даңқ” ордені иегерлерімен  бірге қастерлейміз”, – деп атап өтті Н. Назарбаев.

Айта кетейік, Кеңес Одағының Батыры, генерал-майор Иван Панфилов ескерткішінің авторы – мүсінші Ренат Әбенов. Биіктігі 2,5 метрді құрайтын ескерткіш қоладан жасалған. Оның ортасында гүл шоқтарын қоюға арналған тақта орнатылған. Ескерткіштің шығыс бетінде Мәскеуді қорғауда ерлікпен қаза тапқан 28 жауынгер-панфиловшылардың туған, өмірден өткен жылдары және аты-жөндері көрсетіліп, табиғи граниттен жасалған естелік тақталар орнатылған. Сондай-ақ Кеңестер Одағы Батырының Алтын Жұлдыз медалі бекітілген 28 стелла жасалды. 24

5623
3

Автор: Әбу-Асқар Мекешұлы

inform.kz

Related Articles

  • Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Алаштың беймәлім бейнесі табылды

    Қуанышты, сүйінішті жаңалық! Алаштың беймәлім бейнесі табылды Арма, қадірлі оқырман! «Искры» журналдың 1907 жылғы бір санында қазақ қайраткерлерінің бізге беймәлім бейнесі сақталған. Айта кетейік, «Искры» суретті журналы 1901-1917 жылдары «Русское слово» газетінің қосымшасы ретінде шығып тұрған. “Думадағы мұсылман фракциясы” деп аталатын суретті хабарда патшалық Ресей құрамындағы мұсылман депутаттарының бейнесі көрсетілген. Ішінде думаға мүше болған қазақ депутаттары да бар. Атап айтсақ төрт тарихи тұлғаның бейнесі сақталыпты: Бірінші сурет: М. Тынышбайұлы, Жетісу облысы; Екінші сурет: Б. Қаратайұлы, Орал облысы; Үшінші сурет: А. Бірімжанұлы, Торғай облысы; Төртінші сурет: Ш. Қосшығұлұлы, Ақмола облысынан. Ұлыстың ұлы мерекесі құтты болсын! Елдес ОРДА 19.03.2025

  • Ураңхай таңбалары

    Ураңхай таңбалары

    Бұл қолжазба польяк текті орыс зерттеушісі Г.Е. Грумм-Гржимайлоның 1903 жылы Тува мен Батыс Моңғолияға жасаған экспедициясы барысында жазған күнделігінен алынды. Жазбада Ураңхай таңбалары берілген. Олардың қайдан алынғаны және атаулары жазылған. Жошы Ұлысы таңбаларымен ұқсастық байқалады Қажымұрат Төлегенұлы

  • АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    АЛДАҒЫ 30 ЖЫЛДА АШЫЛУЫ ЫҚТИМАЛ АСТРОНОМИЯЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

    Келесі миллиард секундта, яғни басқаша санағанда, отыз жылда астрономияда қандай жаңалық ашылуы мүмкін? Астрофизик, ғылым насихатшысы, Абдус Салам атындағы Халықаралық теориялық физика орталығының (Триест, Италия) зерттеушісі Сергей Поповтың мақаласын ықшамдап аударып беріп отырмыз. *** Алдымен өткен 30 жылға көз тастайық. Отыз жыл бұрын КҮНГЕ ҰҚСАС ЖҰЛДЫЗДЫ АЙНАЛАТЫН ПЛАНЕТА ашылмаған-тұғын және ӘЛЕМНІҢ ҚАЗІР ҮДЕЙ КЕҢЕЙІП бара жатқанын білмейтінбіз. Бірінші ашылымды алдын-ала болжау мүмкін еді, екіншісін — жоқ. Біріншісі экзопланеталарды іздеуге бағытталған жүйелі еңбектің нәтижесі болса, екіншісін ғалымдардың көбі күтпеген-ді. Бұларды 1960-шы жылдардан бергі екі ең басты астрономиялық жаңалық дей аламын. Демек болашақ ірі жетістіктің де кейбірін болжай аламыз, ал басқалары тосыннан ашылады. Жалпы, ғылыми ашылымдарды неліктен болжауға болады? Өйткені көптеген маңызды

  • 1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада

    1893 жылы 25 қарашада, Даниялық ғалым В.Томсен құлпытастағы бітік жазудың құпиясын ашты. Ғылыми жаңалық еуропа қоғамын дүр сілкіндіреді. Тосмен алғаш «түрік», «күлтегін», «тәңірі» деген сөздерді шешіп оқиды. Бітіктастағы жазудың келесі беті қытай иероглифімен бәдізделген-ді. Томсен иероглифтегі есімдердің реттік (қайталану) жилігіне қарап отырып келесі бетіндегі құпия таңбаларды біртіндеп сөйлете бастайды. Сол дәуірде шығыстану соның ішінде түркітану саласы жеке ғылым ретінде абройлы зерттеу нысанына айналды. В.Томсен таңбаны шешіп құпиясын ашқанымен көне түрік тілін білмеуші еді, сол себепті «бұл мәтінді оқыса Радлов оқиды» деген. Көп өтпей Радлов, Томсен шешкен таңбаның ізінше мәтін жолдарын оқыған. Сонымен жұмбақ күйде қалған тастағы бітік жазуы сөйлей бастаған… 25 қараша күні маңызды күн. Бітік жазу күні құтты болсын!

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: