Қазақ туралы бір ауыз сөз жоқ.
Еврейлер мықты,ә?! Екінші дүниежүзілік соғыстың бел ортасында-ақ Лемкин деген “геноцид” терминін ойлап тауып, өз халқының фашистердың қырғынына ұшырағанын жаза бастады. Осыдан барып Америкадағы үндістердің, камбоджиялықтардың, армяндардың, тіпті, хуту деген тайпаның тутси дегендерді аямай қырғаны да адамзат тарихына геноцид деп енді. Қазақ туралы бір ауыз сөз жоқ. 31-мамыр – қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні қарсаңында осы мәселе қозғалса жөн еді. Ал біз Сталинге ескерткіш қойып, тентек қойдай шыр айналып жүрміз…
Серік Әбікеннің facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру