31 МАМЫР-Сталин мен Голощекиннің жеті бабасын желдей көшіріп, аруағына анофема айтып, қарғыс жаудыратын күн.
Ғылымда РЕСЕНТИМЕНТ деген түсінік бар. Мұны Абай өлшеміне айналдырсақ: «…Өзімнің иттігімнен болды демей, жеңді ғой деп шайтанға болар көмек». Яғни, өз мінің мен кінәңді мойныңа алмай, өзгеге жабу деген мағынаға саяды.
Ертең Қазақияға Алла жеткірсе, 31 МАМЫР туады. Бұл баршамызға белгілі САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІ.
Дәлірек айтсақ, Сталин мен Голощекиннің жеті бабасын желдей көшіріп, аруағына анофема айтып, қарғыс жаудыратын күн. Бұл біздің тұрақты түсінігіміз бен мызғымас көзқарасымызға айналғаны қашан…
Құрметті оқырман қауым, сіздер дұрыс пайымдағандарыңыз жөн, біз бұл арада қос қандықолды ақтамаққа ешқандай да талпыныс жасап отырғанымыз жоқ. ӨЗІМІЗДІ СҮТТЕН АҚ, СУДАН ТАЗА, ӨЗГЕЛЕРДІ КІСӘПІР САНАЙТЫН сәби санамыз (инфантилизм) турасында ғана азырақ сөз шығындап отырмыз. Айталық, Кеңес одағының тұтас территориясын шарпыған қанды репрессиядан славьян тектестерді сөз қылмағанда қырғыздан 38, тәжіктен 2, өзбектен 7, АЛ ҚАЗАҚТАН 67 МЫҢ АДАМНЫҢ АЖАЛ ҚҰШУЫН НЕНДЕЙ ҚИСЫНДАРМЕН ТҮСІНДІРЕ АЛАР ЕКЕНБІЗ? Атқан Сталиндік жүйе екендігі айдай болғанымен, АТҚЫЗҒАН КІМ?
31 МАМЫР – отқа ұмсынған пәруана көбелектей тызақ қаққан ОСЫ САУАЛДАРҒА БАРША ҚАЗАҚТЫҢ ҰЯТ ПЕН ҰЖДАН АЛДЫНДА ТІК ТҰРЫП ЖАУАП БЕРЕТІН КҮНІ.
Ұлт болып ұйысқан болсақ, байыбына ендеп, ӨЗ ІШІМІЗГЕ ҮҢІЛІП, ОҚИҒАДАН ОЙ ТҮЙЕРМІЗ. Ел болудан кетіскен болсақ, ӨЗ мінімізді тағы да ӨЗГЕГЕ жабармыз. Орысты, оның ішінде Ленин мен Сталиндік жүйені тілдеп, қос көзін парлап сұңқылдағаннан шыққан қазақтың мүйізі кәні? Ойлансақ нетті…
Ықылас Олжайұлы facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру