Сәкен сері
“… Арғымақ сені сақтадым,
Қос құлағың серек деп,
Азамат сені сақтадым,
Бір күніме керек деп…” дейді Ата Қазақ. Бабамыздың Бабасын бері бар осы сөз бүгін адыра қалды ма? Ебіңмен жиған Абыройды Еліңнің намысы жыртылғанда аяп қалсаң Еркектіктен садаға кет! “Дат” деп шамырқанғанда “мәу” деп үн қатқан екі ағам болды! Алла риза болсын! “Қарным ашқанға емес, қадірім қашқанға жылаймын” депті Шалдар күйінгенде. Осы әшейінде “елдің арқасы, қазақтың арқасы” деп ауыз керетін әнші ағалардың бір үн қоспағаны жатыр іште шемен боп!
@nagibakytbekov шырылдады Орда FM нен. Нағи, сен айтшы, әншілердің чатында кім қарсы боп еді, кім қолдап еді? Неге бәрі бұғып қалды, неге сонша екіжүзді бола қалды бәрі?
Қазақ түсінер, түсінбес, айтқаныма өкінбеймін, пікірімнен қайтпаймын: Астанада қазақ музыкасының Премиясы тапсырылуы тиіс! Ешқандай Арман да, басқа да қажет емес. Биыл өткізсін, келер жылы Өз Еліміздің Музыкалық Сыйлығы табысталсын!
Сәкеш, Сәкен аға, Сәкен сері – @saken_maigaziyev, жауап бергеніңізге рахмет, Қыдырәлі аға екеуіңе есті Қазақ риза! Жан-жақтан келіп жатқан қоңырауларда шек жоқ, Сіздерге Алаш Риза!!! Еркексің, Сәкен!
Қазақсың, Сәкен!
Алланың назарында жүр, Ақкөйлек Аға!
Жақсы көрем!
Алмас Алтай facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру