|  | 

Спорт

Бейбіт Шүменов WBA рейтингінде алғашқы орынға шықты

Дүниежүзілік бокс қауымдастығы (WBA) әлем боксшыларының жаңартылған рейтингін жариялады.

Бейбіт Шүменов бір сатыға көтеріліп, бірінші ауыр салмақ дәрежесіндегілер (90,7 келіге дейін) рейтингін басқарды.

Қанат Ислам бірінші орташа салмақ санатында (69,8 келіге дейін) ТОП-15-те сегізінші сатыдан алтыншы орынға көтерілді.

Ал, Жанат Жақиянов жеңіл санатта (53,4 келіге дейін) үшінші орнын сақтап қалды.

ҚазАқпарат

Related Articles

  • “Жеңіліс ауыр тиді”. Қазақстан Еуро-2024 додасына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ әлі бір мүмкіндігі бар

    Словения-Қазақстан матчы. Любляна, 20 қараша, 2023 жыл Футболдан Қазақстан құрамасы Люблянада Словения құрамасынан 1:2 есебімен жеңіліп, 2024 жылы Германияда өтетін Еуропа чемпионатына тікелей жолдама ала алмады. Бірақ Қазақстан келесі жылы наурызда Еуро-2024 додасына лицензия алуға тағы бір рет талпынып көрмек. Словениядағы ойын қалай өтті? Қазақстан құрамасының бас бапкері жеңіліс жайлы не деді? Люблянадағы матчқа барған Азаттық тілшісінің репортажы. МАТЧ ҚАЛАЙ ӨТТІ? Ойын бастала сала Словения құрамасы шабуылға көшіп, матчтағы басымдықты өз қолына алуға тырысты. Матчтың 26-минутына дейін Словения ойыншылары Қазақстан қақпасына төрт рет қауіпті соққы жасап үлгерді. Ойынның 40-минутында қазақстандық қорғаушы Ян Вороговский Петар Стояновичті қақпа маңында шалып шығып, польшалық төреші Шимон Марчиняк Қазақстан қақпасына пенальти белгіледі. Бұл 11-метрлік пенальтиден

  • Жапон дәрігерінің кеңесі

    1. Салмағыңды ұста (жапондықтар салмақ қосуды 10,000 аурудың бастауы деп айтады) 2. Дәрігерге сенбе (дәрігерлер пен емшіліктің көпшілігі – пайда табуды көздеген бизнеске негізделген) 3. Ғылым ешнәрсені толық емдеген жоқ (ол сол уақытта ғана ауырсынуды басады, бірақ аурудың себебін емдемейді) 4. Әрдайым алдын-ала жоспарла. (備 え あ れ ば 憂 い な し «Егер дайын болсаңыз, қайғы-қасірет болмайды.» Жапон мақал-мәтелі) 5. Ауырсыну – бұл ғажап нәрсе. (ауырсынуды басатын дәрілерді қолданбауға тырысыңыз) 6. Мотивацияны құрметтей біліңіз. (бір нәрсені байқап көруге және оны жаңадан бастау үшін мотивация өте маңызды) 7. Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта біл (бар нәрсенің бәрі сенде болуы міндетті емес. Мысалы жақсы көретін адамың, ұнатқан затың, жұмыс-қызметің

  • Отандық спортшылар дәрігерлер мен әскери қызметкерлерге алғыс айтты

      Еліміздің атын әлемдік ареналарда танытып, әнұранымызды асқақтатып   жүрген спортшылар қауымы дәл қазіргі қиын кезеңде жұмыста қалып, ел үшін қызмет етіп  жатқан мамандарға шынайы ықыластарын жеткізді. “Отандастарымыздың амандығы үшін өз өмірін қауіпке тігіп жүрген ақ халатты абзал жандар мен әскери қызметкерлерге құрметімізді білдіреміз”- делінген спортшылар үндеуінде. https://www.instagram.com/p/B-wQguapjwv/?igshid=1cn1z56sxuhgy   https://www.instagram.com/tv/B_SqcxPhRMs/?igshid=1ux784e6u3xi8   https://www.instagram.com/tv/B_UOVWAJ_Sk/?igshid=uaxs4ahqajnw Айбек Нұғымаров, Елдос Сметов, Нұрбақыт Теңізбаев, Александр Винокуров, Мөлдір Мекенбаева, Дархан Нортаев сынды әлем чемпионаттарының жүлдегерлері мен олимпиада чемпиондары отандастарымызды үйде болуға және карантин уақытын тиімді пайдалануға шақырады. Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігінің бастамасымен танымал спортшылар мен спорт қайраткерлерінің қатысуымен онлайн-сабақтар, жаттығулар және дәрістері қамтылған #бізбіргеміз #алғақазақстан жобасы жүріп жатыр.  

  • Желаяқ. Қазақ марафоншысының спорт, саясат пен карантин жайлы әңгімесі

    Азаттық радиосы Марафоншы Марат Жыланбаев Невада штатында. АҚШ, 1994 жыл. 56 жастағы Марат Жыланбаевтың тағдыры таңғаларлық деректерге толы. Ол балалар үйінде тәрбиеленіп, әр жылдары ұста, суретші, кәсіпкер, депутат болып еңбек еткен. 90-жылдары жалғыз өзі Азия, Африка, Австралия мен Америкадағы ең ірі шөлдерді жүгіріп өткен. Қазір Нұр-Сұлтанда тұратын бес баланың әкесі Марат Жыланбаев қала тұрғындарына жүгіру техникасын үйретіп жүр. Азаттық тілшісі атақты марафоншымен бірге жүгіріп, онымен спорт, саясат және карантин тақырыбында әңгімелесті. Марат Жыланбаев – Гиннесс рекордтар кітабына енген әлемдік жеті рекордтың иесі. Оның кейбір рекордын әлі ешкім жаңартқан жоқ. Жыланбаев 1991 жылы жазда 15 күн ішінде қатарынан 30 марафонды сәтті аяқтап, күн сайын 84 километрден жүгірген. 1992 жылы 20 күн

  • Терроршыл Челахтың қайталанбауына кім кепіл?!

    2019 жылдың 8-21 қыркүйегінің аралығында, ресейлік Екатеринбург қаласында әуесқой бокстан кезекті әлем біріншілігі өтті. Мен осы жаһандық додаға журналис ретінде аккредитацияланған едім. Алты медаль жеңіп алған қазақ құрама командасы тағы да жер жүзіндегі жұдырықтасудың көшбасшысы екендігін дәлелдеді. Сатқын қазы-билердің зымияндығы болмаған жағдайда, Свердловск аймағы шаршы алаңындағы былғары қолғап шеберлеріміздің жетістіктері одан әрі ұлғая түсер еді. Дегенмен, 81 келіге дейін салмақ дәрежесіндегі жаңа әлем жеңімпазы, соққылары жойқын маңғыстаулық Бекзат Нұрдәулетовтың қарқынды өрлеуіне ешкім тұсау сала алмады. Әр қарсыласын есеңгіретіп жіберді жас чемпионымыз! Тіпті, аты аңызға айналған кубалық Олимпия жеңімпазы Хулио Ла Крустың өзі біздің боксшыдан ойсырата ұтылды. Бір қызығы, ширек финалындағы жеңісінен кейін Ла Крустың қолтаңбасын алдым және ақтық сындағы жеңісінен

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: