АЛТАЙ(Оралхан Бөкейдің 16 жасында ең алғашқы жазған өлеңі)
Жерімнің аруысың Алтай тауым,
Бауырыңда сыңсып өскен бақша-бауым.
Басыңда аппақ болып қар жатса да,
Қараймын, қызықтаймын, құмартамын.
Таулардың атасысың Шығысымда,
Мен де ел көп риза ырысыңа.
Білім ап бауырыңда жүрміз шалқып,
Ай, күнім, анашымсың, тынысымда.
Оралхан Бөкеев,
Абай атындағы орта мектептің оқушысы. Шыңғыстай селосы.
Аудандық «Еңбек туы» газеті. №98
15 ноябрь, 1959 жыл.
Азамат Қасымның facebook парақшасынан алынды
Пікір қалдыру