Көріп жүрген соң…
ҰБТ жақындап қалды.
Жұрттың әңгімесі соған ауып келеді.
Мені ойландыратын сұрақтар – Қабылеті жоқ адамға ЖОО дипломы неменеге керек? Одан да шамасы жететін мамандық алмай ма? «Менің балам кімнен кем» деген жалған намысқойлық кімге керек?
Шындыққа жүгінсек, неше дипломы болса да, ол мамандыққа қабылетсіз адам ешкімге керек емес.
ЖОО бітірген соң, әлгі бала бәрібір далада қалады. Қолдағы «диппломның буы» қара жұмысқа жібермейді. Алған мамандығы қолынан келмейді. Содан кейін өзінен басқаның бәрін кінәлаушылар армиясын толықтырады. Сонда кім ұтты?..
Кенжебай Ахметовтың facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру