|  | 

Жаңалықтар

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға ресми сапары аясында келіссөздер өтті

 

Келіссөздер барысында мемлекеттер басшылары екі жақты және көпжақты ынтымақтастықтың маңызды мәселелерін талқылады, соның ішінде аймақтық қауіпсіздік мәселелеріне, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықтың нығаюына, сауда-­экономикалық, инвестициялық, қаржы және мәдени-­гуманитарлық қарым-­қатынастың дамуына айрықша көңіл бөлінді.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Си Цзиньпин халықаралық күн тәртібіндегі негізгі жайттарға да тоқталды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары Біріккен Ұлттар ұйымы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Еуразиялық экономикалық одақ сияқты түрлі халықаралық ұйымдар мен басқа да көпжақты құрылымдар аясындағы ынтымақтастық пен үйлестірудің басты бағыттарын сөз етті.

Қазақстан Президенті Қытай төрағасының еліміздегі президенттік сайлаудан кейін Қазақстанға келген бірінші шетелдік мемлекеттің көшбасшысы болып отырғанына назар аударды.

– Осы арқылы Сіз біздің қарым-қатынастарымыздың жоғары мәртебесі мен айрықша маңызын айшықтай түсесіз. Сіз мені телефон арқылы құттықтадыңыз, жеделхат жолдадыңыз, енді, міне, келіссөздер өткізуге келдіңіз. Біз мұны жоғары бағалаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР-мен тату көршілік қарым-қатынасты жалғастыру Қазақстанның сыртқы саясатының басымдығы болып саналатынын айтты.

– Өзара іс-қимыл жасаған жылдары біз екіжақты ынтымақтастықты сапалы түрде трансформациялай алдық. Біз Қытай Халық Республикасымен ықпалдастықты тәуелсіздік жариялаған алғашқы күндерден бастадық. Содан бері үлкен жолды артқа тастап, тату көршіге айналдық, экономикалық, саяси тұрғыдан сенімді дос әрі сындарлы серіктес болдық. Бізде қарым-қатынастарымызды елдеріміздің мүддесі үшін әрі қарай дамытуға қажетті жағдайдың бар екеніне сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы екі елдің де жоспары мен нақты белгілеген жұмыстары бар екенін, ол Қазақстан-Қытай қатынастарын мүлде жаңа деңгейге шығаратынын атап өтті. Соған орай, Нұрсұлтан Назарбаев ҚХР төрағасына, сондай-ақ Қытай басшылығына серіктестікті дамытудағы қолдауы үшін алғыс білдірді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті Си Цзиньпиннің биылғы 2­3 қыркүйекте Қытайға сапармен келу және Бейжіңде өтетін Жеңістің 70 жылдық мерейтойына қатысу жөніндегі шақыруын  ризашылықпен қабыл алды.

ҚХР төрағасы  Си Цзиньпин Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы қабылдауы үшін алғыс айтып, Қазақстан Президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтады.

– Қазақстан халқы Сіздің басшылығыңызбен ұйыса түсіп, мемлекет құрылысы мен ұлттық жаңғыру ісінде жаңа, жарқын табыстарға жету үшін бірлесе күш-жігер жұмсайтынына сенімдімін, –  деді Си Цзиньпин.

Қытай төрағасы Қазақстан-Қытай стратегиялық серіктестігі соңғы жылдары қарқынды ілгерілеп келе жатқанын айтты.

– Біздің елдеріміз өңірдің дамуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету ісінде маңызды, сындарлы күшке айналды. Қытай тарапы Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға зор мән береді. Біз Қазақстан тарапымен бірлесе отырып, өзара мүдделілік бар негізгі мәселелер бойынша өзара қолдауды күшейту үшін бар күшімізді жұмылдыруға дайынбыз. Қытай қауіпсіздік саласындағы, экономикалық, гуманитарлық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық аясын жан-жақты кеңейтуге, сондай-ақ халықтарымыздың игілігі үшін өңірлік және халықаралық істердегі өзара іс-қимыл мен үйлестіру жұмысын күшейтуге ниетті, – деді Си Цзиньпин.

Ақорда баспа сөз қызметі

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: