|  |  | 

Жаңалықтар Әлеумет

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа АШЫҚ ХАТ

Bokenderdin qiriluiКИІКТЕР ҚЫРҒЫНЫНА СЕБЕПШІ БОЛУЫ МҮМКІН «ПРОТОН» ЗЫМЫРАНЫН ҰШЫРУДЫ ТОҚТАТУДЫ ЖӘНЕ ЕЛІМІЗДЕГІ РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ӘСКЕРИ-ЖАТТЫҒУ ПОЛИГОНДАРЫН ШҰҒЫЛ ЖАБУДЫ ТАЛАП ЕТЕМІЗ.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа

АШЫҚ ХАТ

Ресми мәлімет бойынша Қостанай, Ақмола және Ақтөбе облыстарында қырылған бөкендердің саны 85 000нан асқан.
Ресми органдар бөкеннің қырылуы пастереллез ауруының салдарынан деп отыр. Алайда қырылған бөкендерден бұл аурудың белгілері байқалмайды дейді кейбір мамандар.

Сонымен бірге ауыл тұрғындары бөкендердің ғана емес, судағы бақалардың, малдың өліп жатқаны туралы хабарлауда.

Қостанай облысында ең көп киік қырылған (40 000нан аса) аумақтан ғарыш зымыраны бөлшегіне ұқсайтын шар тәріздес темір зат табылды деп хабарлайды Қостанай облыстық прокуратурасының мамандары.
Киіктер қырғынына гептилдің қатысы болуы әбден мүмкін. Осы жылдың 16-мамыры күні Байқоңырдан ұшқан ресейдің Протон зымыраны жерден көтерілген соң 500 секунттан кейін апатқа ұшырады.

Ал ҚР Ауыл шаруашылық министрлігінің ресми ақпараты бойынша 17-мамыр күні, яғни зымыран құлағанның ертесі Бетпақдаладағы “Ырғыз-торғай” табиғи резерватында алғашқы 4 киіктің өлігі табылған.

Киіктер өліміне Протонның себебі болуы мүмкін екенін Марғұлан Сейсенбаев былай түсіндіреді: «Протонның ұшу бағыты зымыранды ұшыру алаңы орналасқан Төретам бекетінен басталып, одан әрі Қоскөл бекетінің батысынан Бірәлі ауа райын зерттеу бекетін басып өтіп, Арқалық қаласының оңтүстік-шығысын басып өтіп, Ақмола облысының оңтүстік шетінен әрі қарай Қарағанды облысының солтүстігінен әрі қарай Алтай аймағына, забайкалие тағы басқа аумақты басып өтеді. GoogleMap арқылы қарасаңыздар және Бірәлі бекетін табыңыздар. Сол жерден батысқа қарай 70-80 шақырым жерде Үрпек қыстағы орналасқан. Бұл үлкен киіктер төлдейтін аумақ. Қарасаңыздар дәл сол жерде Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды және Қызылорда облыстарының шендесетінін байқайсыздар. Бұл киіктердің жаппай қырылған орталығы. Осында көп киікті «Протон» арқылы улау үшін гептилді бүкіл Қазақстан аумағына шашу қажет емес. Одан әрі троектория бойынша аздаған киік өлген Ақмола облысы жатыр».

Қарағанды облысының тұрғындарының мәлімдеуі бойынша киіктердің жаппай қырылуына Қарағанды облысы Балқаш көлінің батысы мен Бетпақдала аумағын қамтып жатқан Сарышаған әскери- жаттығу полигонында жасалған сынақтың себебі болуы мүмкін.

Осы жағдайларға қарап, 85 000 киіктің қырылуына «Протон» зымыранының құлауы немесе Ақтөбе облысында және Қарағанды облысындағы Бетпақдалада орналасқан Ресейдің әскери-жаттығу полигонының әсері болуы әбден мүмкін деп ойлаймыз.

Сол себепті, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Протон» зымыранын ұшыруды тез арада, үзілді-кесілді тоқтатуды және еліміздегі Ресей федерациясының әскери-жаттығу полигонын шұғыл жабуды талап етеміз.

«Антигептил» экологиялық азаматтық қозғалысының мүшелері және қазақстандық азаматтар…

Қадірлі ағайын, ашық хат жобасын қолдап, қол қоюларыңызды сұраймыз.

facebook тен алынды

Related Articles

  • ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    ЖАСТАР ҚАЛАСЫНДАҒЫ РУХАНИ КЕШ: АЛМАТЫ АСПАНЫ АБАЙ ӘНДЕРІМЕН КӨМКЕРІЛДІ

    Әмірболат Құсайынұлы Абай күні қарсаңында Алматы қаласында ашық аспан астындағы сахнада мыңдаған көрермендер Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы» қолдауымен түсірілген Абайдың тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихын баяндаған «Алғашқы кітап» атты деректі фильмді тамашалады, деп жазады Muztaumedia.kz. Докудрама жанрындағы бұл деректі фильм қазақтың неше ғасырлық рухани тарихындағы таң қаларлық ұлы оқиға — 1909 жылы Петербор қаласында Ильяс Бораганский баспасынан жарық көрген Абайдың тұңғыш кітабының қилы тағдырын бейнелеген. Фильм жалғыз өзі тұтас бір әлем жасап, шығармашылықпен айналысқан небәрі жиырма жылдың ішінде қазақтың тілін де, көркемдік, этикалық танымын да күрт өзгертіп, бұрын-соңды түрік жұрты жетпеген биікке көтерген Абайдың алғашқы кітабы қалай басылып шықты, Абай көзі тірісінде өзінің

  • Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады?

    Еуропа жүрегінде ашылған гештальт. Президенттің Бенилюкс гамбиті немен аяқталады? Елімізде Алматы халқы жаңа такси ашып, ал Шымкент халқы өзбек көршісімен бірге кешкі матчты тамашалайын деп отырғанда қазақ үмітін арқалаған Airbus моторын дүрілдетіп, Брюссельге ұшып кеткен болатын. Президент Тоқаев геосаяси қақтығыстар, сауда соғыстары, санкциялық қысым мен логистикалық тәуекелдер күшейіп жатқан бұл заманда Қазақстанның инвестиция үшін ең тыныш айлақ екенін тағы бір еске салу үшін бара жатқаны анық. Тура осы сапар алдында Fitch Қазақстанның ВВВ рейтингін растап, мықты аргументті қалтамызға салып жіберді. Брюссель Еуропа капиталының сөресі екенін білеміз. Сол сөреде жатқан миллиард еуро инвестицияға біз қол салғанда, бастысы ешкім “тәйт” демеуі керек. Сондықтан Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бельгия Премьер-министрі Барт де Вевермен

  • Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ.

    Zhalgas Yertay Қазақ тілінің болашағы енді демографияға тіреліп тұрған жоқ. Ол халықтың ішкі күші мен биліктің саяси еркіне қарайлап тұр Ертеректен бастайық. Баяғыда қазақтың басты проблемасы санында еді, ол рас. Қазақтар өз жерінде азшылыққа айналған-ды. Ал қалада қазақша есту қиын болатын. Мектептерде, университеттерде, мемлекеттік басқаруда, бизнесте қазақ тілі шеттетілді. Сол кезде қазақ тілінің тағдыры демографияға тәуелді еді. Бұл логика ұзақ уақыт дұрыс саналған. Бірақ бүгінгі Қазақстанға қарасақ, жағдай өзгерді. Қазақтар көпшілікке айналды. Қазақ тілін түсінетіндер мен сөйлейтіндер саны бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті. Қазақ мектебіне баратын балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазақ тілі күнделікті өмірдің негізгі тіліне айналды. Бірақ неге тіл мәселесі әлі өзекті болып тұр? Мәселе санға емес, санаға

  • Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Наурыз мерекесі құрметіне Панфилов көшесіндегі Сахнада «Ән қанатындағы Наурыз» атты дәстүрлі өнерде жүрген жас орындаушылардың ән кеші өтті.

    Бүгін Алматы қаласы әкімдігі Мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен Панфилов көшесі бойындағы сахнада Наурыз мерекесіне арналған «Ән қанатындағы Наурыз» атты жас орындаушылардың дәстүрлі ән кеші жоғары деңгейде өтті. Алматы қаласы ХХ ғасырдың 30-жылдарынан бастап ұлт мәдениетінің ұйытқысы, ордасы қызметін атқарып келеді. Дәстүрлі өнердің ірі өкілдері, зерттеушілері осы қалада тұрып, еңбек етті. Қазір де профессионалдық типтегі дәстүрлі музыканың ең ірі ошағы – Алматы. Мұнда этномузыканың белгілі қайраткерлері, дәстүрлі домбырашы, қобызшы, сыбызғышы, әнші-термешілер әзірлейтін арнаулы орта және жоғары оқу орындары, өнер ұжымдары шоғырланған. Қазақ көне музыка аспаптарының жер бетіндегі жалғыз музейі мен еліміздегі жалғыз дәстүрлі өнер театры да осында. Соңғы уақыттары Алматы қаласында дәстүрлі өнерді насихаттап жүрген жас өнерпаздардың арнайы ән кеші өтпеп еді.

  • Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Қазіргі биліктің ең үлкен қорқынышы…

    Zhalgas Yertay Конституциядан орыс тілін алып тастасақ, Ресей бізге соғыс аша ма? Билік осылай қорқыта бастады. Бірақ ол сұраққа қысқа жауап – жоқ. Себебі, Ресейге қарсы Әзірбайжан да, Армения да неше түрлі әрекетке барды, барып та жатыр, бірақ оларға қазір соғыс қаупі төніп тұрған жоқ. Бұл әдісті саяси манипуляция дейді, шын мәнінде, бұны қазіргі статус-кво жағдайын сақтап қалғысы келетін жүйенің асығыс ойлап тапқан аргументі деуге болады. Ойлап көріңізші, Ресейге біздің мемлекеттік органдар қай тілде іс-қағаз жүргізетіні емес, лоял болғанымыз керек. Ендеше, Ресей біздің лоялдығымызды сақтап қалғысы келсе, конституциядағы тіл мәселесіне қарсы болмауы керек. Себебі бұл ішкі тұрақтылық мәселесі. Дені сау елдің билігі өз көршісіне осындай қарсы аргумент айтар еді. Енді

2 Comments

  1. тлеуханова назира комекбайкызы

    салеметсиздерме.мен жалгыз басты ана едим .еки кызым бар.озим патер жалдап туратын едим.кезекке уйге турдым 2015жылы.кишкентаиым бар 7 аилык.жумыста казир жокпын.кыздарымды тастаитын жерим жок.жумысымда уймде жок.ар жерде патерде журмин.сиздерден улкен комек сураимы.кеиде нангада акша болмаи калатын кундеримде болады.кыздарым менин бакытым болашагым.оларды балалар уйне откизе алмаим.маган бир кол уштарынызды бериниздерши.алла нурын жаусын барлыктарынызга.жумыстарыныз алга бассын.

  2. Мусаева Хуриниса

    Сәлеметсіздерме. Менің балам Мусаев Зикрилла Изатиллаевич №28 Ақбай жалпы орта мектебінде директор оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді.
    10 Наурыз 2016 жылы таңертеңгі сағат 10- дар шамасында балам З.Мусаев қызмет бабында Сайрам ауданы, №28 Ақбай жалпы орта мектебінде журген кезінде, сол аталған мектепте бастауыш сыныптар бойынша директор орынбасары Д. Момынованың айдап салуымен оның куйеуі азамат Д.Наленов деген қоғамдық орында көпшілік көзінше, мектеп директорының кабинетине баса көктей кіріп, әйелі мектеп директорының орынбасары Д.Момынова арқылы баламны директор кабинетине шақыртып алып, «сенба завуч Зикир аспанды тіреп тұрсынба қай жерде өмір суріп турғаныңды білесіңбе» деп жаман сөздер мен балағаттаған. Себепсіз тиісіп, жұдырығымен баламның денесінің әр жеріне соғып, жағасынан қылқынтырып ұстап басыны бөлме қабырғасына соққан. Нәтіжесінде менің балам З. Мусаев бас ми шайкалуы жарақатын алып сол куні Аудандық аурухана жарақат бөліміне жатты. Ал Наленов Д менің балама жала жауып урмаған баламды ұрды деп 16.03.2016 жылы Сайрам аудандық орталық ауруханасының дәрігері Б. Палванов деген азаматтан, 025 үлгіде тіркеу номерінсыз, медициналық карта аштырып, сол және оң жақ иығында аяқ балтырларында соғылған жарақаттар бар деп жаздырып алыпты. Алайда оқыға болған күннен алты күннен кейін барама ауырыған адам, Д. Наленовтің істеген ісі, жауапкершіліктен құтылу үшін істеген. Кейін әне мені баламды сотқа беріп Сайрам ауданы сотында кінәлі деп шығарды. Сот шындықты ашып заң бар кім кінәлі екенін шығарады деп, сол күнге дейін күттік. Бірақ бірінші сатыдегі сотты Н.Шетенов деген судья мені баламды соттады, кейініне облысқа апеллияцияға аппелияциялық шағым жаздық шындықты ашу үшін. Бірақ облыста баламды қолдамай Д.Наленовты қолдады. Ал Д. Момынова Д. Наленовты мектепке қаншама рет айдап салып канша адамдармен ұрыс керіс істеп келеді. Сайрам ауданында ауыл әкімдері және білім бөлімі, аудан әкімшілігі жақсы біледі.Өйткені мектеп мұғалімдерін шағымын еш кім қарамайды, бұған себеп Д. Момынованың әкесі Момынов Мухтар деген кісі, абыройлы депутат екен. Момынов Мухтар сияқты абыройлы кісілер заңға емес, керсінше заң оларға бағынатын көрінеді. Біз өзбек болсақта осы жерде туылып өстік, балдарымда осы жерде туылған отанымыз «Қазақстан». Мен алты баланың анасымын балдарым осы отанның гулдеп жаснауына үлестерін қосуда. Зикрилла 12 жыл осы мектепте жұмыс істеп еш кіммен сөзге келген емес. Біз өзбектер үшін тепе теңдік болмай қалды. Бізге өзіңіз көмек беруіңізді сұранамын. Бізді еш кім тыңдамайды. Сұранарым құжаттарды мұқият танысып шығыб баламды ақтап берсеңіз. Баламның тағдыры сіздің қолыңызда. Құжаттар қоса тіркелді:

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: