|  | 

Тұлғалар

МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ҚАЛАМГЕРЛЕРІ

Құрғақты құрамай қаптырған дана халқымыз: «Қардың басын қар алар жауып тұрып, Ханның басын хан алар шауып тұрып», – деп жеті ықылымнан бері келе жатқан ұлттық руханиятты алғы шартқа қойып әрқашан ұлылық алдында тағзым еткен. Тағзымды ғибадатпен ғана шектеп қоймай, ой толғамдарды ұрпаққа ұмсындырған ләзім. Сондықтан әдебиет сүйер қауымға ғұмырында тұщыдан гөрі ащының татын татқан майталман қаламгерлер мен ұлттың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезовтің арасындағы алтын көпір яки жазысқан хаттары мен мақалаларын назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Ел дегенде еңіреген, бит, бүрге, қандалаға қанын берген дана халқымыз:

Дүниеден өтсе данышпан

Жүйріктермен жарысқан,

Оқитын ие болмаса,

Жазулы қалған хат жетім,-

деп тылсымды тәмсілімен табандап тұрып, төбеден сойылмен соққандай жырлай түседі. Олай болса Әуезов әлеміне бойлай түселік.

Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, филолог Мәлік Ғабдуллиннің 1950 жылы жазылған Мұхаң туралы «Қалай таныстық?» атты мақаласына көз тігелік:

«…Бір күні институтта Мұхаң мені көріп қалды да:

-Бәрекелді, жақсы кездестің ғой. Екеуіміздің сөйлесіп, келісіп алатын бір әңгімеміз бар екен. Мен соны айтпақ едім, – деді.

Мұхаң екеуміз институттың №8 аудиториясына бардық. Жайғасып отыра кеттік. Ол кезде Мұхаң қоңыр түсті былғары портфель ұстайтын және оны тастамайтын. Жаңағы арада сол портфелін ашып, ішінен бірнеше парақ машинкаға басылған қағазды суырып алды.

-Бұл қағаздар саған арналған еді. Көлемі – 8 бет

-Мақала ма өзі?

-Бұл мақала емес, тізім. Мұнда аспиранттың міндетті түрде оқитын кітаптары, мақалалары мен ауыз әдебиеті тексттері көрсетілген. Мен мұны үш бөлімнен құрастырдым. Бірінші бөлімде: ауыз әдебиеті туралы ғылыми, теориялық еңбектер, екіншісінде: дүниежүзілік ауыз әдебиетінің үлгілері; ал үшіншісінде: қазақ ауыз әдебиеті. Осында көрсетілгендерді оқып шығу, бойыңа сіңіру – ең басты міндетің. Олай етсең, білімді аспирант боласың және есіңде болсын: алдағы күнде ғылыми баяндамалар жасайтын боласың, ол үшін де мына көрсетілген еңбектерді оқып алғаның аса қажет.

-Мұха-ау, мына тізімде пәленбай шығарма көрсетіліпті. Оның әрқайсысы жүздеген бет. Бәрін жинасақ, мыңдаған бет екен. Соның бәріне уақытты қайдан табам? Бұдан басқа да сабақтарымыз бар.

-Жалқауланбасаң, кітап оқуға уақыт табуға әбден болады. Күніне жүз бет кітап оқымаған аспирантты аспирант деуге, ондайдан түбінде ғылыми қызметкер шығады деуге болмайды, осыны қатты ескергейсің.

-Жарайды, бұл ақылыңызды іске асырып көремін дегеннен басқа еш нәрсе айта алмай қалдым».[Әуезов және архив А.«Атамұра» 1997 55-б] Келесі кезекте Мұхтар Омарханұлының Батыр Бауыржан «Қазақ әдебиетінің маршалы» деп баға берген Сәбит Мұқановқа 1944 жылы 25 қыркүйекте жазған хатынан үзініділер келтірейік:

« Сәбит!

Мен сені көп тосып, келтіре де алмай, кетіп қалдым. Сөзім Крылов жайы еді. Алдыңғы күнгі заседанияның қаулысын мен өзім жазып апарып, Татаренкоға беріп кеттім.

Ол қаулыға ендігі жұмысты сен атқаратындығың жазылған.

Сырцовқа да айттым.

Ендігісін өзің қозғай бересің. Бір асығыс нәрсе – Толстой телеграммасына жауап еді. Мен оны жазып беріп ем, Сырцов бұдан толық жаз [деді], мен онымен асығыс сөйлесіп қалдым. Сол телеграмды Сырцовпен ақылдасып, толықтырып жіберерсің.

Одан басқасы әр кеңсе берген планда. Соны орындағанын бағу ғой. Хатшысы керек еді. Балақаев кетіп қалды. Мынау Татаренко деген әйел аса нагрузкасы көп кісі екен. Әрбір тапсырған ұсақ іске де жауыр аттай қисаңдап барып кетеді. Мен кейде өзіне ұрысып қалып та жүріп ем. Бірақ Сырцов әдейі бөліп шығарған кісім дейді. Сол ісін істеуі керек деді.

Егер совнарком жағында… беретін болса, өз аппаратыңды қозғайсың ғой.

Әзірше осы.

Мен кіріспе сөзді 2-3 күнде бітіріп жіберемін.

Асқар аудармасы аса жақсы екен. Бейсенбайды күнделікті кітапқа шұғылдандыра бер». [Әуезов және архив А.«Атамұра»1997 40-41б]

«Алдыңғы арба қайда барса, кейінгі арба сонда барады» деп ел аузы алтынға бергісіз астарымен ізгілікке бейіл береді. Сол ізгілік турасында «Көшпенділер» қақында қалам тербеген Ілияс Есенберлиннің 1977 жылы 23 қыркүйекте Мұхаңның рухына арнап жазған «Тұла бойы тұрған үлгі» атты мақаласына ыңғай етелік.

«Мұхтар Әуезов» дегенде, мен Мұқаңның өзім өте жақсы көретін үш қасиетіне тоқталғым келеді. Мұқаң өз халқын сүйген. Ол кісі өз халқының өткенін де, бүгінін де жақсы көрген адам…

Мұқаңның жас кезінде жаны сүйген ұшар көгі, қонар көлі болған сонау сардаласын, халқының ән-күйін, жомарт дәстүрін, қасиетті әдет-ғұрпын сүйгендігін айтамыз…

Мұқаң қатысқан сан мәжілісте бірге болып, ол кісінің қазақ халқының мәдени, әдеби өсуіне қандай жаны ашитынын көзіммен көрдім…

Елінің әдебиетін сүйгендігі соншалық, өзі үзбей қатысқан сол мәжілістерде бір рет сөйлемей, құнды пікір айтпай қалған емес…

Екінші бір қасиеті – оның творчестволық ерлігі. Мұқаң қырық жылдан астам творчестволық өмірінде көлемі жиырма томдай еңбек жазған адам…

Үшіншіден, Мұқаңның мені таңдандыратын бір қасиеті – оның творчествосының сан қырлы болып келетіні. Гауһартасқа қай қырынан қарасаң да, үнемі сәулелі, әдемі болып көрінеді ғой. Мұқаңның творчествосы да сол секілді. Оның ғылыми зерттеу еңбектері де, роман-повестері де, кино пьесалары да бірінен-бірі асып түспесе, кем түспейтін құдіретті…»[Әуезов және архив А.«Атамұра» 1997 73-74-б]

Міне, аласапыран ғасыр дегелеңінде қазақтың кәнігі қаламгерлері кеңестік кезеңнің талай қыспағында қысылып-қымтырылса да әдебиетке адалдықтарын жүректеріне тоғытты. Көп көр кеуделердің торында тоғытылды, сондай-ақ іштен шыққан жегі құрттардан ауыз күйгендігі айтпасада белгілі дүние. Ұлттық дініміз бен ділімізді небір алкеуделер тарпып кете жаздаса да берекесіне берік, ұлт қайраткерлері тарихымызды түгендеп, түгелдеп тамырымен сақтап қалуға жігерін аямағаны хақ. Мұқаң дүние салғаннан кейін геолог Қаныш Имантайұлы Сәтбаев жүректегі мұңын былайша ақтарған екен:

«…Мухтар Омарханович был человеком большого разума; он неустанно работал, трудился на ниве просвещения, образования, познания жизни.

Незаурядные способности Мухтара Омархановича поражали нас всех. Наряду с выполнением большой, напряженной работы писателя, он также успешно работал, творил как ученый. Будучи крупнейшим знатоком русской, казахской, западно-европейской и всей мировой культуры и литературы, Мухтар Омарханович всегда со свойственной ему эрудицией анализировал их, писал о них. Блестяще знал он обычаи и нравы своего народа. Как явился его знаменитый роман об Абае энциклопедией жизни казахского народа, так и он сам был среди нас живой энциклопедией»[Әуезов және архив А.«Атамұра 1997 63-б ] .

Осындай кемелділіктің сара жолын ұстанған дара тұлғаларымыздың рухы мәңгі бізбен бірге. Болашақ барда рухани мұралар аспанда сусымақ емес, керісінше уақыт өткен сайын сол жақұт қазыналардың құны артып, Алаш айбындарына әманда сара жол болмақ.

Әзімхан ИСАБЕК

Abai.kz

Related Articles

  • Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Ғалым Боқаш мерейлі 50 жаста

    Altyn Magauina Бүгін Атамыздың ең жақын шәкірттерінің бірі, біздің бауырымыз, қазақтың мақтан тұтатын жастарының бірі Ғалым Боқаш мерейлі 50 жасқа толып отыр. Біз үшін бұл күн – жай ғана Ғалымның туған күн емес, бұл – оның жарты ғасырлық өнегелі өмір жолының, адал еңбегінің, биік парасат пен адамгершілігінің мерекесі. Біз Ғалымды тек терең білімі үшін емес, үлкен жүрегі үшін қадірлейміз. Ғалымның әлемнің ең беделді оқу орындарының бірі – Оксфорд университетінде білім алып, “Азаттық радиосында жемісті еңбек етіп, бүгінде Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік қызметінде абыройлы жұмыс атқарып жүргені оның табандылығының, білімге құштарлығының және еңбекқорлығының айқын көрінісі. Алайда адамның шынайы бағасы оның қызметімен немесе жеткен жетістіктерімен ғана өлшенбесе керек. Адамның қадірі оның жүрегінде,

  • КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    КӨКБАЙ АТА ШЫҒАРМАЛАРЫ – ҚАЗАҚТЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК ӨРЕСІНІҢ АЙҒАҒЫ

    Адамның бәрі бірдей емес. Ақыл-ойы еркін, мәнді, құнды дүниелер туғыза алатын, жасампаздық қуаты зор адамдар болады. Сол сияқты өркениеттік әлеуеті (потенциалы) зор халықтар болады. Ондай қасиет өзіндік құндылықтар жүйетін жасай алатын, ешкімге ұқсамайтын, терең тамырлы руханияты бар халықтарда болады. Қазақтың бүкіл тарихы мен мәдениеті біздің сондай халықтар санатына жататынымыздың айғағы. Сондай айғақ Абайдың ақындық мектебінің көрнекті өкілі Көкбай Жанатайұлы шығармашылығында молынан табылады… Кеше Семей қаласындағы Абайдың қорық- музейінде Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған “Абайдан сабақ алдым бала жастан” атты әдеби кеш өтті. Зал белгілі абайтанушы, профессор Жандос Әубәкірдің тағылымы мол, әсерлі баяндамасын ерекше ынтамен тыңдады. Спикерді тыңдап отырып: “Біз Көкбайды тіпті білмейміз деуге болғандай екен ғой… Кейде тіпті жеңіл, үстірт

  • ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    ҒАЛЫМ БОҚАШ. «Өзіне ар тұтқан, жаттан зар тұтады!»

    Екі мыңыншы жылдардың басында қазақ руханиятында ерекше басылымдар болды. Атап айтсақ, Атырау шәрінде шыққан «Алтын Орда» газеті болса, одан кейінгісі Алматы қаласында шығып тұрған «Жас қазақ», сондай-ақ «Шетел Әдебиеті» сынды газеттер еді. «Алтын Орда» газетіне Мейірхан Ақдәулетұлы, ал қалған екеуіне Талғат Ешен мен Ардақ Нұрғазы іспетті қазақтың интеллектуал азаматтары бас редактор болған еді. Бәрі  де есімдері елге мәлім, ғажайып ақындар. Бәз біреулердің: «Журналист болмаса, ақын ешқашан жарытып газет шығара алмайды», – деген сыпсың сөздерінің ауызына құм құйып, әлгі әпербақан түсініктің аяғын көктен келтірген де осы талантты қаламгерлер болды.  «Әдебиет порталы» «УАҚЫТ ПЕН КЕҢІСТІК…» айдарымен  тек аталған осы басылымдар ғана емес, жаңа ғасырдың басында қазақ баспасөзінде жарық көрген небір жілікті жазбалар мен танымдық

  • Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Ел қорғаны – Алмат Сардар

    Сардар Алмат Тобабергенұлы – өз дәуірінде ел басқарған, беделді тұлғалардың бірі болған. Ол Ырғызда болыс қызметін атқарып, халық арасында сыйлы адам ретінде танылған. Алмат Тобабергенұлының ерлік пен елдік тоғысқан дара жолын кейін балалары Самырат пен Төремұратта жалғыстырды. Ал оның шөбересі Ғалымжан Әбдісаламов Еуропа мен Орта Азияға танымал қазақтан шыққан тұңғыш скрипкашы болған. ХІХ ғасырдың басында дүниеге келіп, сол ғасырдың соңғы он жылдығында өмірден өткен алмат Тобабергенұлы басындағы билігі мен беделін елінің игілігіне, жұртының тұрмыс-тіршілігіне арналған өз заманының айтулы тұлғаларының бірі еді.  «Аржағы да атақты ер…» Тағы бір жүз жыл әрі жылжып, ХVІІІ ғасыр тарихын парақтасақ, ол кезеңде ел басынан өткен қайғылы оқиғалар көп болғанын көреміз, «ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» халқымызды

  • 14 наурыз – Математиктер күні

    14 наурыз – Математиктер күні

    Кафедра профессоры Математиктер күніне арналған «Таңғы Studio» таңғы шоуында 15 наурыз, 2025 14 наурыз – Математиктер күніне орай «Таңғы Studio» таңғы шоуының қонағы белгілі ғалымдар: физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Қангужин Балтабек Есматұлы мен PhD-доктор Жұмабай Мәдібайұлы болды. Эфирде олар математиканың маңыздылығын, мерекенің тарихын, қазақ математиктерінің ғылымның дамуына қосқан үлесін талқылады. Профессор Балтабек Есматұлы математиканың ғылымдардың патшайымы саналатындығына тоқталды. Ол бір жағынан ғылыми білімнің шыңында тұрса, екінші жағынан басқа пәндердің дамуына негіз болатын көмекші ғылым екенін атап көрсетті. Ғалым шексіздік пен математикалық есептеулердің дәлдігін білдіретін π санының шығу тарихына да тоқталды. Доктор Жұмабай Мәдібайұлы бұл күннің 1988 жылдан бастап «π саны күні» (π – иррационал сан, шамамен 3,14142… тең) ретінде тойлана

Пікір қалдыру

Электорнды поштаңыз сыртқа жарияланбайды. Белгі қойылған өрісті толтыру міндетті *

Аты-жөні *

Email *

Сайты

Kerey.kz/Керей.кз

Біз туралы:

Тел: +7 7071039161
Email: kerey.qazaq@gmail.com

Kerey.kz тің бұрынғы нұсқасын http://old.kerey.kz тен оқи аласыздар!

KEREY.KZ

Сайт материалдарын пайдаланғанда дереккөзге сілтеме көрсету міндетті. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасы сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

Сайт санағы: