Мұхтар Тайжан : Мен Ұлтшылмын! арғын емеспін, найманмын.
Қарасам, мені “Арғындар” деген ФБ-тобына қосыпты. Қаштым.
Біріншіден, мен арғын емеспін, найманмын. Екіншіден, ФБ-та “Наймандар” деген тобы ашылса, мені қоспаңыздар, тағы да қашам. Себебі рушылдықты жек көрем, мен ұлтшылмын. Шежіремді білем, бірақ әр қазақтың шежіресі мен үшін өзімнің секілді көренеді.
Рушыл адам ешқашан ұлтшыл бола алмайды. Ал ұлтшыл қазақ рушыл болмайды. Ұлтшыл болайық, ағайын! Әр қазақ менің жалғызым!
facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру