МАЙЛЫҚАРА (31-мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні)
Белгілі актер, ақын Шахан Мусин ашаршылық жайлы бірнеше жыр жазып, 23 жасында итжеккенге айдалған. 18 жылын Колымадағы лагерде өткізді. Оның ең атақты, ащы өлеңі:
“Күні кеше күн күлімдеп, көл күлген,
Кең далада көмілмеген, көмілген.
Ойда-қырда өлген қазақ жемтігі,
О замана, бұл азаны кім білген?!” деп келетін “Наркомға хат”. Ал төмендегі аштықтың зобалаңын алғаш көргендегі бюірінгші жазған жыры – “Майлықара”. Семейдің Бесқарағай ауданына барғанда теңкиіп жатқан өлкітерді, құлазыған даланы көріп, осы жолдарды жазған екен.
МАЙЛЫҚАРА
Меккесі той-думанның Майлықара,
Шалқыған шыңыңды өртеп қайғы-жара.
Тал түсте тірі жанды селт еткізбей,
Қалыпсың құба жонда жеке-дара.
Бір жан жоқ жан-жағында өзің ғана,
Шын күліп, шырқай алмай қыз-бозбала.
Жалғыз-ақ жасын сүртіп жартасыңа
Зар жылап басыңда отыр байғыз ғана.
Кешегі құлпырған сән, нұрың қайда?
Бүгінгі ай ұқсамайды бұрынғы айға.
Құдайдан қызығыңды қызғанушы ем,
Торғайша жем болыпсың тұрымтайға.
Қамықпа, Майлықара, қабағынды аш.
Қаңғырған қорек іздеп аш-жалаңаш
Ұл-қызың сүйретіліп Сібір кетсе,
Асырар, бөтенсің деп аластамас.
Серік Әбікеннің facebook парақшасынан алынды


Пікір қалдыру