|  | 

Саясат

ҰЛЫ ҚАҒАН ЗАМАНЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІ

 Әлем тарихындағы ең iрi басшы, әрі әмiршiлердiң бiрi – Шыңғысхан тұлғасы тұралы, оның өмірі, жеңiстерi мен заңдарын осы уақытқа дейін  ғалымдар зерттеп, талай еңбектер әлі жазылып жатыр.

Тарихи оқиғалардың өзгерiстерiне орай, Шыңғыс ханды біреу мақтап, біреу даттаса да, оның есiмi, заңдары бүкіл әлем тарихында үлкен із қалдырғаны айқын.

Шыңғыс хан шамамен 40 жыл iшiнде әлемнiң үштен екi бөлiгiн бағындырып, атақты даңққа ие болған адам. Ол өзін Тәңiрiнiң жер бетiндегi көлеңкесi ретінде санап, бүкіл адамзаттың әмiршiсi ретінде білетін. Шыңғыс хан заманында түркілер зұлымдық жасауды емес, бүкіл дүние жүзіне түрк әдiлеттiлiгiн орнықтыру мақсатын қойған. Түркі тілдес халықтар туралы ғылыми деректерді қарағанда да, Шыңғысханның негізгі ойы – Тәңiрi берген мемлекет пен күш-қуат арқылы әлемде тәртiп орнату еді. Осы мақсатына орай қаған барлық әскери, құқықтықтық ойларын, бұйрықтар мен жарлықтарын Көк кітабына жазатын.

Шыңғыс хан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы – Ұлы Яса деп аталады.  Яса деген сөзі – қаулы немесе заң дегенді білдіреді. Жувейнидің айтуы бойынша, Шыңғыс ханның зандары мен қаулылары орамаларға (“тұмар”) жазылып, Ясаны терең білетін   ханзадаларда ғана сақталған.

Ұлы Яса негізгі бес топқа кіретін нормативтік-құқықтық актілерден тұратын.

1. Азаматтық тәртіпке қатысты ережелерді қамтитын Жарлық және ішкі басқару;

2. Әскери сипаттағы нормаларды қамтитын Жарлықтар;

3. Қылмыстық істерді тиятын заңы бар Жарлықтар;

4. Жеке құқық ережелерін қамтитын Жарлық;

5. Отандық сипаттағы ерекше ережелерді, дала салт-дәстүрді қамтитын Жарлықтар.

Шыңғыс хан басқару кезеніңде осы құқықтық актілердің орындалуын  қамтамасыз ететін және тіркелген құқықтарды бұзған адамдарды жауаптылыққа тартатын бірыңғай аппаратты құру негізі пайда болды. Осыған орай,  XII-XIII ғасырларда сот төрелігің құру кезеңі басталды. 1206 жылы қаған бүкіл бас Әділет «Shihihutuga» құрылуы туралы жарлық шығарған.

Шыңғыс хан кезінде орта және жоғарғы әскери лауазым иелері сот функцияларын жүзеге асыратын. Байланыс әскери, әкімшілік және сот функциялары негізінде бір типтік болды. Мысалы, кіші судьялардың мәртебесі мың адамды құрады «Centurion», жоғары сот- «он мыңдық» және соттардың үшінші сілтемесі болды.

Шыңғыс ханның өзі – Хан жарлығымен тағайындалған бас Әділет мәртебесін атқарды. Оның көмекшісі ретінде – Бас судья болатын. Қылмыс жасаған адам айрықша Өлім жазасына – Хан өлім жазасына тартылған. Шыңғысханның Жарлығына сәйкес, судьялар өлім жазасын қолдану үшін арнайы есеп жазу керек еді. Өлім жазасы қолданылған  жағдайларда тек ханның ресми қаулысынан кейін ғана орындалатын болды. Сондай-ақ, хан қаулысымен өлім жазасына кешірім жасалып, өлім жазасы жұмсақ жазаға да ауыстырылатын.

Ал, жергілікті-аумақтық сот функцияларын – жергілікті басшылар және әкімшілік-аумақтық бірлік басшылары жүзеге асыратын. Мәселен, қалада қылмыс жасалған болса, немесе қаланың мәдени-әлеуметтік тұрмысына қарсы қылмыс болса, бұндай іс қалалық сотта қарастырылды. Бірақ, қала судьялары Бас судьяға қарамауға да қақылы болған. Қала судьясы алдын ала тергеу үшін жауапты болды және іс бойынша үкім шығаратын. Күрделі істер бойынша ауылдық судьялар қала судьяларына жауапты болды және қала судьялары ауылдық істердің барлық іс жүргізуіне тексеріс жүргізуге құқылы болды.

Сол жүйесі қалыптасқан кезден бастап-ақ, судьяларға белгілі талаптар қойылатын.   Шыңғыс хан заманында  билерді судья ретінде тану үшін негізгі мынандай өлшемдер болды:

- адалдық, даналық;

 - білім, заңдарды сақтау;

 - логикалық ойлауды дамыту.

Қағанның сот кандидатурасына қойған маңызды талаптарының бірі ол – соттың адамгершілік қасиеттінің болуы. Судья болып терең ойлы дана адамдар тағайындалды.

Шынғыс ханның заманында судья тағайындалған күні келесідей ант берді: «Осы күннен бастап Мен  заңнан жалтарған және соған қатысты барлық мәселелер бойынша оған жаза сайлап, сот талқылауларын өткізіп, дауларды реттеп, тараптар тартысын салыстырып, тексеру міндетін атқарамын. Ант бұзған жағдайда, мен кез келген жазаны мойныма алуға дайынмын».

Судья тек қана заңға бағыну керек еді.

Шыңғыс хан – сот жүйесіне үлкен мән берген, сот жүйесінің адал және беделді болуын ойлаған, мемлекет саясатын нығайту жолында Заңның әділет жолы болып саналатындығына сенген тұлға. Шыңғысханның «Ұлы Ясасында» жазылған кінәсіздік қағидасы «дәлелденбеген іс иесі – кінәлі емес» бүгінгі күнде де сот атқару жүйесінің басты қағидаларының бірі болып келеді.

Адель Ешмағамбетова,

Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотының судьясы.

Abai.kz

Related Articles

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

  • «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    «Мағынасыз жұмыстан шаршадым»: қазіргі Конституцияның авторы мәлімдеме жасады

    Қазіргі Ата заңның авторларының бірі, академик Майдан Сүлейменов Конституция реформасын сынады. Ол заңның мәтінін шағын бір топ әлдеқашан жазып қойғанын, ал комиссия жай ғана мақұлдайтынын айтады. Оның сөзінше, ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары ескерілмейді. Бұл туралы академик Facebook-те жазды: Кейінгі кезде менен Конституцияны талқылап жатқанда, неге үнсіз қалғанымды жиі сұрап жатыр. Қысқа қайырсам: мағынасыз жұмыстан шаршадым. Иә, мен қазіргі Конституцияның авторларының бірімін. Талқылау кезінде екі мәселе үшін күрестім: Конституциялық сотты сақтау және Парламенттің өкілеттігін шектемеу. Бірақ екеуі де қабылданбады. Соған қарамастан, мен бұл Конституциядан ұялмаймын. Мен Назарбаев пен оның отбасының жеке билігін нығайтуға бағытталған кейінгі түзетулерден ұяламын. Назарбаевтың кезінде-ақ осы масқара түзетулердің барлығын талдап, Конституцияны жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар енгізу туралы

  • Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті.

    Арман Әлменбет Екі-үш күн уайымға салынып кеттім. Осы соңғы жазғаным болсын. Әрі қарай Құдайға тапсырып, жұмысымды істейін. 6 ақпан күнгі ойым: Бізді басқарып отырған бір топ адам үшін орыс тілі – ИВЛ аппараты іспетті. Ковид кезінде өкпесі жұмыс істемей қалған адамдарға Түркиядан ИВЛ деген аппарат әкелгені естеріңізде ме? ИВЛ болмай, қанша адам өліп қалды. Орыс тілін алып тастасақ, Мәңгілік ел мен Есіл өзенінің ортасындағы бес-алты ғимарат босап қалады. Тек орысша ойланатын адамдар жиналып ап, өздері әдемі отыр о жерде. Менің түсінігімде, орыс тілін конститциядан алып тастау үшін оған алдын ала дайындалу керек. Соңғы екі жарым жылда осыны қатты ойланып жүрмін. Ұсынайын деп едім, қызығатын адам таба алмадым. Сөйтіп «Ана тіл

  • Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Си Цзиньпиннің қытай әскери басшылығын “тазалауы” нені білдіреді?

    Рид СТЭНДИШ Ресей президенті Владимир Путин (оң жақта) елге сапармен келген қытай генералы Чжан Юсямен қол алысып тұр. 2017 жыл. Өткен аптаның аяғында Қытайдың Орталық әскери комиссиясы төрағасының орынбасары қызметінен әрі Қытай коммунистік партиясы саяси бюросының мүшелігінен босатылды. Әскери басшылықтағы мұндай жоғары шенді тұлғаның орнынан алынуы Пекиннің Тайваньға қатысты жоспарына, АҚШ-пен бәсекесіне және аймақтағы тұрақты ойыншы ретіндегі рөліне қатысты бірқатар сұрақ туғызып отыр. 24 қаңтар күні Пекин қызметтен босатылған генерал Чжан Юся (Қытай басшысы Си Цзиньпиннің көп жылдан бергі сенімді серігі болған) тергеуге алынды деп хабарлады. Тосын шешімнен кейін Си Цзиньпин әскери басшылық шыңында жалғыз өзі қалды. Қытайды зерттеуші сарапшылар мұның билік сабақтастығына елеулі салдары болады дейді. Ал Пекиннің серіктестері

  • Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Tridon Mk2 зениттік қондырғы

    Швеция мен Дания Украинаға арнап британ-швед өндірісіндегі заманауи Tridon Mk2 зениттік қондырғыларын сатып алуға бірігіп кірісті. Кешен әсіресе жақын қашықтықта ұшатын ирандық «Шахед» дрондарына қарсы ең тиімді қарудың бірі. Қазіргі уақытта Tridon Mk2 өз класындағы ең озық әуе шабуылына қарсы жүйе саналады. Tridon Mk2 зениттік қондырғысының басты ерекшелігі атыс қарқыны. Ол минутына 300 оққа дейін жаудыра алады. Осылайша әуе кеңістігіне енетін шағын дрондардың көзін жылдам әрі дәл жоюға мүмкіндік туады. Тағы бір артықшылығы атылатын 40-мм снарядтардың құны небәрі 27 долларды құрайды. Экономикалық тұрғыдан тиімді екенін дәлелдейді. Қару-жарақ саласындағы мамандар Украинадағы әскери қақтығыстарды ескере отырып, арзан әрі тиімді әуе қорғанысы қаруына сұраныс жоғары екенін айтады. Tridon Mk2 жүйесінде қолданылатын арнайы британдық

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: