|  | 

Жаңалықтар

ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштеріне – 17 жыл

img_842_2538_322x2321 маусым күні ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы 17 жылдығын атап өтуде. Қарулы Күштерді жетілдіру бойынша стратегиялық міндетті іске асыру мақсатында 1998 жылғы 1 маусымда Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен Әскери-әуе күштері  Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әуе қорғанысы күштері болып қайта құрылды.

Бұл – еліміздің Қарулы Күштерін қайта құру аясында жүзеге асырылды.

ӘШҚҚ мен ӘӘК бірігуімен жедел және жауынгерлік даярлықтың деңгейін көтеру мақсатында әзірленген нақты ұйымдық және әдістемелік іс-шаралар нәтижесінде экономикалық шығынсыз есептоптар мен экипаждардың жаттықтырылу және жауынгерлік әзірлік деңгейін сақталды. Бұл ретте кәсіби даярлыққа, техникада жаттығуға, оқу тренажерларын пайдалануға үлкен көңіл бөліне бастады. Мұңың барлығы шамалы материалдық шығынмен әскери мамандарды дайындауға мүмкіндік береді.

Осыны негізге ала отырып, Әуе қорғанысы күштерінің басымдық міндеттері жауынгерлік кезекшілікті атқару болып табылады. Таңның атысымен, күннің батысымен, кез келген ауа райында ұшқыштар мен зениттік-техникалық есептоптар біздің халқымыздың бейбіт, қажырлы еңбегін күзету және қорғау бойынша қойылған жауынгерлік тапсырманы орындауға әзір.

Әуе қорғанысы күштерінің басшылығымен мемелкеттің әскери қауіпсіздігін нығайту мен қорғауға, олардың құрылымын қайта қру мен оңтайландыруға бағытталған елеулі жұмыс атқарылды.

Әуе қорғанысы күштері кез келген  әуе нысаналарын, сондай-ақ зениттік-зымырандық кешендерді жоюға қабілетті әуе және жерүсті нысаналарды жоюдың заманауи құралдарымен жабдықталған. Олар: МиГ-31, МиГ-29, Су-27 және Су-30СМ ұшақтары. Аталған кешен барлық қолданылатын биіктік пен жылдамдық диапазонындағы қазіргі заманғы ұшақтарды, стратегиялық қанатты зымырандарды жоюға қабілетті.

Бүгін Әуе қорғанысы күштерінде ірі тактикалық оқу-жаттығуларда, практикалық сабақтар мен полигондарда өздерінің шеберліктерін бірнеше мәрте көрсеткен дайындалған жоғары шебер авиациялық мамандар, радиотехникалық және зениттік-зымырандық есептоптар жауынгерлік кезекшілікті атқаруда.

Бүгін Әуе қорғанысы күштерінің жеке құрамы өздерінің қажырлы еңбегімен қазақ батырларының, майдангерлердің, аталарымыз бен әкелеріміздің даңқты дәстүрін көбейтіп келе жатқанын сеніммен айтуға болады.

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Әуе қорғанысы күштері біздің тәуелсіздігіміздің 23 жылы ішінде қажетті тәжірибе жинақтағанын, еліміздің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету мүддесінде және Достастық шеңберінде өздерінің жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін жетілдіруді жалғастыруда.

ҚР ҚМ баспа сөз қызметі

Related Articles

  • Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы»

    Бұл Дағандел, Бақанас өлкесінен шыққан би Үйсінбай Жанұзақұлы хақында құрастырылып жазылған кітап. Тың толықтырылған еңбекте болыс Әлдеке Күсенұлы, Дағанделі болысының басшылары мен билерімен қатар Әбдірахман Әлімханұлы Жүнісов сынды айтулы тұлғалар жайлы әңгіме қозғалған. Олардың ел алдындағы еңбектері, билік, кесім – шешімдері, халық аузында қалған қанатты сөздері мен өмір жолдары, ата – тек шежіресі қамтылған. Сонымен қатар мұрағат деректеріндегі мәліметтер келтірілген. Кітапқа есімі енген ерлердің заманы, үзеңгілес серіктері туралы жазылған кей мақалалар, жыр –дастандар, үзінділер енген. Кітап қалың оқырман қауымға арналған. Тұрсын Жұманбай «Үйсінбай кітабы», - Жебе баспасы, Шымкент қаласы.134 бет толық нұсқасын төмендегі сілтеме арқылы оқи аласыз. Үйсінбай кітап kerey.kz

  • Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

    Thai AirAsia X Алматы – Бангкок тікелей рейстерін іске қосады: визасыз*

     Тайландтың сан қырлы дәмдерімен, бояуларымен және мәдениетімен танысыңыз — бір бағытқа 199 USD-ден басталады Алматы, 2025 жылғы 8 қыркүйек – Thai AirAsia X Алматы (Қазақстан) мен Бангкокты (Тайланд, Дон Муанг әуежайы) байланыстыратын жаңа әуе бағытының іске қосылуын қуана хабарлайды. Енді қазақстандық саяхатшылар қысқы маусымда жайлы әрі қолжетімді бағамен жылы самалға бөленген, күн шуағымен нұрланған әрі жарқын өмірімен танымал Бангкокқа ұша алады. Жаңа рейс 2025 жылғы 1 желтоқсаннан бастап аптасына төрт рет – дүйсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындалады. Ұшулар сыйымдылығы 367 жолаушыға арналған кеңфюзеляжды Airbus A330 ұшағымен жүзеге асырылады. Іске қосылуына орай Thai AirAsia X бір бағытқа 199 АҚШ долларынан басталатын арнайы промо-тарифті ұсынуда. Билеттерді 2025 жылғы 8–21 қыркүйек аралығында,

  • Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада 2025 жылғы киножобалар питчингінің жеңімпаздарымен кездесу өтті

    Астанада «Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының» Басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали 2025 жылғы питчинг сынынан сүрінбей өткен ашық конкурс жеңімпаздарымен кездесті. Іс-шара дөңгелек үстел форматында өтіп, оған Сараптамалық кеңес мүшелері мен Орталық мамандары қатысты. Жиында отандық киноиндустрия алдында тұрған басты міндеттер мен басым бағыттар талқыланды. Биылғы байқауға жалпы 444 өтінім тіркелді. Соның ішінде 16 жоба мемлекеттік қолдауға лайық деп танылды. Олардың қатарында үш дебюттік жұмыс және Тайландпен бірлескен киножоба бар. Бұл қазақстандық авторлардың халықаралық ынтымақтастыққа дайын екенін және шетелдік әріптестермен байланысын нығайтып отырғанын көрсетеді. Кездесу барысында Орталықтың басқарма төрағасы Құрманбек Жұмағали – «Сапалы фильм түсіру – басты талап. Конкурста жеңіске жеткен жоба жетекшілерінің кино өндірісінің алғашқы сатысынан бастап, экран арқылы көрерменге жету кезеңіне дейін

  • «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат»-«Реал» матчының билет бағасы белгілі болды

    «Қайрат» футбол клубы UEFA Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде өз алаңындағы матчтарға, соның ішінде «Реалға» қарсы ойынға билеттерді сату тәртібі мен мерзімдерін түсіндірді. «Қайрат» клубының ресми сайтында хабарланғандай, «Қайрат»-«Реал Мадрид» матчы үшін билеттер 23 қыркүйекте Алматы уақыты бойынша сағат 17:00-де сатылымға шығады. Бір ЖИН-ге бір адам ең көп екі билет ала алады, ал деректер сатып алу кезінде де, стадионға кіргенде де қатаң тексеріледі. Билет бағасы: 30 000 – 250 000 теңге аралығында болады. Айта кетейік, бұған дейін «Қайрат» – «Реал» матчының билеттер бағасы 75 мың мен 250 мың аралығында болатыны жарияланған еді. Алматылық клуб өз алаңында «Реалды» (30 қыркүйек), «Пафосты» (21 қазан), «Олимпиакосты» (9 желтоқсан) және «Брюггені» (21 қаңтар) қабылдайды.

  • Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды

    “Слован” командасының қақпасына гол соққаннан кейінгі сәт. Дастан Сәтпаев (сол жақта). “Қайрат” футбол клубының парақшасы. 6 тамыз 2025 жыл. Алматылық “Қайрат” пен мадридтік “Реал” 30 қыркүйекте Алматыда ойнайды. Матч кестесі турнирдің ресми сайтында жарияланды. Алматының “Қайрат” командасы чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты “Қайрат” футбол командасының мүшелері жеңісті тойлап жатыр. 26 тамыз, 2025 “Қайрат” фк Instagram парақшасынан алынған скриншот.  Футболдан Алматының “Қайрат” командасы Еуропа Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне шықты. Іріктеу кезеңінің плей-офф кезеңінде “Қайрат” Шотландияның “Селтик” командасын пенальти сериясы арқылы жеңді. Азат Еуропа / Азаттық радиосы

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: